Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Әдеп бақыланады, ал әдепсіздікті кім бақылайды?
02.03.2017 10:45

«Әдепті адам байқап сөйлейді,

Әдепсіз адам шайқап сөйлейді».

(Халық мақалы)

Әдеп, әдептілік – адамдар  арасындағы  қызметтегі, қоғамдық ортадағы және қызметтен тыс уақыттағы әрбір тұлғаның пайым-парасатының мәдени, көркем мінезділік деңгейлерінің көрінісі. Ол мынандай өл­шемдерден тұрса керек: тұл­ғаның ішкі рухани деңгейі, сыртқы мәдениеті, ізденіш­тігі, қарым қабілеті, ой-сана тазалығы, тапқырлығы, мінез тұрақтылығы, алған тәлім-тәрбиесі, адами қа­сиеттері.

Бойына осыларды дарытқан қызметкер өмір­ден де, қоғамнан да өз орнын­  табады  деуге болады. Керісінше, мінезінде өзгелердің ой-пікірін тыңдамайтын тұрпайылық, өркө­кі­ректік, білімінің саязды­ғы, жеке басының қамын ғана ойлайтын менмендік, т.б. қасиеттері  бар  авторитарлық стильдегі басшы, қызметкер қарамағын­дағыларға (айналасына) уын ша­шы­п, көңіл күйлеріне, тіпті психологиялық тұр­ғыдан мінездеріне де кері әсерін тигізіп жатады. Ұжымдағы қызметтік, моральдық-психологиялық ахуалдың дұрыс болмау­ы осындай стильдегі басшы – қызметкерлер та­рапынан орын алып жатады. Өкі­нішті, әрине.

Демек, қызметке таға­йындауда, қызметтік бай­қауға қатысуда оның заң талап­тарын білуі, қос-қос дипломдарын алға тартуы әлі де  жеткіліксіз. Бұған қоса өмірлік тәжірибесі, ұйым­дастырушылық қабілеті, сая­си сауаттылығы бар, жұмысын ғылыммен ұштастыра  білетін, жаңашылдыққа басым, жа­уапкерші­лігі мол басшының (қызметкерлердің) қарамағындағыларға айтары да, үйретері де көп болады. Кез келген басшы либералист болуға әуестенбеу керек. Қызметкердің  жақсы, жаман мінезділігіне де көп нәрсе байланысты. Мәжбүрлікпен алдына келген адамға жылы қабақ танытып қарсы алып, шығарып салу кез келген қызметкердің негізгі ұстанымы болуы керек­. Бұлай ету алдына бар­ған адамның бүкіл көңіл күйіне, жұмысының алға жылжуына ықпал етеді. «Бақ қонған сайын кішік  бол»  деген сөз бар. Бір ауыз жылы сөз адамның көңілін көкке көтерер еді. Керісінше шайпу мінез, шошала тигендей шап бере кету көңілге қаяу салып, еңсеңді түсіреді. Іші ашу-ызаға, өсек-аяңға толы кекшіл қызметкердің өрге қарай өсе қоюы да екіталай. Жаман әдет те, жаман мінез де жаман иіс сияқты ағзаға жағымсыз әсерін тигізеді.

Ал, қоғамдық сауда орындарындағы адамдар арасындағы күнделікті қатынас­тардағы көп болмаса да көз шалып­ қалатын әдепсіздікті кім бақылайды? Бұл, әсіресе, жұрт көп баратын ауру­хана, сауда, көлік тасымалы, т.б. мекемелерде көрініс тауы­п жатады. Әрине барлық уақытта, барлық жерде емес. Мысалы, тазалығы нашар «Газель», автобустар неге рейске  жіберіледі? Кондуктор әдебіне, қызметіне кім назар аударып жатыр? Бұл жөнінде үлкен қалалар қызметінен үлгі алу керек. Ет, сүт, жеміс-жидек, көкөніс сататы­н орындардағы сатушының сол қызметте істеуге денсаулығы туралы (сани­тарлық кітапша) жеке рұқ­саты бар ма? Олардың тұтынушыларға көрсеткен ерсі қызметтерін (әдебін) еске­ріп жүрміз бе? Пластикалық құтыдағы суымен шайып құя салатын ыдыспен айран, сүт ішер ме едіңіз? Немесе теп­сініп, аузынан от шашып тұрғандай сатушыдан зат аласыз  ба? Шаңы көтеріл­ген­, едені таза емес көлікке отыра­ қоймассыз. Мұндайда көңі­ліңіз пәсейіп, реніш басым бола­ды. Бұл бағытта арнайы теле­рейдтер мен хабарлар жүр­гізілу керек сияқты. «Қол сынса, жең ішінде, бас жарылса, бөрік ішінде» бол­маса екен дейміз.

... Қала орталығындағы аты да, заты да дардай, атауы да тартымды мейрамханаға Астанадан келген қонақты түскі асқа шақырдық. Ауласындағы қалаған орнымызға отырдық. Алдымен даяшыға стол мен орындықты сүрт­кіздік, шаң екен. Одан соң дастарқан жайғыздық. Дастарқан мәзіріндегі тамаққа сұраныс бердік. Бірақ мәзір­дегі тамақтың үштен екісі жоқ болып шықты. Одан әрі қол сүрткіш, тіс тазалағышты тамақтанып болғанша сұрап алып отырдық. Тамақтары да жаңа дайындалмаған ба деп қалдық. Бұл бақылаудың және сервистік қызметтің нашарлығынан. Есесіне қонағымызға қаланың көрікті жерін аралатып, көңілін  көтердік.

Сатушылар  әдебіне, таза­лығына, тұтынушылардың денсаулық қауіпсіздігіне, кері әсер ететін сауда мәдениетіне, қызмет көрсету сервистеріне назар аударып отыру керек деп есептейміз. Бұл тек тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге шеттен келетін қонақтар мен  туристер үшін де маңызды. Туристер көбінесе сервисі, мәдениеті, тазалығы дұрыс  жерлерді  таңдайды.

Адамдар бір-біріне өзара ыстық ықылас, жылы қабақ, жылы сөз білдіру арқылы көңілдерін көтеріп, мерейін тасытады. Денсаулыққа шипа  болады. Адамдар үшін керегі осы. Америкада «Адамдар арасындағы қа­тынас»  атты институт бар. Мақсаты – әртүрлі саладағы адамдар арасындағы өзара әдептілік, мәдени сауаттылық қатынастарды реттеу. Біз елімізде ондай арнайы институт ашпасақ та, ұлтымыздың дәстүрлі ұлттық құндылықтары арқылы-ақ, ұлттық болмысымызбен, мінезімізбен, ұстанымымызбен, күнделікті тірші­лі­гімізде  әдептіліктің  үлгі  тұс­тарын  ұстанып  өмір  сүрсек, әдепсіздік  орын алмас­ па еді? Әдеп, әдептілік әр кезде, әр жерде көрініс табуға тиіс. Өйткені, әдебіне қарап адам болмысын танып­ ажыратуға болады. Сондықтан «күнде­лікті өзара қатынастарда әдебі­міз қандай?» деген сұ­рақ­ты әркім өзіне қоюы керек-ақ.

Жақсыбек  Егізбайұлы,

«Ұлт тағдыры»  ҚБ-нің облыстық  филиал  төрағасы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2017 >
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары