Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Жұбайыңыз көзіңізге шөп салып жүр ме?
30.03.2017 10:24

Қай дінді алып қарасаңыз да, құдай қосқан қосағыңның көзіне шөп салу – күнә. Исламда мұны «зина» дейді. Отбасындағы жұптар арасындағы ажырасудың бірден-бір себебі де – осы. Бес саусақ бірдей емес, әрине. Көпке үлгілі болып, бір жастықта қартайған жарасымды жұптар да жетерлік. Алайда көбіне ер-азаматтар тарапынан бой алдырып жататын зинаның зардабы айтпаса да түсінікті. Егер сіз “жұбайым көзіме шөп салып жүр-ау” деп күдіктенсеңіз, сатқындықтың белгілерін “Айқаракөз” сайтында берілген төмендегі кеңестерден білуіңізге болады.

 

Тәулігіне 24 сағат. Күйеуіңіз жұмыстан үнемі кешігетін болады, тіпті, қолы тимей, бос уақыты болмай кетеді. Өйткені, ол сіз үшін, баласының қамы үшін жұмыс істеп жүр. Бірақ, психологтардың басым бөлігі «бұл – күйеуіңізге мұқият назар аударудың белгісі» деп түсіндіреді.
Отбасылық дәстүрлер. Жұбайыңыздың  бұрын  біліп жүрген отбасыңызға ортақ қуанышты күндерді кенеттен ұмытуы. Мысалы, сіздер бас қосып, шаңырақ көтерген күнді не болмаса ең маңызды шешім қабылдаған сәттерді. Оның себебін қанша жерден жұмысбастылыққа әкеп тіресе де, бәрібір көңілінің басқа жаққа ауатынын сезуге болады.
Сондай-ақ шектен тыс тазалық та жұбайыңыздың тура жүрісіне күмән туғызуы мүмкін. Бұрындары табалдырықтан аттай сала, сізге және балаларыңызға бірінші болып көңіл бөлетін болса, енді «сезіп қоя ма?» деген үреймен жуынатын бөлмеге кетуі  мүмкін.
Мамандар  ер-азаматтың  қолынан жиі ұялы телефонның түспеуін де оны жүріс жасап жүруі мүмкін екендігімен байланыстырады. Тұтқаға қарағыштап, елеңдеумен жүруі не болмаса телефонды мүлде сөндіріп тастауы, я болмаса “код” қоюы сезік  тудыруға  жатады.
Қызығушылығы жоғалады. Бұрынғы айтылған әңгімелеріңізді ұмытып қалады, есіне түсіруге ерінеді. Ол үйге келгенде айтатын әңгіме болмай, сөздеріңіз «Не жаңалық?» деген сұрақтан әрі аса алмай қалады. Күйеуіңіз өзімен-өзі тұйықталып, оңаша ойланып не ұйықтаған сыңай танытып  жатқанды  ұната бастайды.
Түймедейді түйедей етіп… Күйеуіңізді үй ішіндегі болмашы жағдайлар тез ашуландырып жібереді және жоқ жерден ұрыс шығарғыш болып кетеді. Бұрын әзілге айналатын еркеліктеріңіздің өзі ренжісумен аяқталады.
«Жараса  ма?». Айна алдында ұзақ тұруды әдетке айналдырады. Ұзақ жуынып, ұзақ қырынып, үнемі таза әрі еркін киінуге ұмтыла түседі. Соңғы үлгідегі киімдерге қызығып, жаңа киімдер алады. Күнде үйден шығарда, «Қалай болып тұрмын?» деген сұрақты да қоюы мүмкін.
Немқұрайлылық. Бұрынғыдай жаңалықтармен жарыса бөлісіп, бір тақырыпты ұзақ  талқыламайсыздар. Өзіңіз  қойған  сұрақтың  бәріне де  «Білмеймін» деген жауап аласыз не күйеуіңіздің сізге иығын қиқаң еткізген  жауабын  көрумен ғана  шектелесіз.
Егер сіз осы белгілерді жұбайыңыздың бойынан байқасаңыз, онда өзгеруге тырысыңыз. Себебі еркек әйелінің көзіне жайдан-жай шөп салмайды. Дегенмен, еркектердің есіруіне де жол жоқ. Америка кардиологтары қауымдастығының ресми мәліметі бойынша, әйелінің көзіне шөп салған еркектердің жүрек ауруынан өліп кету ықтималдығы арта түседі екен. Зерттеу дәлелдегендей, жүрек талмасынан “жүріп кеткен” 5559 еркектің 34-і (көп емес, әрине) жыныстық қатынас жасап жатып, қайтыс болған көрінеді. Осы отыз төрттің 75 пайызы болса, дәл сол кезде жаңа иіске малданып, мәз болып жатқан екен. Алайда өлімге тек жыныстық қатынас қана емес, олардың алкогольден де ұрттағаны, оның үстіне өздерінен әлдеқайда жас қыздармен жақындасқаны да себеп болған (мүмкін осы мәліметтен кейін әйелдерінің көзіне шөп салатын еркектер саны сәл болса да азаятын шығар).
Зинаның соңы әрдайым отбасының күйреуіне әкеп соқтырмаса да, жанжалға себеп болатыны ақиқат. Қазақпыз ғой, баланың көзінше ұрысып та жатамыз. Өзге елдердегідей, бөлмесіне жіберу, оңаша әңгіме екенін түсіндіріп айту бізде жоқтың қасы. Сондықтан ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыстың қалай болғанын көп жағдайда баланың көзі көріп, құлағы есітіп жатады. Сол себепті баланың әлі бұзыла қоймаған санасын таза қалпында ұстағымыз келсе және баланы тірілей жетім еткіміз келмесе (өйткені көп жағдайда зинаның соңы ажырасумен аяқталып жатады), зина жасаудан аулақ болайық. Өйткені бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2017 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары