Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Қоғамның тыртығы
26.01.2017 11:01

«Тұманшы деген елде ертеде Төлек атты батыр болыпты. Қазақ-қалмақ арасындағы бір қақтығыста қазақ жағы жеңіліске­ ұшырап, Төлек батыр артына ұлын мінгестіріп келе жатса, «ағатай, бізді қалдырма?», - деп Есенбай, Құлтан деген інілері алдынан шығыпт­ы. Соңынан дұшпаны өкшелеп, алдынан екі інісі шырқыраған  Төлек  батыр:

Көзімнен аққан қанды жас,

Атаңды күнде жау қумас,

Әйелдің ұлы аттан түс,

Құдайым ұлсыз қалдырмас,

Емшектес болған қос бауыр

Төлекке қайтып табылмас, -

деп баласын жауға қалдырып, екі інісін құтқарып қалған екен.

Шамасы, «Атасы басқа аттан түс, атасы бір артыма мін» деген мәтелдің туындауына осы оқиға өзек болса керек-ті.

Қазіргі қоғамды бір адам деп алып қарайтын болсақ, оған дім­кәстігі бар деген диагноз қойған болар едік. Неге? Жаңа ақпараттық технологиялардың жетіліп, адамның ой-өрісінің дамып, Айдың ауылының өзін әрі көр­мейтін, ғылым-білімнің биікке көтерілген кезі емес пе?! Есесіне әлемнің бет-әлпеті жасарған сайын­  ондағы рухани құндылықтар қартайып, адамдар арасындағы ізгі қарым-қатынастар күзгі жапырақтардай сола бастады. Өзге жандарды былай қойғанда, адамдар балалық шағының куәгерлері туған бауырларына да ет жүрегі елжіреп, бауыры езіліп тұрмайды. Құлтемірі (робот) бар қоғамның мүшелері де жаймендеп соның кейпіне еніп келеді. Сезімдер сәл суалып, бауырмашылдық қасиет «қуарды». Есепке құрыл­ған нарықтық заман өзінің заңын енгізбей қоймады. «Кім, не бере­ді», соған қарай жақындаса түсе­сің. Бірақ бұл әділеттілікке жата ма? Мынаның маған көк тиындық пайдасы жоқ деп өзіңнің жұпыны бауырыңды көкірегінен итеруге бола ма? Не болмаса, өмірімді соңы­на дейін сүйген жарыммен өткіземін, «бірге туған болса да, бірге өлмек жоқ екен» деген ұранмен­ қатыныңның қабақ шытқа­нына бола, бір емшекті емген­ жақының­ды жаттай көру қаншалықты  адамшылыққа  тән?

Жарайды, бүгінгі қызығыңыз – балаңыз, қасыңыздағы жұбайыңыз, одан қалды, дос-жарандарыңыз. Алдамшы уақыт алдыңызға жұмыс  деген жүкпен сізді жалшы етіп қойған, сондықтан қазір сізге бауырыңыз аса қажет емес. Алайда уақытыңыз таяп, таяқ ұстайтын шаққа жетесіз. Жалшылықтан құтыларсыз, баршылықпен қол ұстасып, немерелеріңіз бетіңізден сүйіп, дәулет жинағаныңызға алғысы­н айтар. Бірақ бұл сәт  – сіздің аяқталуға жақын қалған өмір  құмарыңыздың қаттылығынан қалып, жұмсара бастайтын шағы. Сіз бауырыңызды аңсап, бала күнді бірге еске алғыңыз келед­і. Бірақ бұл кезде тым кеш болып қалуы да ғажап емес. Өткен күндермен қарама-қайшылық, сізді жайшылықта жатқызбайды. Сондықтан өз жан дүниеңіз жалаңаштанатын қарт­тық кезді осы сәттен қаперде ұстаған жөн.

Жастары жер ортасына келген екі ағайынды азаматты біле­мін. Қазір қаланың тұрғындары болғанымен, ауылдың тумалары. Біреуі саудамен айналысады, ақшаны қолында шытырлатып санап жатқанына қарап, оның қолы емес, сенің көзің талады. Екіншісі – бар өмірін ғылым жолымен байланыстырған азамат. Жағдайлары қысқа бір жылқыны соғымға сатып алып, жылы үйде тіс шұқып отырып, емін-еркін әңгіме айтуға жетеді. Бірақ екеулерінің амандасқанына, сау­лық сұрасқанына қарасаң, қарның ашады. Жанұялары аралас-құралас емес. Десе де олар саудадағы серіктестерімен, ой бөлісетін ықпалды азаматтармен, өздерінің күні түсетін адамдармен салқын қарым-қатынас орнатпайды. Қысқасы, қазіргі мейірім мен махаббаттың да бір ұшында ақша тұрады.

Жоғарыда бауырмалдық қасиетке үндейтін мысал кел­тір­дік. Дәл ондай кейіпкерлерді қазір іздеп жүріп таппайсың. Өйткені біз бауырынан бұрын, бастығының халін сұрайтын қоғамда өмір сүреміз.

ПЕРИЗАТ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2017 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары