Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Оларға да оңай емес...
12.01.2017 17:53

Негізі шенділер шат-шадыман күн кешеді деп кім айтты?! Олар күні-түні елдің қамын ойлап тыным­ таппайды. Жұмсақ креслода отырып, көзінің майын­ тауысып, қалам ұстап, алақандары «тілім-тілім» боп жүр емес пе? Осының барлығы оңай дейсіздер ме? Оның үстіне жұмыс сұрап келетіндер тағы бар. Жұмыссыздар дегеннен шығады, жалпақ жұрт «жемқорл­ар неге көбейіп кетті?» деп таңғалады. Парақорлар көп емес, тек «бермесең, алмаймын» дегендер бар. Рас қой. Кінә өзімізден. «Құрғақ қасық ауыз жыртадыны» санаға сіңіріп ап, қорада­ғы қоңыр құнанды құрбан етіп, етін қазыға айналдырып, дөкейге ұсынамыз да тұрамыз. Сосын, сосын­, «ақ қағазға» орап апаратын алғысымыз тағы бар.

Енді осының барлығын жұта беру, жұта беру оңай дейсіздер ме?! Одан қалды, әр мерекеде берілетін сыйақы тағы бар. Өзіңіз ойлаңызшы, шенеуніктерге­ келетін жылқы, сый-сияпат, сыйақы, жалақы бәрі-бәрі  бір адамға «жетпейді». Неге?! Өйткені, дөкейлердің Анкара мен Анталия, Париж бен Лондонда балалары білім алады. Оларды сағынады. Сондықтан­ балаларын жиі көріп тұру үшін айына немесе аптасын­а екі-үш мәрте ұшып барып келеді. Мұның барлығы тегін дейсіз бе?! Әрине, оның теңгеге кеп тірелетіні анық. Кешіріңіздер, дөкейлер доллар ұстайды екен ғой. Айтпақшы, дәрігерлердің айтуын­ша, жиі-жиі көкке көтерілу адам ағзасына зиян. Сол үшін шенділер Германия мен Малайзияда, Жапония­ мен Үндістанда дем алып, ем-дом жиі қабылдайды. Ақ жағалылар ұшып-қонып жалғыз жүрмейді. Бәйбішесін үйіне «байлап» қойып, тоқалын қолтықтап қыр асады емес пе? «Шенділер шетелде уақытша пәтер жалдап тұрыпты» деген сыбысты естігендеріңіз бар ма? Жоқ. Себебі қос ғашықтар «мен»  деген  қонақүйлерде, өңіміз  тұрмақ түсімізге де енбейтін виллаларда тынығады. Арзан тұрмайтын­ аққайнар, шарап ішіп, бұл өмірдегі ең «жайсыз» күндерін өткізеді ғой. Жә, бұлайша суреттеуімізге де себеп бар.

– Грузияда шенеуніктердің санын 3 есе азайта отырып, жалақысын 3 есе көбейткен. Біз Ерғожин мырзамен осы мәселені талқылаған болатынбыз. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің санын 35 пайызға азайтса, әкімшілік шығындарды есептей­ отырып, еңбекақысын 2 есеге көбейтуге болады. Бұдан  басқа жағдай жасау мен мемлекеттік қызметке беки түсудің басқа мүмкіндігі жоқ. Әрине, бұл үшін тыңғылықты жұмыс жүргізу керек. Мұны біз жоба ретінде ұсынып көрмекпіз. Бұл арқылы барлығы  өткен, - деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  агенттігі төрағасының  орынбасары  Алик  Шпекбаев.

Агенттік төрағасының айтуынша, шенділердің жалақысын 2 есе көбейту жемқорлық фактілерінің алдын алмақ. Осы «қолы былғанғандардың» кесі­рінен екі жылда елімізге 48,5 млрд теңге шығын келген. Соның ішінде 1888 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған. Олардың 22-сі – республикалық  деңгейдегі лауазымды тұлғалар, 109-ы – облыс­тық деңгейдегі, 286-сы – қалалық және ауылдық деңгейдегі мамандар.

Алик Шпекбаевтың сөзіне амалсыз біз де қосыламыз. Себебі әлгіндегі дүниелердің барлығы ақ жағалыларға аздық ететін сыңайлы.

Асан  ДӘУЛЕТ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2017 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары