Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
Баға бетбақтырмай тұр
21.01.2016 11:56

Қалайлы Бисенәлиева - көпбалалы ана. Ол 1994 жылы 45 жасында 17 жылдық еңбек өтілімен зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде бір басында екі бірдей несиесі бар. Ай сайын 43 мың теңгені банктерг­е өтейді. Ал қалған 10000 теңгесі не коммуналдық қызметтің құнына, не азық-түлікке жетіп жарытпайды. Мемлекеттік жәрдемақы  артты­  дегенімен, кейуанаға  айтарлықтай  жәрдемі тиіп  жатқаны  шамалы.

- Зейнетақы, жалақы артады дегеннен-ақ саудагер­лерлің араны ашыла түседі. Жаңа жыл қарсаңы­нда базар бағасы аспандап кетті. Мереке әлдеқашан өтсе де, сөредегі баға өзгерген жоқ. Барлық­ коммуналдық қызметтер құны да қымбаттады. Оны төлемей отыра алмайсың. Тоғыз­ пайыз өсім қай жыртығымызды жамауға жетеді­? Қарашаға қайырымы жоқ өсімнің не керегі бар еді? Бағаға бақылау жасай алмайт­ын болған соң, елдің құлағын көтеріп, зейнетақыны өсіргеннен не пайда?- дейді ол.

Кейуананың балалары қайда деймісіз?.. Әрбірі өз арбасын өзі сүйреп кеткен. Мына заманда ата-анаға алақан жайып, салмақ салмай қарақан бастарын алып жүруінің өзі қарттарға үлкен қуаныш. Расында бұл картина тек Қалайлы апаның басындағы хал емес. Көп қарияның көрген күні осы.

Базар маңында кезіктірген Қалайлы апаның соңынан еріп біз де “қайнаған қазанның” ортасына түстік. Еті мен сүтін пұлдаған саудагердің де бұл қымбатшылыққа өкпесі қара қазандай. «Барлық қызмет құны қымбат. Біз де сатып алған тауар бағасына байланысты баға қоямыз. Ешкім аспаннан баға қоймайды. Оның үстіне жалақы, жәрдемақылар да өсті. Біз де елден қалмай күн көруіміз керек қой» дегенге саяды саудагерлер уәжі.

Жалпы статистикалық мәліметке сүйенсек, импорттық өнімдерден көкөніс (12,4%), машиналар мен жабдықтар (4%) құны арзандаған. Олай болса қарашаның қалтасын қаққан қымбатшылық қайдан келді? Жолақысының қымбаттауына нендей негіз бар? Ал сырттан тасымалданатын темекі құнының - 35,1, шараптың – 7,8, бояулар мен сырдың - 7,1, өсімдік майының - 5, жемістер мен жаңғақтардың   2,5 пайыз қымбаттауын түсіністікпен қабылдауға болады. Себебі доллармен есептесетін жат сенің жағдайыңмен санаспайды.

Базардағы бағаға бақылау жасап, бағамдайтын мемлекеттік мекемелердің мәліметі бір-бірімен сәйкес келмейді. Мәселен, Қызылорда облысынң статистика департаменті азық-түлік тауарларының  9,9 пайызға артқандығын ашық жарияласа, ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінен мұны байқау қиын.

Ауыл шаруашылық басқармасы қымбатшылықты бүркемелек болғанымен, базар нарқы көнбейді. Басқасын былай қойғанда, басқарма кестесінде көрсетілген күнделікті тұтынатын көкөніс құны сатылымда 15 пайызға қымбат. Түске кірмейтін төмен бағаны айтып, күнді қолмен көлегейлегеннен не пайда?.. Халық қажетін қағаздағы емес, сөредегі бағамен саудалайды.

 

 

Бес жылда баға мың құбылды. 2010 жылдан бүгінге дейін халыққа көрсетілетін қызмет пен тауарлар құны 46,5 пайызға артты.

 

Байқағандарыңыздай, бес жылда азық-түлік 38,3 есеге, азық-түлік емес тауарлар  52,7 пайызға, ақылы қызметтер 7,2 есеге өскен. Ал былтырғы жылмен салыстырғанда,  баға орта есеппен 15 пайызға жоғарылаған.

Рас бес жылда Елбасының жолдауына сай жалақы мен жәрдемақы көтерілді. Алайда бұл халықтың әл-ауқатының артуына кепілдік бола алмады. Себебі жыл сайын нарық өз заңын енгізіп отыр.

Баға өсімі тек азық-түлікте емес, шыны және қыштан жасалған өнімдерде (86,4%), жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарда (79,4%), жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдарда (68,3%) байқалады. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері, оның ішінде тоқыма бұйымдарының бағасы 52,1 пайызға артса, жиһаз және үйге қажетті заттар құны 47,6 пайызға шарықтады. ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде өткен жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,2 пайызға қысқарған. Есесіне тұтыну бағасы  16,3 пайызға артқан. Өндірушілер бағасын өсірген өнімдер ішінде фармацевтикалық өнімдер (37,4%), киім және аяқкиімдер (33,7%), тұрмыстық құралдар (28,3%), кітаптар (22,7%) мен жуу және тазалау құралдары (18%) бар.  логикалық тұрғыдан алып қарағанда, тұтынушылар саны кеміген көрінеді. Ал сұраныс қандай жағдайда азаяды? Әлбетте, әмиянда ақша түгесілгенде.

Халық тұтыну тауарларына жұмсайтын қаражатын лайықты өмір сүруіне жаратады. Табысының белгілі мөлшерін 28,4 пайыз көтерілген емхана қызметі мен дәрі-дәрмекке бөледі. кешенді демалыстарды ұйымдастыру (12,5) мен сақтандырулар (7), демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер (4,1), шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері (2,6) де қалтаны қағады.

Бағалау бойынша (stat.gov.kz) 2015 жылдың желтоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 157655 теңгені құрады. Ал ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшері биыл   21736 теңге болып бекітіліп отыр. Халық 100 мың теңге айлық алса, қымбатшылық мұртын шаппас еді. Алайда  40 мың теңге үшін табанынан тозатындарға бұл дерек күлкілі.

Жыл соңында республика бойынша жұмыссыздар саны 444 мың адамға жетті. Бұл экономикалық белсенді халық санының 5 пайызын құрайды деп көңіл жұбатады билік. Ал жоқтың жүгін кім арқаламақ?..

Ел әлеуетінің артуы сыртқы геосаяси жағдай мен мұнай бағасына бағынышты. Күн санап «қара алтын» құнының құлдырап, доллар дүркіреп тұрғанын ескерсек, әл жинауға ерте әлі. Теңгеде тұрақ болмай, базарда береке болмасы белгілі. Ал біздің биліктің қарашаны қымбатшылық қақпанынан құтқарар хәлі жоқ. Есесіне қазынаны толтыру үшін салық пен айыппұлды арттырып, жұрттан жылу жинап жатқаны.

Түйін. Еліміздің ауыл шаруашылық министрі А.Мамытбеков қажетті азық-түліктің 80 пайызы өзімізде өндіріледі деген­ еді. Алайда­ ет пен сүт өнімдерін, жұмыртқа мен жеміс-жидектің басым бөлігін сырттан тасымалдауға мәжбүрміз. Медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмектің  де 70 пайызы шетелден әкелінеді. Құрылыс та қоңсының  қолына қарайды. Ал өзгеге алақан­ жайғанның көрген күні осы. Көзір кімде болса, сол ыңғайына идіреді. Демек, өз қолымыз өз аузымызға жетпейінше, қымбатшылықтан көз ашылмайды.

Жазира  ӘШІРБЕК

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2016 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары