Өзекті мәселелер

  • 21.11.19

     

    Ерлан  ЕСТЕК,

    қазақ күресінен ұлттық құраманың бас бапкері:

    Толығырақ...

  • 21.11.19

    «Заманның  қожасы  да,  тұтқасы  да – жастар!». 1921 жылы «Жас Алаш» газетінің алғашқы нөмірі осы ұранмен жарыққа шықты. Тарих бетінде «Жас Алаш» көтерген үндеу алтын әріппен жазылды. Ел жастарының жанында жатталып қалды. Осы басылымда Ғани Мұратбаев тұңғыш редакт­орлық қызмет атқарған еді. Жалпы, Ғани туралы айтылатын, жазыла­тын дүние көп. Тым қысқа ғұмырында тындырымды тірлік жасап­  кеткені...

    Толығырақ...
  • 21.11.19

    «Шыдамның да шегі бар». «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК мен «Су жүйесі» МКК басшылығы осылай дейді. Сұрауы бар су мен қытымыр қыста жан сақтайтын жылудың ақысына келгенде тұрғындар таршылық танытатын­ көрінеді. Олар ай сайын емес, жыл сайын қордаланға­н қарыздарын жеке тұрғындар мен меке­мелерге ескертуден шаршаған. Жылдың басында жылуға­ қарыз көлемі 200 миллион теңгеге жеткен. Ал...

    Толығырақ...
  • 21.11.19

    Аграрлық өңірдің әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар бүгінде өз жемісін беруде. Кеше ғана ауыл шаруашылығы саласында көштің басында тұрған Жалағаш ауданымен қалай мақтансақ та жарасады. Аллаға шүкір, ауыл еңбеккерлері Жер-Ананың берген ырзық-несібесін ысырап қылмай, Сырдың басты дақылынан тау тұрғызуда белсенділік танытуда.

    ...
    Толығырақ...
  • 21.11.19

    Қазақстандық медицина  саласын  жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жобалардың  бірі – «Денсаулық» бағдарламасы. Үш жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бұл бағдарламаның да мәреге жетуіне аз қалды. Қызылорда облысында аталмыш бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылды.

    ...
    Толығырақ...
Еркектің гинеколог болуы дұрыс па?
13.04.2017 11:10

Маралдың тұрмыс құрғанына небәрі бір жыл. Бақуатты отбасының жал­ғыз ұлымен отау құрған ол, келін боп түскен күннен бастап-ақ үлде мен бүлдеге оранды. Көп ұзамай құрсағына бала бітіп, абыройы одан бетер жоғарылады. Ата-енесі жалғызымның жалғасын өмірге әкеледі деп, келіндерінің алдында бәйек боп жүрді. Күйеуі де жанынан бір елі шықпай, бар  жағдайын жасаумен болды. Жиі-жиі дәрігерге көрініп, құрсағына біткен сә­би­дің денсаулығын да тексертіп тұрды.

Көзді ашып-жұмғанша уақыт зымырап өтіп, босанатын уа­қыты  таяды.­ Бірде ай-күні жақын­даған Маралдың толғағ­ы қысып, ауруханаға жолдасы Жан­до­с алып келді. Арнайы бөлмеге кірген келіншек медбикенің нұсқауымен креслоға жайғасты. Сыртта тағатсыз­да­нып Жандос тұр. Артынша гинеколог-дәрігер келіп, босандыру бөлмесіне кірді. Жандос аң-таң. Себебі әйелін босанд­ыратын гинеколог ер  адам еді. Ал  толғақ қысқан Марал дәрігерге қарсылық танытуға қауқарсыз. Уақыт өтіп барады­. Тағатсызданып, шыдамсыз­данған күйеуі босану бөлмесіне қалай кіргенін де аңғармай қалды. Кіргені сол, көз алды­ндағы сұрықсыз көріністі көріп, ашуға булықты. Әйелінің әуретті жеріне­ тесіліп қарап отырған ер адамды көріп, қаны басына тепті. Дәрігерді ұрып, Марал­ды жұлқылай жөнелді. Жүкті­лігіне  қарамастан бұл бассыздыққа қалай жол бергенін түсіндіріп беруін талап етті. Хош. Шарана аман-есен дүние есігін ашты. Бірақ бірнеше айдан соң жас отбасы екіге айырылды. Еркек­тік намысы бөтен біреудің өз меншігі санаға­н жарының жатырына жармас­қанын кешіре алмады. Осылайша бір отбас­ының ойраны шығып, ортасына түсті. Келіншек жесір, бала жетім қалды. Кінә  кімнен?

Соңғы  кезде ер жігіттердің арасында осы мамандықты таңдаушылар көбейді. Неліктен? Сұрақтың жауабын қоғамның сұранысы мен заман талабынан емес, адами нәпсі мен қызығушылықтан іздейміз. Шынтуайтында, бұл тақырыпқа қалам тербеудің өзі қорқынышты. Бірақ қазір адамдар қай істің күнә екенін аңғарудан қалған. Жөнсіз­дікке әбден етіміз үйренгені соншалық, иман мен ибаны, ұятты ескіліктің сар­қыт­ы  деуді  шығардық. Осы  ретте  таяқтың екі ұшы барын да ескерейік. Бір тарапқа­ ғана күйе жағудан аулақпыз. Қазір осы мамандықты таңдаушылардың кемінде 10 пайызы ер адам болады екен. Тіпті осы саланы өз қалауымен таңдап, қателеспедім деген ер-азаматтар да арамызда жетерлік. Солардың қата­рын­да С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университе­тінің 1-курс интерні Дінислам Спатай да бар. Ол өзін ешқашан гинеколог болам­ын деп елестетпеген, арманда­маған. Тек ғылымға ынтасы осы мамандыққа деген қызығушылығын күшей­т­кен.

Қазір елімізде ана мен бала өлімі көбеймесе, азаймай тұр. Бұл мәселені азайтуға медицина саласының өкілдері жұмылған жұдырықтай еңбектеніп келеді­. Осы мамандықты оқимын деген бала күнгі  арманым емес. Уақыт талабы, заман сұранысы осыған меңзеді. Гинекол­огияны тек әйелді босандыратын немесе әйелдің тек жыныс мүшесіндегі ақауларды  қарайтын  мамандық деп қарау  дұрыс емес. Бұл да бір ғылым. Оның ашылмағ­ан түрлі заңдылықтары мен деталь­дары жетерлік. Мен бұл саланы ғылым деп қараймын, ғылым жолында зертте­у жұмыстарын жүргізе отырып, болашақта әйел адамдардың жыныс мүшесінде болатын дерттерінің алдын алуға  тырысамын. Біз, әрине, осы мамандықты таңдағаннан кейін, қарсылыққа жиі ұшырап жатамыз. Бірде әйелдер қаламаса, енді бірде күйеулері үзілді-кесілді  қарсы  болады, - деді ол бізге берген­  сұхбатында.

Әрине, бүгінгідей жағдайда бұл соншалық­ты  ерсі көрінбейтін де шығар.­ Ал шариғат шеңберінде қарар болсақ, аталмыш жағдайға оң қабақ таныту қиын. Себебі, Исламда зина секілді ауыр күнә жасау бар. Ол тек еркек пен әйелдің некесіз қатынасқа түсуімен шектелмейді. Шариғатта бөгде еркек немесе әйелдің әуретті жеріне көз салып­, қолмен ұстаудың өзі зина болып есептеледі.

ХХ ғасырдың соңына дейін гине­кологияға  тек әйел  адамдар қабыл­данып келген. Себебі ер адамдар әйелдердің ішкі сезімін түсінбейді деп топшылан­ған. Ал бүгінде бәрі керісінше. Ерлер гине­кологияны таңдаса, әйелдер урология саласын қалайды-мыс. Заман дейміз бе, адам дейміз бе? Ақиқатын  өзіңіз  аңдаңыз, оқырман!

СҮЙРІК


 

Шариғат  не  дейді?

Шариғат  бойынша әйел кісі өзінің әурет жерлерін бөгде ер кісілерге  көрсетуіне  болмайды. Олай

болған  себебі, Құранда былай делінген: «...Және өздігінен көрінетін жерлерден басқасын (бөгде  еркектерге) көрсетпесін...». Аяттағы айтылған өздігінен көрінетін  жерлерге  білезікке  дейінгі  қолы, жүзі және тобыққа дейінгі аяғы жатады. Бұлардан тыс жерлерін бөгде еркекке көрсетуі дұрыс емес. Сондықтан әйел кісіге мүмкіндігінше әйел гинекологқа барғаны жөн және қазіргі кезде әйел гинекологты табу қиын емес. Әйел гинеколог табылмаған жағдайда ғана, еркек гинекологқа жүгінуіне рұқсат. Бұл – қиналған, тығырыққа тірелген адамға дініміздің көрсеткен жеңілдігі.

«Нұр»  сүресі,  31-аят

 


 

Айгерім  ЖҮНІСОВА, қала тұрғыны:

– Мен әйел адамды еркек дәрігердің қарағанына қарсымын. Себебі қазақтың құндылығында әйел адамға шектеу қойылып, әуретті жерін жұртқа жария етпеу деген бар. Қай заманда болмасын, ер мен әйел некесін қиғаннан кейін, әйел адам өзге еркектердің көзіне түспеуге, нәпсісін қоздыратын әрекетке бармауға үндейді. Меніңше, ешқандай әйел адам өзге ер адамға әуретті жерін ашып бермейді. Мүмкін жаны қысылғанда емдейтін басқа дәрігер болмауының салдарынан шарасыздыққа барар. Бірақ өз еркімен ешкім бұл бассыздыққа бармайды деп ойлаймын.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2017 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары