Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
«КЕЗ КЕЛГЕН МӘСЕЛЕНІ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУГЕ БОЛАДЫ»
05.01.2012 11:41

Ержан УӘЙІС,
Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі:

Өткен жылға өкпе жоқ. Аймақтың жетекші ақпарат құралдарының өкілдерімен сұхбат құрған облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Уәйістің сөзінен қызылордалық­тардың Қоян жылын тәуір көрсеткіштермен қорытындылағанын байқауға болады.

Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бергі еншілеген табыстарымыз да қомақты. Ержа­н Үбәйдаұлы өз кезегінде Жаңаөзендегі жағдайға және алдағы сайлауға байланысты да пікірімен бөлісті.

- Ержан Үбәйдаұлы, өткен жыл еліміз үшін ең қастерлі мереке – тәуел­сіздіктің 20 жылдығымен есте қалды. Бүгінде қуатты мемлекетке айналған Қазақстанды бүкіл әлем таныды­ десек, артық айтқандық емес. Осы аралықта аймағымыздың қол  жеткізген  табыстары тура­сында  айтып  өтсеңіз.

- Тәуелсіздік жылдары Сыр өңірі толайым табыстарға қол жеткізді. 3,9 трлн. теңгенің жалпы ішкі өнімі өндірілді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 1993 жылы 900 мың теңге болса, 2010 жылы 1 млн. 236 мың теңгені құрады. Құмкөл кенішін өндірістік игерудің нәтижесінде біздің өңір аграр­лық аймақтан индустриялық-аграр­лық аймаққа айналды. Соңғы 20 жылда өнеркәсіп өндірісінің үлесі 3 пайыздан 51 пайызға өсті. 1999 жылдан бері облыс экономикасына 1 трлн. теңгеге жуық инвестиция салынды. Соңғы 10 жылда шағын кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып, 464 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Республика бойынша 19 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, соның 2,7 млн.-ы – Сыр елінің еншісінде. Кейінгі 8 жылда 73 мектеп, 19 балабақша, 69 денсаулық сақтау мекемесі салынды. Соның арқасында балабақшамен қамтылған балалар саны бірнеше есеге артты. Қатарынан екі жыл бойы ұлттық бірыңғай тестілеуден алғашқы үштіктен көрініп келемі­з. Медицина саласында атқа­рыл­ған жұмыстар да нәтижесіз емес. Оған дәлел, жалпы аурушаңдық көрсеткіші – 5,2 пайызға, ал ана өлімі мен туберкулезге шалдыққандардың үлес салмағы 2,5 есеге кеміді. Тәуел­сіздік жылдары Қызылорда өңірінің тарихында тұңғыш рет әлем, Олимпиада чемпионы тәрбиеленді. Тек өткен жылдың өзінде 100-ден астам спорт алаңдары мен кешендері салын­ды.

- Ауызсу, электр жарығы, газ – тіршілік көзі екені өзіңізге белгілі. Коммуналдық, энергетикалық, жалпы инфр­ақұрылымды дамытуға қаншалықты көңіл бөлінуде?

- Иә, сіздің айтып отырғаныңыз кезінде күрделі мәселелер қатарында болды. Мұны мемлекет басшысы бақыл­ауда ұстап, қазіргі таңда нақты шаралар қолға алынды. Халықты ауызсумен қамтамасыз ету үшін былтыр 9 млрд. теңге шамасында қаржы қаралып, облыс орталығындағы 63 шақырымдық ауызсу және кәріз жүйесі құбырларын кеңейту және қайта құру жұмыстарының бүгінгі күні 35 шақырымы бойынша жұмыс атқарылды. Тіршілік нәрін тасып ішіп отырған және ашық су көздерінен пайдаланушы Қазалы ауданының 5 және Арал ауданының 8 елді меке­нін Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосу жұмыстары аяқталуға жақын­. Сонымен бірге әрбір үйді ауызсу жүйесіне қосу жобасы әзір­ленуде. Аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамытудың үш жылдық жоспары негізінде 2011 жылы 7 ауданның орталығына 34,2 шақырымдық желі тартылып, электр тарату пунктері мен қосалқы стансалар орнатылды. Қызылорда қаласының жылу, энергия көздерін және тұрғын үй секторын ілеспе газға ауыстыру бағытында бірқатар мәселенің түйіні тарқатылды. Қала халқының 91 пайызы бүгінде көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Басқа облыстарға қарағанда, біздегі газ тұтыну құны 4 есе арзан.

- Нарықты басқару мүмкін емес­тігін білеміз. Бірақ тізгінді бос қоюға тағы болмайды. Ержан Үбәйдаұлы, азық-түлік, жанар-жағармай бағаларын тұрақтандыру бағытында қандай шаралар атқарылып жатыр?

- Базар бағасы халықтың көңіл-күйіне әсте әсер етпей қоймайды. Жергілікті атқарушы органдар оны естен шығарған емес және баға саясатын үнемі бақылауда ұстап отыр. Үлкен сұранысқа ие ұн өнімінің нарық­тағы құнын тұрақтандыру мақсатында қабылданған меморандумға сәйкес Қазақстанның астық одағы облысқа ай сайын І сортты бидай ұнының килограмын 46 теңгеден жеткізуге міндеттелді. Бүгінде бір бөлке нан орташа есеппен 37 теңгеден сатылу­да. Халықты ет өнімдерімен қамту үшін Сырдария ауданының Жетікөл елді мекеніндегі «Алиакбар ата Агро» шаруа қожалығында мал бордақылау кешені салынған-ды. Бүгінге дейін онда 150 тоннадан астам­ ет өндіріліп, ол базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылды. «Сабыр­ и К» серіктестігінің жаны­нан ашылған өсімдік майын шығаратын цехтың өнімі 220 теңгеден сау­да­лануда. Халыққа күнделікті тұтыну тауар­ларының бағасы алдағы уақытта да ауытқымағаны керек. Бұл бағытта жұмыстар күшейтіле түседі.

- Алда ел өз таңдауын жасайтын сайлау күні жақындап қалды. Сайлау барысында «демократия құндылық­тарын сақтаймыз» деп, жұрт жік-жікке бөлініп кетпес пе екен? Саяси науқаннан Сіз не күтесіз?

- Қазіргі күні дүние жүзіндегі елдер­, әлемдік қоғамдастықтар көз тігіп отырған сайлаудың ашық та жариял­ы өтуі – мемлекетіміз үшін үлкен сын. Сайлауды өткізу үшін қажетті біздің кадрлық және мате­риалдық ресурстарымыз түгел, мол тәжірибеміз бар. Бұл ретте депутаттыққа кандидаттар ежелден қаймағы қорғасындай ұйыған, бірлігі бекем қазақ қоғамының әлем аренасындағы беделі сырт көзге сын екенін естен шығармаған. Саяси науқан кезінде олардан бір-бірін даттау немесе жел сөзге ерік бере отырып, жеңіске жетуден аулақ болуын сұраймын. Себебі өмір бүгінмен шектелмейді. Күйе жағу, лақап сөз тарату – қазақы қоғамға жат әрекет екенін қаперге түйсе екен.

- Жаңаөзендегі оқиға барша қазақстандықты бейжай қалдырған жоқ. Ержан Үбәйдаұлы, бейбіт күні елдің тыныштығын бұзған оқиғаға орай өзіңіздің пікіріңізді білсек.

- Меніңше, бұл әдейі ұйымдастырылған акция емес. Әйтсе де, ондай ақпарат айтылды. Бірақ кез келген еңбек дауын, әлеуметтік қақтығысты бандиттік элементтерден бөліп қа­растыру керек. Егер адам өзге біреудің жанын қиятын болса, онда ол қылмыскер болып шыға келеді. Осы ретте­ Жаңаөзендегі оқиғаны қазақстандықтар түгел кінәлап, жапа шеккендердің отбасымен бірге қайғырды. Алда тағы да қаржы дағдарысының кезекті толқыны жақындап келеді. Өйткені соңғы екі-үш жылда дамыған елдердің өзінде жағдай шиеленісе түскен. Былтыр тамызда Лондонда осындай жағдай­ орын алып, онда да адам өлді. Ашықтан-ашық тонау, бұзақылық, автокөліктер мен ғимараттарды өртеу акцияларына Лондон тұрғындары қатысты. Ондай жағдай Грекияда қайталанды. Қаржылық дағдарыстың әлеуметтік қақтығыстарды шиеленіс­теріп жібергені сонша, бұдан ТМД-дағы тұрақтылық аралы саналатын Қазақстан да айналып өте алған жоқ. Жаңаөзенде қазір арнайы құрылған үкіметтік комиссия мән-жайды жан-жақты зерттеп жатыр. Тиісті қаржылай-материалдық көмектер көрсетілуде, қала қайтадан бұрынғы қалпына ене бастады. Жұмысынан айрылған мұнайшыларды басқа жұмысқа орналастыру шаралары қолға алынды. Орайы келгенде өз құқығымызды қор­ғау үшін қылмысқа барудың, біреу­дің ықпалымен жүрудің қажеті жоғын айтқым келеді. Кез келген мәселені бейбіт жолмен шешуге болады.

- Сұхбаттасуға уақыт бөлгеніңіз үшін  рахмет.

Сұхбатты  әзірлеген

Назерке  САНИЯЗОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2012 >
            1
2 3 4 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары