Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ҚАСИЕТ туған тілді тұғырға қондырады
19.07.2012 10:20

Жасыратыны жоқ, ұлтты ұлт ретінде қалып­тастырып, оның ұлттығын ұлықтап, жойылып кетпес­і үшін тегеурінді тетік – мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі зор. Осы ретте төл тіліміздің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақса­тында Қызылорда облыстық тілдерді дамыту­ басқармасы аз жұмыс атқарып жатқан жоқ. Егемен­ еліміздің ертеңгі күні жарқын болуы үшін әрбір қазақстандық ұлттық мүдде жолында еңбек етсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Тіліміздің ахуалын одан әрі жақсартып, өскелең ұрпақтың бойына отан­сүйгіштік қасиет сіңіріп, тілге деген жанашыр­лығын ояту бүгінгі міндеттердің бастысы болмақ. Тілдің қуатты қару екенін ақын М.Жұмабаевтың «Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім» деген жолдарынан аңғарсақ, ақиық ақын М.Мақатаевтың «Қасиетін сезем деп ана тілдің, Қауырсыны қалмады қанатымның» деп өрілген өлең жолдары мен Ғ.Мүсіреповтің «Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» деген айшықты теңеулері тағы да дәлелдей түскендей. Қазақ тілі - әлемдегі ең көркем, сыры көп, шеберлігі басым әсем тіл. Әр сөзінің астарында астарлы шындық, әспетті қалжың, тұнық сыр тұнып тұратыны рас.

 

Қазіргі қоғамның шеңберінде тіл мәртебесінің төмендеуіне себеп пен салдар көп. Алайда соған төтеп беріп, ұлттық құндылықтың жоғарыдан көрінуіне атсалысуымыз қажет-ақ. Жүрегі қазақ деп соққан әр азамат елге деген құрметін өзінен бастау керек. Ол үшін алдымен елдіктің белгісі, егемен­діктің тірегі саналатын туған тіліміз – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тұғырына қондыра білген жөн. Бұл орайда тілдерді оқытудың өңірлік орталығы жанынан құрылған «Шешендік өнер және тіл мәдениеті» үйірмесінің жұмыстарын айтуға болады. Мәселен, жуырда аталмыш үйірме Шиелі ауда­нындағы «Сыр ұланы» және Жаңақорған ауда­нындағы «Талдысу» жазғы тынығу лагерьлерінде толғауы­ тоқсан қызыл тілдің қыр-сырына қанығып, туған тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында «Тіл өнері дертпен тең» тақырыбында тынығушылар мен тәрбиеші-тәлімгерлердің қатысуымен ойталқы ұйымдастырып, семинар-сабақтар өткізді.

Шара барысында тынығушы балғындармен еркін пікір алысып, аталмыш бағыт бойынша өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін одан әрі асқақтату, күнделікті тұрмыста ауызекі тілде сөйлеу барысы­нда  тілімізді  шұбарламауға,  мағынасы  жоқ, мәнін де ұқпайтын лас сөздерді пайдаланбау жөнінде насихат сөздер айтылып, мысалдар кел­тірілді.

- «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» 3-бөліміндегі «Тіл мәдениетін сақтау және оны насихат­тау» бағыты бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырудамыз. Үйірме мүшелері жеткіншектерді мемлекеттік тіліміздің мәртебесін мәжбүр­леумен емес, отансүйгіштік, елжандылық рухпен қастер­леуге, оны әрқашан биік ұстауға шақырады, - дейді үйірме жетекшісі Е.Меңлібаев.

Екі күнге жоспарланған игі бастамаға 500-ден аса тыңдаушылар қолдау білдіріп, белсене қатысты­. Алдағы уақытта да үйірме мүшелері түрлі салаларда, әсіресе, жастар арасында әртүрлі бағыттағы оқу-семинарлар ұйымдастыруды жоспарла­п отыр.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2012 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары