Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
Жаһандану жалаңаштану ма?
19.01.2017 11:31

Еліміздің мәдени астанасындағы «мәде­ниет­сіз» акцияның жалынын зорға сөндіргенде­ тағы бір «біртүрлі жайттың» куәсі болдық. Бұл жолы Алматыда емес, бас қаламыз – Астанада. «Бір апам бір апамнан өткен сорақы» демекші, жұрт Алматыдағы «АДК» сауда үйіне сабыл­ғанда 5 мың теңгенің тегін тауары үшін жалаңаш­танған болатын. Ол кезде беттегі арды белге дейін түсірген-ді қатысушылар. Ал Елордада­ғы «картина» сәл өзгерек. Мұнда биік өкшелі аяқкиім мен ішкиімдегі арулар басты рөлде «ойнайды».

Тақырыпқа тұздық болып отырған Астанадағы «Хан шатыр» сауда орталығында көрме жарнамасы үшін жалаңаштану оқиғасы. Аталмыш­  сауда орнында тек ішкиіммен жүр­ген қыздар француз фотосуретшісі ұйымдастырып отырған көрмені жарнамалап жүрген болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz-тің тілшісі «Гипер Астана» көрмесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бұл анонс француз фотосуретшісінің алда өтетін бірегей көрмесіне арналған. “Мұндай шараны өткізіп отырған агенттіктің мақсаты - көрмені жарнамалау ғана емес, сондай-ақ, бұл өнер түрінің бірегей екенін көрсету. Кейбіреу­лер сынға алса, кейбіреулері қолдау көрсетіп жатыр”, - делінген хабарламада.

Жан Франсуа Розьенің «Гипер Астана» көрмесінің ашылуы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді екен. Сондай-ақ, аталмыш жобаның жұмыстары Лос-Анджелестегі Анненберг қорында, Мәскеудегі заманауи өнер музей­інде, Брюссельдегі мәдени-ботаникалық институтта, Луи Виттон, Бернар Магрез, Версаль сияқты коллекцияларда сақталады.

Сөз жоқ, фотосуретші еңбегінің нәтижесін халыққа ұсынуды қалайды. Әрине, кез келген өнер адамы үшін бұл өте жақсы жетістік. Алайда сурет көрмесіне шақыру үшін қызды жалаңаштандыру жарнаманың «төресі» болғаны ма? Жаһан мәдениетіне ілесу, әлем өнеріне сүйсіну жақсы дүние шығар. Алайда біз оның озығынан гөрі тозығына қызығатындаймыз. Онсыз да рухани дүниеміз іріп-шіріп жатқан қоғамда тәрбиеге қауіп төнгендей. Қазақтың менталитетіне мүлдем жат көріністі әлеуметтік желі арқылы біршама азаматтар көрді.

- Міне, Астананың супермаркетінде жар­тылай жалаңаш жүрген біздің қыздар бұлар. Осылар­ға ұлттық намыс пен тәрбиені ұғын­дырып көріңізші, - деп қынжылады Серік Жанболат есімді қолданушы.

Суреттен көргеніміздей, үстінде ішкиімінен өзге киімі жоқ бойжеткендердің денесіне әртүрлі суреттер салынған. Құдды майлы бояу­мен салынған­ әсем портретті әкеліп, арулардың денесіне­ қондыра салғандай. Жалаңаш денес­іне. Көрген жұртқа дене мүсіні айқын аңғарылып тұрған қыздар осылайша француз фотосурет­шісінің көрмесін жарнамалады. Жарнаманың нәтижесі қандай? Енді Бейбіт­шілік және келісім сарайында өтетін бұл көр­меге келушілер қатары көбейді ме екен? Сіз қалай ойлайсыз?

ТОЛҚЫН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2017 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары