Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Балаңыз қандай мультфильм көреді?
19.01.2017 11:17

Бала күнімізде теледидардан орыс халқының «сказкаларын» көретінбіз. Тәрбиелік мәні зор, өнегесі мен берері де мол бұл туындылардан әлі күнге бір жалыққан емеспіз. Одан қалды «Walt Disney»-дің анимациялық туындыларын тамашалап өстік. Бертін келе өз «асханамыздан» «Алдар Көсе», «Ер Төстік», «Қошқар мен теке», «Момын мен қарақшылар», «Бауырсақ» мультфильмдерін көріп, көзайым болдық. Десек те, телеарналарымыздан жағаласып шетел­дің шорқақ, бейәдеп туындыларының толассыз көрсетілуі бүгінгі күні өзекті мәселеге айнал­ып  барады.

Балалар үшін зиянды деп танылған мультфильмдерді тоқтатуға қауқарсызбыз. Себе­бі тоқ ішектей созылған серия­лары күн ұзағына көкжәшіктен көрсетіледі. Оның үстіне ата-ана үшін баласының тып-тыныш, өзімен-өзі отырғаны олжа. Теледидардағы «туындыға» телмірген балаға «қой» демейтініміздің де себебі осыдан. Негізі таңсық дүниені тез игеретін еліктегіш баланың сана-сезімі көп жағдайда ескерусіз қалады. Енді жүре бастаған сәбиіміз «бұзық Машаға» қарап мәз, тілі былдырлап шыға бастағандары «Монстр Хайдың» кейіпкерлеріндей былапыт сөздерін қайталап айтып  жатса да бетінен қақ­пай, керісінше, қолдап, қолпаштап отырамыз.

Қазіргі таңда тұрғындар сандық жүйеге қосылған. Ал мұнда телеарналар саны жетіп артылады. Олардың қатарында «Nicke­lodeon», «Cartoon network», «2х2», «Fox kids»,  «TiJi», «Boome­rang», «Карусель», «Disney канал», «Multimania», «Детский мир», «Балапан» арналарының барлығы балаларға арналған. Көріп тұрғаныңыздай, бұлардың ішінде тек біреуі ғана отандық, қалғаны шетелдік телеарналар. Балаңызбен отырып, осы арналар ұсынатын мультфильмдерді тамашалап көрдіңіз бе? Атап айт­сақ, «Крудстар отбасы» ашық-шашық киінген ежелгі жабайылар тұрмысын, сауатсыздық пен адам ойының қараңғылығын суретт­есе, «Мен ұсқынсызбын» түрлі жаңа құрылғылардың зиянын көрсетіп, атыс-шабысқа біртабан жақын етеді. Ал «Құбыжықтар әлемі» мен «Құбыжықтар университеті» де психологияға әсері жағынан жоғарыдағылардан әсте қалыспайды. «Кунг Фу Панда» мен «Муланның» кейіп­керлері суық қарумен жауға қарсы ұмтылғанда балаңыз да жауыздықты жат қылық деп есептемейтін болады. Кішкентай қыздар сүйіп көре­тін «Перілер» мультфильмінен етегі ашық, қымталмаған, ұят­ты жерлері менмұндалап тұр­ған кейіпкерлерді көрген бүл­діршін не тәрбие алмақ? Мұны  көрген баланың көзінен нұры тайып, ұяты кетіп, әуре­тін ашып жүруі қалыпты жағдайға айналып кетуі де ғажап емес.

Әркіммен айтысып жүре­тін Спанч Боб, бірін-бірі аң­дып қалған, беймаз аңдардан құралған Мадагаскар, қашан көрсең де қуаласып жүретін Том және Джерри. Осылардың орнына, қазақтың менталите­тін көтеретін, тәрбиесі зор, кереметтеріміз – Ер Төстік, Мұңлық пен Зарлық, Құйыршық, Қошқар мен теке, Алдаркөсені көрсетсе болмас па еді?

Қ.ЖАҚСЫЛЫҚ

P.S. Әрине баланы мультфильмнен бірден тыйып тастай алмаймыз.­ Бірақ, шектеу қоя білу керек. Сіз таңдап, талғап, електен өткізгеннен кейін ғана ұрпағыңыздың назарына ұсыныңыз. Шалыс басылған қадам балаңызға кері әсерін тигізетінін естен шығармаған абзал.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2017 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары