Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
САУАТСЫЗДЫҚ ҰЛТЫМЫЗҒА СЫН ЕМЕС ПЕ?
09.03.2017 10:33

«ДЕРТ»  ДЕНДЕП БАРАДЫ...

 

Мектепті үздік бітірсе де, жазуында қате өріп жүретін жандарды көзіміз көріп жүр. Атын атап, түсін түстей алмайсыз. Тіпті, оны санауға саусағыңыз түгілі, шашыңыздың саны да жетпейді. Сонда қазақ сауатсыз халық па? Жо-жоқ. Иә деп айтуға аузымыз әсте бармайды. Өйткені қазақ қоғамында оқыған, көзі ашық жандар көп болған. Қазір де жоқ емес. Десе де, бүгінгі ахуал­ расында ойландыра түседі. Мектептерде қазақ тілі пәні не үшін оқытылатынын түсініп болмайсың. Негізі мектеп бағдарламасы құр ереже­ жаттатып, оқушыларды «есінен танытуға» ғана бағытталғандай.

Анығырақ айтқанда өз ойынан бірнеше сөйлем құрай алатындардың саны сирек­. Ал құрады делік. Қате­сі көзге «ұрып» тұрады. Солай. Қатеге бай, сауатсыздық­қа бейім оқушылар мектепті үн-түнсіз бітіріп кеткеніне мәз. Үйіп-төгіп бар кінәні мұғалімге артып қоюға тағы болмайды. Себебі сол, мұға­лімнің алдындағы 30 оқушының қабылдау түйсігі бірдей емес. Қазіргі таңда, халық көп қолданатын ғаламтор желісінде де, әлеуме­ттік желілерде де қате желдей есіп жүр. Көшелерде ілінген жарнамалар мен дүкен маңдайшаларында да тол­ған қате. Газет-журнал, телмірген көкжәшігіңіз де сол. Мұны осылай жа­заты­ндардың басты сылтауы мынау – «түсінсе болды емес па?».

Көне түркі жазуларын зерттеген ғалымдар ондағы мәтіндерден ешқандай орфографиялық қате таппай, таңғалғ­ан деседі. Бұл сауатты адам­дардың ертеден бар болғандығынан хабар­  береді. Мұнан шығатын қорытынды: сауатт­ы қоғам белгілі дәуірмен өлшенбейді.

 

ШЕГІ  ЖОҚ  ЗҰЛЫМДЫҚ

немесе қазақ зиялыларының қарымы

 

«Қазақстанда Қазан төңкерісі болған­ жоқ, сондықтан кіші Қазан төңкері­сін жасау қажет» деп байбалам салған, үш миллионға жуық халқы­мыз­дың аштықтан қырылуына себепкер болған Филипп Голощекин 1925 жылы Сталин­ге былай деп хат жазды:

«Бірінші кезеңде зиялы қауым өкілдерін бір-біріне жауығатын екі кере­ғар топқа бөліп, анағұрлым танымал, халық алдында беделі зор зиялыларды ұлтшылдықпен айыптап, оларды қарсы топтың қолдауымен аттырып тастай­мыз. Сондай-ақ, ұлтшылдардың дұшпандық идеяларын іске асырмау үшін қазақ әліпбиін ауыстыруымыз қажет...

...Бесінші кезеңде қалған барлық зиялылардың көзін жойып, қазақ әліпбиін тағы бір ауыстырып жібереміз де, осындай әдіспен жеткіншек ұрпақты өз халқының тарихын бастапқы тума көздерден оқып-білу мүмкіндігінен айыра­мыз».

Әр сөзінен зұлымдық сиясы сорғала­ған бұл хатқа И.Сталин:

«Голощекин жолдас! Қызметтік жазбада атап көрсетілген саясат, негізінен, бірден-бір дұрыс саясат болып табылады» деп жауап қайырды. («Советская степь», 20 қараша, 1927 ж.)

Иә, бұлардың көксегені де осы еді... Десе де, олар түпкі мақсатына жете алмад­ы. Дұрысы, қазаққа жаны ашитын­дар мүмкіндік те бермеді. Шүкір, қазіргі күні халықтың оқу-білім­ге деген құлшынысы өте төмен дәре­жеде емес. Оқимын, үйренемін деген жандарға жағдай жасалған. Тек сау аяқты  сылтып  басып  жүрген  өзіміз.

А.Байтұрсынұлының халқы үшін істеген игі істерінің бірі – араб жазуына­ өзгерістер енгізіп, қазақ әліпбиін құрас­тыруы. Осы арқылы ғалым қазақ халқының тез сауаттанып, хат тануына, оқу-білімге деген құштарлықтарының оянуы­на ерекше ықпал етті. Бұл жолда Алаш арыстарының сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

 

«ЕСТІ»  САУАТТЫЛАР  һәм БАСПАСӨЗДЕГІ  «БЫЛЫҚ»

 

Өкінішке орай, қазір газеттердегі қателерден де көз сүрінеді. Белгілі журналист Бауыржан Омаровша айтсақ, «қате – газет сәні». Рас, сөз бар жерде қате бар. «Жаңылмайтын жақ, сүрін­бейтін тұяқ» болмайды. Егер ешкім қателеспейтін болса, «өшіргіш» деген зат жоқ болар еді. Яғни, екінші мүм­кін­дік те...

Бүгінде қатенің түр-түрі газет-журнал­дардан көп іздетпей-ақ табы­лады. Өйткені, бұл тұтас қазақ баспа­сөзінің бас ауруына айналып үлгерді. Кей газетт­ерден грамматикалық, орфограф­иялық қателермен қатар, орысша, жаргон­, мағынасыз сөздерді байқауға  болады. Сол  сияқты сызықша мен  дефист­і айыра алмай, қалай болса солай­ жаза салу тыйылар емес. «Темір  тор­ға  тоғытты», «Апатты жағдай­ орын алды» деген тақырыптарды, сөйлемдерді оқымадым, көрмедім деп айтыңызшы. Мақұлдасаңыз, расында сіздің ешнәрсені көрмейтініңіз, оқымайтыныңыз. Сонымен, «тоғыту» деген сөздің мағынасын анықтап алайық. Әдетте қойдың үстін тазалау мақсатында суға түсіріп тоғыту деген бар. Сонда түрменің іші «бассейн» болға­ны ма? Бұл құлаққа жағым­ды естілу­  үшін  ғана құралған сөйлем сияқ­ты­. Сол секілді «апатты жағдай орын алды» дегенді естігенде, «ол нешінші орын алыпты?» деп сұрағың келіп кетед­і екен. Қалай десек те, басылым­дар мен кітаптар сауатты жазылуы­  тиіс. Себебі журналиске қарап сап түзейтіндер де бар. Ал ұстазы «диуана»­  болса, кімге пір болып қарық қылады дейсіз?! Сауатты­лық тақырыбын қоз­ғағанда тек қате жазу үлгісіне тоқталу дұрыс емес. Сөз дұрыстығы, тіл тазалы­ғы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнек­тілігі бәрі-бәрі сақталуы тиіс. Өкінішке орай, мұның біріне де пыс­қыр­ып қарамайтын әріп­тестеріміз баршы­лық. Жалпы, таным-түсінігі таяз, сөзі олақ, ойы шолақ «сандуғаштар» қазақ баспа­сөзінің халіне жана­шырлықпен қараса екен. Ақыры пайдасын тигізбейді екен, зиянын да тигізбесе жарар еді...

 

КОРРЕКТОРЛАР   ШЫНЫМЕН КЕРЕКСІЗ   БЕ?

 

Әуелі оқырманға түсінікті болу үшін «корректор деген кім?» деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Корректор - баспа терімінде кеткен қателерді жөндеп, мәтіннің техникалық қателерін ретке келтіретін редакция немесе баспахана қызметкері. Корректорлық жұмыс орфогр­афиялық және пунктуациялық қателерді жөндеу болып екі түрге бөлі­неді. Бұл мамандықтың дамуына тек сауатты, әдеби тілдің нормаларын жетік білетін және оның байлығын дұрыс қолдана алатын адам ғана мардымды үлес қоса алады. Дегенмен, қазіргі таңда көптеген газет редакцияларында корректорлар жоқ. Осыдан соң, бұл жойылуға жақын мамандық, керексіз қызмет пе? - деген сауалдың қойылары заңды.

Ертеректе қызметін корректорлықтан бастап, бас редакторлыққа дейін көтерілген жандар бар. Ол түгілі еңбек жолын бүгінгі «Егемен Қазақстан» газе­тінде пошта қызметкері, содан кейін корректор болып бастаған Әбділда Тәжібаевты алып қарайық. Уақыт өте келе ол кісі барлық атақ-даңққа кенелді. Яғни, сауаттылар жерде қалмайды. Мұнан соң, «кейбір таланттарға тұсау болып  жүрген жоқпыз ба?» деп те ойла­ған  жөн  шығар.

 

САЙҚЫМАЗАҚ   САЙТТАР

САНАНЫ   УЛАУДА

 

Қазір ғаламтордың дамыған заманы. Жаңалықты ақпарат сайттарынан оқу тиімсіз деп ешкім айта алмайды. Дей тұрғанымен ондағы жіберілетін қателер­ді, тақырып қою әдебі жоқ екенін жиі байқап жүрміз. Бұл - рейтинг үшін жанталас. Журналист сайтқа материал жазу­ды білгенде, қатесіз жазуды біл­мейді дейсіз бе? Білмейтін болып шықты­.  Күлкілі!

Газет редакцияларында корректорлар там-тұмдап болса да бар. Баспаға кетпес бұрын газет бірнеше мәрте автор­дың, корректордың, сосын жауапты редактордың тексеруінен өтеді. Ал сайттарда  корректор  мамандар  шоғыры  әлі  қалыптаса  қойған  жоқ. Сондық­тан болар, қатеге көз де үйреніп кетті. Айтпақшы, кейінгі кездегі жазғандарына қарап «блогер деген «жік шықты», қос қолымен аузына келгенін «құсты» деген «тіркесті» қолдануға әбден болады­. Қазір блогерлер - өздері би, өздері қожа. Негізінде авторлық блог жүргізу – кішігірім газет шығарумен бірдей. Автор­ – корректор, редактор, фотограф  әрі  өңдеуші  болуы керек.

 

ТҮЙІН. Әншейінде «жұрттан» бірдеңе көшіре салуға даяр тұратынымыз бар емес пе еді? Ендеше осы жолы көшіретін нәрсені біз тауып бере қоялық. Солтүстіктегі көршіміз бір күнді әдейілеп диктант жазу күні деп белгілеген екен. Мақсаты – халықтың сауаттылығын арттыру, дұрыс жаза білуге үйрету. Шетелден қайдағы бір шоуларды ұрлағанша, осындай пайдалы жобаларды көшіріп-ақ жаман атты болайықшы. «Балық басынан шірімеуі» үшін біз сауатты болуымыз керек! Сауатсыздық атымызға сын емес пе? Айтпақшы, айтқанның аузы жаман болып жүрмесін...

Рыскелді  ЖАХМАН

 


 

 

Сіз не дейсіз?

Аман  АБАСИЛОВ,  ф.ғ.к.,

тіл  жанашыры:

Қате сөйлеу де, жазу да көркем

әдебиет оқымаудан басталады­

- Жалпы, көркем шығарманы, газет-журналдарды көп оқыған адам сөздің қолдануын меңгереді. Сондай-ақ, сауаты­ күшейеді, жазу дәстүрі де жақсарады. Сондықтан қате сөйлеу де, жазу да ең бірінші көркем әдебиет оқымаудан басталады дер едім. Ал, жарайды оқымады делік. Олар ең болмағанда теледидар, ғаламтор желісін қарайды ғой. Ал ол жерлерде не болса, соны көрсетеді. Қалай болса, солай жаза салады. Көпшілік әдеби тілді, диалект сөзді немесе жаргон сөзді ажырата алмай әлек. Қазақ телевидениесі сай­қы­мазаққа айналғаны қашан? Елді күлдіремін деп жүргендер, өздері де күлкіге қалып жатқандарын ұғынуы керек. Эфирге шыққан әр сөз қатаң бақылаудан өтуі тиіс.

Қатеге бой алдырмау үшін тіліміздегі «в», «ц», «щ», «ч» секілді жат дыбыстардан арылуымыз қажет. Яғни, әліпби ауыстыруды қолға алғанымыз жөн. Сонда өзге тілден енген сөздер өз дыбысталуымызда сөздік қорға қосыла береді. Өзге тілдің дыбысы, өзге тілдің сөзі, өзге тілдің ережесі өз тілімізді өгейсітіп, айтқанымыз жазғанымызға сәйкес келмей, өз сөзіміз өзіміздікі болмай отыр. Бұл, әсіресе, тіліміздің фонетикалық жүйесіне қатты әсер етті. Үндестік заңы тұншықты. Тіліміз әуезділігінен айырылды.



 

Дәурен  СЕЙТЖАНҰЛЫ,

«Қазалы»  газетінің  бас  редакторы:

БАҚ-тағы сауаттылық пен сауатсыздық туралы таңды таңға ұрып айтуға болады

- БАҚ саласынан нан тауып жүргендер сауатты болуы керек. Алайда­ сауатты болғанымен, қалам ұстағанымен, не жазу керегін, қай мәселені індетпеу керегін, қай кезде жазу керегін білмесе, сол өкініш. Мысалға, әнші әнді құйқылжытып айтуы мүмкін, бірақ оны керек кезінде айтпаса, орынсыз жерде сайрай­ берсе, ол өнерден пайда не? Айтпағым, тілшілер қауымы кейде сынаудың, жазудың көкесі осы екен деп біреудің арын аттап, намысын таптап жатады. Тіпті, әлеуметтік араздық­қа апаратын, елдікке іріткі салатын дүниелері де жоқ емес. «Буынсыз жерге пышақ ұрып», тырнақ астынан кір іздейтін әріптестерді көргенде қынжыласың. Сондықтан, кез келген мақаланы, ақпаратты жазар алдында ақыл таразысынан, ой сүзгісінен мұқият өткізгені жөн ғой деп ойлаймын. Яғни, журналистердің адами қасиеті де, саяси сезімі де күшті болуы шарт. Мұндай адамдарды толық сауатты деуге болатын шығар. Ондай әріптестер елімізде, соның ішінде Сыр өңірінде де көп. Олар БАҚ бетінде, әлеуметтік желілерде халық­тың мүддесіне қайшы келетін жайттарды, елдің ынтымағын бұзатын әрекеттерді әшкере қылып жүр. Яғни, шынайы ақпарат бұқараның бірлігіне кепіл болады. Міне, сауатты тілші өзінің қаруын тиімді, орынды қолданды деуге болады.

БАҚ-тағы сауаттылық пен сауатсыздық туралы таңды таңға ұрып айтуға болады. Сөйлем құрылыстарын талдармыз, тілдік қоры жұтаңдағанын айтармыз және т.б. Тіпті, «лид» жаза алмайтын, оның не екенін білмей тілші болып жүргендерді сынармыз. Бұл мәселеге басқа қырынан келгеніміз дұрыс. Астана, Алматы және басқа қалалардан шығаты­н республикалық басылымдарда, облыстық газеттерде біз үлгі алатын көптеген­ кәнігі журнали­стер отыр. Жазу стилі қалыптасқан, қаламы ұшталған. Олардың жазғаны­ «ондыққ­а» тиеді. Сүйсінесің. Ал республикамыздың әр жеріндегі аймақтық БАҚ-тың, яғни аудандық газеттердің жағдайы аянышты күйде деуге болады. Өйткені, мықты кадрлардың­ барлығы облыс орталығында қалып қойып жатыр. Амал жоқ, барымен базар деп, ауданда­р өз күнін көруде. Ал ауыл халқы, аудан халқы әрқашан өз жерінің газетін оқитынын ескерсек­, елдің ақпараттық қауіпсіздігін ойласақ, мемлекеттік саясат­тың үні, шындықтың дауысы­ шалғай елді мекендерге жетсін десек, сүйсініп оқитын мақалалар көбейсін десек, жергілікті БАҚ-тың кадрларын тәрбиелеуге күш салу қажет. Оларға арналған семинар-тренингтер, біліктілікті арттыратын курстар ұйымдас­тырылуы қажет. Қазіргі таңда облыстағы «Сыр медиа» серіктестігінің басшылығы осы мәселені назарында ұстап отырғаны байқалады­.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2017 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары