Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚЫРЫН ҚАРАСА, ЖАЛАҚЫСЫ ТӨМЕНДЕЙДІ
27.09.2012 11:25

Жасыратыны жоқ, ана тіліміз үнемі тасада қалып келеді. Қоғамдық орындарда «еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін» өзге тілде сөйлеседі. Тіпті орыс тіліне шорқақтар да оны меңгерудің қамымен бас ауыртып жүргенін талай көрдік. Қазағы басым деген Қызыл­орданың өзінде бұл жайт көп кездеседі. Қазақ тілі әйтеуір құрдымға кетіп қалмаса игі деп жүргеннен басқа қолдан келер шара жоқ. Ана тілді ұлықтау мақсатында түрлі шаралар қолға алынып, ресми құжаттарды мемлекеттік  тілге көшіреміз дегенімізбен, бұдан әлі нәтиже шығар емес. Бірақ астаналықтар ана тілдің абыройын асыруға байланысты жаңа тәсіл ойлап тауыпты. Астанадағы агротехникалық уни­верситет оқытушылары енді келер­ айдан бастап қазақ тілін қаншалықты меңгергендігіне байланысты жалақы алады. Бұл туралы Еуразия бірінші арна­сына университет ректоры Ақылбек­ Күрішбаев мәлімдеді. Енді бұл оқу ордасындағы әрбір факультетте, әрбір кафедрада қазақ тілінде жүргізілмеген іс қағазы болса, олар жалақыны төмен алатын болады. Өзге ұлттың қазақ тілде сөйлегеніне масаттанғанша, өз ана тілімізді осылай меңгеріп алғанымыз жөн. Бұл «аюға  намаз  үйреткен таяқтың»  қазіргі  баламасы  іспетті.

Т.ЖОМАРТҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2012 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары