Өзекті мәселелер

  • 21.06.18

    Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

    Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақты...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алм...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

    Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

    ...
    Толығырақ...
  • 21.06.18

    «Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сын...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбат...

    Толығырақ...
ҚАЗАҚ, ҚАЛА, ҚАЗАҚ ТІЛІ және ОЛАРДЫҢ ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ
19.01.2017 12:19

Біз алыстағы қазақ ауылында тұрдық, сонда оқыдық. Заманымыз әйтеуір тыныш болды, Аллаға шүкір, әкелеріміз көрген зұлматтар бізді айналып өтті. Көзімізді ашқанда көргеніміз кітап беттерінде қабаттаса салынған Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Ленин, Сталин суреттері еді. Оларды құдайдан кем көрмеуші едік, құдайдың өзі кешірсін. Артынша «осы кездегі ұрпақ коммунизм тұсында өмір сүреді» деген қуанышты қағиданы алып Хрущев келді. Жоғарыдағы төртеудің соңғысы аластатылды. Ал біздің жүрегімізде құдайдай көрінетіндердің де қателесуі мүмкін екен, деген алғашқы күмән да пайда бола бастады.

Алдындағылар айтқан «коммунизм елесі» Европаны емес, біздің ауылды аралап жүргендей. Жұмыстың бәрі кнопкамен автоматты түрде басқарылады екен, басып қалсаң алдыңа тамақ келеді, дүкендегі затты керегіңше тегін алады екенсің, не ішем, не жеймін демейді екенсің. Сексеуіл мен құмның ортасында отырған ауылда тұрсақ та, сол керемет өзгерістер СССР деп аталатын алып мемлекеттің жоғарғы бір жағында жүріп жатқандай.

Күнделікті хат, газет-журналдарды таратып тұратын пошташ­ы Әлішер шалды бар бала үзіліс кезінде айнала қоршап, тиісті поштамызды жамырай сұрап алып жатамыз. Әлішер шал кімнің қай үйдің балас­ы екенін, кімнің қандай газет, журнал алатынын жатқа біледі. Ауыл аралап хат тарат­қанша бар шаруасын мектеп алдын­да-ақ бітіреді. Біздің асыға күтетініміз – «Білім және еңбек» журналы. Онда неше түрлі таң­ғажайып жайлар туралы қызғы­лықты жазылады. Ғылыми фантастика дейсің бе, физика жетіс­тіктері дейсің бе, қызықты мате­матика,  космонавтика ... барлығы да бар. Шіркін-ай, сол ғылымды игерер ме еді, техника­ ғажайыптарын өз көзімізбен көріп, қолымызбен жасасақ қой, деп бала көңіл алып ұшады.

Газет-журналдардың бет­терінде бұйра бас, таңқы танау, қараторы жігіт пен қыздың жер шары тұсында бұғауды быт-шыт етіп үзіп тұрған суреттерін көріп, міне, Африка халықтары егемендігін енді алып жатыр, импе­риализм жер бетінен жақында жойылады деп мақтанатын едік. Сонда өзіміздің де отар ел екеніміз  ойымызға  да келмепті-ау! Онан отыз шақты жыл өт­кеннен кейін ғана біздің қолымыз егемендікке жетті!

Біздің ел – дүниеде бірінші болып космосты игерген ел! Біздің мемлекетке дүниеде ешбір ел тең келе алмайды! Осыны ойлағ­анда көкірегіміз аяққаптай, керзі етігімізбен балшықты былшылдата басып, өзімізге патша­ сарайындай болып көрі­нетін тоқал мектебімізге асыға жетеміз. «Ағай, мен айтайын, апай, мен айтайын» деп шуылдап, бұйырған 4 пен 5-ті алып үйге қайтамыз. Космосты бағындырған елде тұрғанымызбен ауылымызда әлі электр жарығы жоқ. Оған пысқырмаймыз да. Кешке жақын­ ауыл балалар­ының басты міндеті – малға шөп салу, суару, отын бұтап үйге кіргізу, керосин шамға май құю, «сәкәлә» деп аталатын шынысын сүрту, білтесін қиып шам жағу. Осыларды істей жүріп әлсін-әлсін мойын созып «клуб» деп аталатын ғимаратсымақтың үстінен жанатын шамға қараймыз. Ол жанды дегенше бүкіл ауыл болып киноға жиналамыз. Движок деп аталаты­н шағын электростанция – киноме­ханик Пәтте ағайдың, кейінірек Аманкелдінің басты құралы, от ала қойса, 10-12 табақтан тұратын кино біздің меншігімізде. Жалғыз аппаратпен қойылатын кино – біз үшін таңғажайып дүниелердің есігін ашатын сиқырлы сандық. Ертеңіне ішіміздегі кино айтқыштар «бірінші табақ осымен бітті, екінші табақ былай басталды» деп тұрып, киноға бара алмағандарға жыр қылып айтып тұрғаны.

Бала көңілмен аулымызда электр жарығы­ның, судың, жолдың, тағы да басқа­ жоқтарды елемейтін едік, олар болуға тиіс жерлерде бар, демек кейін бізде де болады, өйткені біз шалғайда тұрамыз ғой!

Обалы не керек, мұғалімдеріміз мықты болды. Көпшілігі ер мұғалімдер, ішінде соғыс­қа қатысқан мүгедектері де бар, ашула­нғанда қып-қызыл боп кететін, контузия алып, қандары бұзылған екенін біз қайдан білейік. Сондай жағдайда оқысақ та физика, математика пәндерін жақсы оқуға тырыстық. Торғаев Ыдырысхан ағай сол кезде орта білімді екен, пединститутта сырттан оқыса да, бізге факультатив сабақ өткізіп, жоғары математикадан біршама хабардар етті. Кейін Ресейде, жоғары оқу орнында оқып жүріп, сол кісі үйреткен жоғары математиканың іске жарағанына, тіпті үлкен қалаларда орта мектеп бітірген орыс балаларынан артық болмаса кем білмейтіндігіме өзім таңғалып, мұғалімдері­мізге қатты риза болдым.

Жоғары оқу орнына түсу деген – бір арман. Заманымыз техника заманы болады­ деген соң техникалық жоғары оқу орнын­а түсуге талаптандық. Совхоздан жолдама алсаң конкурссыз түсесің, тек «құлап» қалмас­аң болды. Бірақ ол жолдамасы құрғыр­ ауылда жоқ. Бар болған күнде де тек ауыл шаруашылығы институтына, немесе халық шаруашылығы институтына беріледі. Оны алу да оңай емес, жең ұшымен жалғасып ала алатындар ғана ала­ды­, оны кім алғанын ешкім біле де алмай­ды.

Техникалық жоғары оқу орнын бітірмегендер Алматы сияқты үлкен қалаларда қала алмайды. Ал зоотехник немесе мал дәрігері онда не істесін. Екі жылға жолдама алып алыстағы ауылдарға кетіп жат­қаны. Ондайлар ауылымызға келіп қызмет жасап, кейбіреулері үйленіп, үйренісіп, қалып та жататын. Бірақ ауылымызға орыс немесе басқа ұлттың балалары жолдамамен келгенін көрген емеспін. Олар сол ауылшаруашылық жоғары оқу орнында оқымайды емес, оқиды. Бірақ ғылыми зерт­теу, жобалау және де басқа орындарда қалып қояды екен.

Малдәрігерлікті бітіріп Алматыда қал­ған бір қазақ жігітін кездестірдім. Мамандығымен жұмыс таба алмай, амалсыз Алмат­ы үй құрылысы комбинатына қатардағы бетоншы-жұмысшы болып кіріп, әзер дегенде пәтер алып, зейнетке шыққанша сол қалпы, күректен басқа құрал ұстамаған.

Қазақ жастарының сүйіп айтатын екі әні  бар,  бірі – «Аттандық  сапарға»,  екін­шісі – «Сағындым Алматымды». Алматы­  өзіміздің астанамыз бола тұра онда тұрақтап қала алмаған институт бітірген түлектер «аттандық сапарға» деп ән салып, біреуі ауылына, екінші біреулері жолдамамен қиырдағы ауылдарға аттанып кете барады­. Біраз жыл ауылда қызмет істеп, бала­лы­-шағалы болған шағында баяғы студент­тік кезді аңсап, демалыс алып Ал­ма­тыға келед­і. Сол кездегі Алматыны сағын­у гимні­не айналған «Сағындым Алматымды» әні осыдан туындаған болса керек.

Алматыда туыстары жоқ екендігі белгілі, баяғы жатақханада басқа студенттер тұрады. Амал жоқ «орын жоқ» деген тақтайшаның арғы жағында отырған администра­торға бірдеңе беріп, мейманханаға орна­ласады. Рестораннан ауқат ішіп, біраз қыдырыстап, сыраға тойған бірнеше күн­нен соң қалтасы жұқарып, Алматысы құрысын, мұндағылар қалай күн көріп жүр деп, ескерткішке түскен суреттерін алып ауылына қайтады.

Қазақты жоспарлы түрде Алматыға жолатпа­ған деген сөз де бар, анығын кім білген. Оған жергілікті жердегі газеттеріміз де өз үлесін қосты: «пәленшенің баласы өз ауылының шаруашылығын көтерудің орны­на Алматының тас көшесінде қалып кетіпті» деген мақалаларды талай көрдік. Саясаттың күштілігі сонша, өзіміз де «онысы­  несі екен», деп таңданатынбыз.

Ал енді сол саясат өзгерді ме?

Өзгере қоймаған сияқты.

Өздері Алматыға, Астанаға келіп алып, ал қалған қазақтар ауылда қала берсін дейті­ндер көп сияқты. Мұны біліп істей ме, әлде сол баяғы саясаттың салқыны ма, оны түсінбедім.

Осыдан бірнеше жыл бұрын бір теле­хабарда Дулат Исабеков ағамыздың өзі «ауыл – қазақтың алтын бесігі, қазақ ауылда­ болмаса, барлығынан айырыламыз»  деп шарт-пұрт ашуланып отыр.

Ойбай-ау, сонда қалада салынып жатқа­н зәулім үйлер, мектеп, балабақша, жолдар мен мәдени мекемелер кім үшін салы­нып жатыр?! Онан да «қалада өскен, орысша оқыған қазақ қазақ тілінің көсеге­сін көгертпейді, қалаға кел қазақ, қазақшаңды  ала кел» демей ме? Жаһандану келе жатыр, ақпараттық технология заманы келе жатыр, деп жар салудамыз. Сонда қазақ оларды Сарыарқаның жонында, түйенің қомында, қойдың соңында жүріп қарсы алуы керек пе?

Жиған-тергенін алаяқ біреулердің қалтасы­на салып, бір жапырақ жалған қағаз арқылы Алматының бір шетінен баспан­а салып, әйтеуір қалалық болдық-ау деп отырған қазағымыздың үйін бульдозермен сүреміз. Базарда арба тасып қор болып жүргенше ауылыңа бармайсың ба, деп баспасөз беттерінде кінәлаймыз. Сол арба сүйреткен жігіттің ертең үлкен бизнес­мен болмасына кім кепіл? Өзі болмаса да ертең ұл-қыздары қала қазағының ірге­тасы болмай ма? Қалаға келген қазақтың міндетті түрде өз тілін ұмытып, орысшалап кетуі шарт па? Қазақты қақпайлап ауылға итере берсек, қалада қазақ аз болса, әрине орыстанады.

«Дипломмен ауылға» деген бағдарлама да қабылданды. Ал енді осы бағдарлама аясында орыстардың демей-ақ қояйын, басқа ұлттардың қанша баласы ауылға барды­ екен? Осының есебін білетін адам бар  ма?

Елбасымыздың өзі бір сөзінде «ауыл, ауыл дей берудің қанша қажеті бар, өркениетті елдерде халықтың аз ғана бөлігі ауылдарда тұрады, бізде де солай болуы қажет» деген болатын. Бірақ оған құлақ асқан адам бола қоймады. Басы депутаттар­  болып бәрібір сол қазақты ауылға шақыру толастар емес. Ауылға адамдарды емес инвес­тицияларды тарту керек. Ауыл шаруа­шылығына алдыңғы қатарлы техника­ мен технологияларды енгізіп, оған қажетті мамандар тартылса, қалған халық өзі-ақ іріктеліп, артығы қалаға өндіріс немесе қызмет көрсету салаларына барар еді.

Қазақты ауылға шақырушылардың ойын­ша ауыл сол баяғыдағыдай, қойы қоздап, ботасы боздап, киіз үйді тігіп тастап, айран-шалабын ішіп жататын ауыл сияқты­ болып елестейді ғой деймін. Шын мәнісінде ауыл қазір бұрынғы ауыл емес, бір күн қонақ құт, екі күн қонақ жұт демекші, екін­ші күні ала көзбен қараса таңдана қоймаңыз. Ағайынды көрші отырғандардың өзі біріне-бірі құрт-майын сатып беретін халге жеткен. Енді қайтсін, нарықтық заман елге де жеткен, базарға келіп арбаны бекер сүйреп жүр дейсің бе? Ал, ауыл балаларының бұзықтығы қала балаларынан екі есе асып түседі, арақ ішу, нашақорлық әдеттегі  жағдай.

Жоғарыда айтқандай, алыстағы ауылда туып өстік, ауылымызда бір ғана орыс ұлтының өкілі болды. Ол бізге орыс тілінен сабақ берген Щитова Зоя Степановна деген­  апайымыз болатын, оның өзі арасында қазақша сөйлеп қоятын. Алғашқы күйеуі Әбен ертерек қайтыс болып, әмеңгерлік салтымен қайнысы Шәбенге тиіп, екі ағайынды адамның шаңырағын түтетіп, бірнеше балалы-шағалы болып отырған жан. Қазір қартайған, естуімізше намаз оқитын көрінеді. Сол апайымыз үйреткен орыс тілінің өзімен Ресейде де оқыдық, алғашы­нда қиналғанмен кейін төселіп кеттік. Қазір, құдайға шүкір, орысшаны бір орысқа үйрететін шамам бар. Мұны айтып отырған себебім орысша оқымасақ та ешкімн­ен кем емеспіз, көштен қалып қойған­  жоқпыз, тек талпыныс пен жігер болса  болғаны.

Қазақ халқы – жаңалықты тез қабылдайтын, еліктегіш халық. Нені де болса да тез үйреніп алады. Бұрын ойлаушы едік, орыс техникаға, өзбек егіншілік пен сауда­ға, кәріс егіншілікке, еврей шаштаразшы мен етікші, майда саудаға бейім, ал қазақ байғұс жалқау, тек мал бағу ғана қолынан келетін шығар деп. Қазір ол түсінігім түбегейлі өзгерді. Ә дегеннен-ақ қазақ сауда жасауды үйренді, қазір ол жөнінде ешкімнен кем емес. Құрылыста, өндірісте жүр­гендердің дені - қазақтар. Екі ұлттың бірінің қолы жете бермейтін ғарышты да үш қазақ тізгіндеді. Енді ешкім қазақты артта қалған­, жалқау, мешеу халық деп айта алмайды. Осыны тек басқа Еуропа, Америка жұрт­тарының тоқырап қалған санасына жеткізу­ қалды. Жұрт біреудің жаман жағын көргіш, әйтпесе кейіпкерлерінің түрі де, түсірілген жері де қазақ рухына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын «Борат» фильмін барлығы да қабылдай қойыпты. Оған ренжи қоюдың қажеті де жоқ сияқты. Неге десеңіз, оған тапсырыс берген адамның да, түсірген адамның да, оны көріп күлген адамдардың да өрістері тар, қай жердің топырағы қандай, адамдарының түр сипаты қандай болатынынан мақұрым, топас екендігін өздері-ақ дәлелдеп отыр емес пе?

Елбасымыз қазір үштілділік туралы бағы­т-бағдар сілтеп отыр. Мектептер де келе­шекте үш тілде оқытатын болды. Менің кәміл сенетінім, қиын да болса қазақ мектебінде оқитын балалар үш тілді шамасына қарай, толық болмаса да, меңгеруге тырысады. Сенбейтінім, арагідік біреулері болмаса орыс мектебіндегілер қазақ тілін меңгерер ме екен, меңгеруге құлқы бола қояр ма екен деген күдік. Өйткені қазақ тілін менсінбеушілік бар, басқаларды қойған­да  өз қазағымызда.

Бір кездері жұмыс бабында аспирант жігіттермен бір жатақханада тұруға тура келді. Дені орыс мектебін бітірген қазақ жігіттері. Кешке жақын теледидар көруге жиналамыз. Теледидардың тізгінін қолына­ ұстаған жігітіміз қызық бағдарлама іздеп, арналарды ауыстыра бастайды. Арасында «Тамаша», «Қымызхана», қазақша небір қызық бағдарламалар, концерттер болып жатса да оларға аялдамайды, іздейтіндері орысша бағдарлама. Қазақша бағдарлама оларға қытайшамен бірдей. Кейбір бағдарламаларда алқа-қотан отырып алып қазақшаны олай енгізу керек, бұлай енгізу керек­ деп ғалымы бар, депутаты бар, өзара қызылкеңірдек болып жатады. Ол бағдарламаларды көріп тыңдайтындар мен сияқты­ қазақ тілді қазақтар. Бізді қазақ тіліне үгіттеудің қажеті бар ма? Орысша оқыған, қазақ тіліндегі бағдарламаларды көрмейтін қазақ қазақ тілінің осындай пробле­масы бар екенін біле ме екен десеңізш­і? Ал орыс тіліндегі бағдарлама­ларда сіз қазақ тілін үйрене қойыңыз деп біреуі  ауыз  ашпайды.

Кейде саябақта отырып ағарған шашын келте қиған, қисайған аяғын шалбары да жасыра алмаған қазақ кемпірін көремін. Немересіне «не трогай, руки испачкаешь» деп отырады. Байғұс-ай деймін аяп, тамырынан үзіліп, ыдысқа жеке отырғызылып, көлеңкеде өскен шөп сықылды болып елес­тейді. Өмір бақи орыс арасында бол­ғанымен орыс бола алмады, өлгенде қайда, қалай жерленер екен, балалары да өзі сияқты­ қазақтықтан, қазақшылықтан мақұры­м шығар. Біз үшін бұл - үлкен трагед­ия. Оған оның еш кінәсі жоқ, өз жерімі­зде өзіміз азшылы­ққа ұшыраған тағды­рымыз кінәлі деп есептеймін. Әйтпесе бұл кемпір ақ жау­лығын тартып, қазақи салиқалы­ сөз айтып, келіндерін жұмсап, немерелер­інің маңдайынан сипап, төрде отырма­с па еді.

Бірде мынадай жағдай болды. Үлкен құрылыс мекемесінде жұмыс істейміз. Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы болып­ 75 жастағы орыс кемпірі тағайын­далды­. Таныса келе, өмір бақи осы қалада оқып, жұмыс істеген, орталықта үш бөлмелі пәтері бар, үйленген жалғыз ұлының да үш бөлмелі пәтері бар екендігін білдік. Пысық, ширақ, жобалау мекемелерінде істеген, бірақ біздің өндірістен білетіні шамалы. Өзі қатарлы зейнеткер кемпірлермен бірігіп, әкімшілікті жағалап жүріп ағылшын тілін үйрететін тегін курс аштырған, басшылар­ға айтып түске дейін екі сағатқа мұрсат алған, соған барып келеді. Бөлімде отыратын екі қазақпыз, өз ісімізді білеміз. Бізге бөлім бас­тығының бар-жоғы бірдей. Таңға­латыны­мыз, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде тұрып оған ағылшын тілінің не керегі бар? Әрине, тіл білуге құштарлығы құптарлық, бірақ...

Бір күні Нұржан әріптесім екеуіміз қазақша бір жайды айтып күлдік. Сөйтсек кемпіріміз «говорите по русски» демесі бар ма? Нұржан да шырт етіп, «Англия далеко, а мы рядом, научитесь говорить по казахски» деп қатырды. Кемпірдің ауызына құм құйылды. Реті келгенде бұл сөз орысқа айтылды, негізінде алдымен орыс тілді қазаққа айтылатын сөз еді. Қазақшаны қазақ менсінбегенде орысқа не жорық!

Жақаш  ЖҮНІСОВ,

Алматы  қаласы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2017 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары