Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Қызойнақ па, жынойнақ па?
20.04.2017 11:05

Айнала астан-кестен. Бұралаңдап билеген бикештер. Тарқатылған қолаң шаштары ұйпа-тұйпа. Бір қызығы, араларында жігіт атаулы көрінбейді. Шамасы, көңіл көтеруге тек қыздар ғана шықса керек. Бастарына бірдей етіп той көйлегімен кие­тін жаулықты (фата) тағып алыпты. Бұрымдыларымыз түнгі клубтың ішінде мәз-мейрам болып тойлатып жүр. Әсіресе, болашақ келінге деген құрмет ерекше. Қалыңдықты ортаға алып, ақжарма тілектерін жаудыруда. Ішіңіз сезіп отырған болар, бұл - ұзатылатын қыздың тойдан бұрын жақын құрбыларымен бірге қыдыруы, яғни «қызойнақ». Бүгінгінің тілімен айтқанда, «девичник».

Қазіргі кезде бұл думанды ұйымдастырудың бірнеше әдісі бар. Естеріңізде болса, әнші Аша Матай өзінің қызойнағын үнді стилінде жасады. Үн­ді­нің ұлттық киімі сари­ді жарас­ты­ра киген қыздар жарқырап, бір мезетте сол елдің қызы болып  шыға кел­ді. Ал екінші бір түрі – «пижамамен» тойлау. Мұнда тұрмыс­қа шығатын қыз доста­рын өз үйіне шақыр­ады. Ерекшелігі сол, келген қонақтар кешті жатын киіммен өткізеді. Үшінші түрі – саунада тойлау. Ол жақтың киіну стилі біз айтпай-ақ түсінікті шығар­. Саунаға  барған арулар суға түсіп, әрі қарай жартылай жалаңаш күйінде әңгіме-дүкен құрады. Сондай-ақ, көңілді  кеште  түскен  суреттерін  әлеу­меттік  желіге  жүктеуді  де  ұмыт қалдыр­майды.­ Төртінші  түрі – аруларымыз әртүрлі кешкі  көйлектерін  киіп,  бастарына  «фата»  тағуы. Бұл - ең  қарапайым  әрі  жиі  кездесетін нұсқа.

Бүгінгі  қоғамда  кеңінен таралып  келе  жатқан­ бұл  «үрдіс»  туралы пікір қайшылығы  әртүрлі. Бірі құптаса, енді бірі қызға тән қылық емес деп айыптайды.­

Асқар,  24  жаста:

- Менің отау құрғаныма көп уақыт өте қойған жоқ. Қалыңдығым үйленер алдында қызойнақ жа­сад­ы. Әрине, мен қарсы болған жоқпын. Құрбыларымен бірге көңіл көтергенде тұрған ештеңе жоқ. Керісінше, бұл отырыс қалыңдығым мен құрбыларына керемет көңіл күй сыйлады. Әркімнің өз өмірі бар. Бұл – біздің өміріміз. Қашан­ғы «ұят болады» деп, өз қалағанымыздан бас тартып жүре береміз.

Әзиза Іздіқұлова, облыстық филармония  директорының  орынбасары:

- Дерек көздерінде қызойнақ туралы­ “қыз-келіншектердің басқосуы” делінген. Бүгінгі таңда ұзатылатын қыз бойдақ кезімен қош айтысу үшін құрбыларымен басқосуы үрдіске айналып отыр. Мұндай жиындар әртүрлі мазмұнда өтеді. Көпшілікке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен, ішімдікке тойып алып түнгі клубта дүрсілдетіп билеп, беттерінің бояуы ағып, «албастысы» шығып, еңіреп отырған қыздардың аянышты да, жиіркенішті бейнесін көріп қаламыз. Бұл қызойнақ емес, жынойнақ дегенге ке­ліңкірейді. Десек те, халал дастарқан үстінде бас қосып, ұзатылғалы отыр­ған  құрбысына жүрекжарды тілектерін білдіріп, естелік сыйлықтарын тарту етіп, таң ат­қанша сырласып, мәде­ниетті демала білетін де қаракөздеріміз бар. Менің­ше, достықты нығайта түсетін көңілді кештерді тек қана  дұрыс бағытта пайдалана білу керек.

Ал, енді қараңыз, қыздарымыздың бұл қылығын қазақтың дәстүріне жатқыза аласыз ба? Бұл кеше ғана пайда болған дәстүр емес. Байырғының қыз­ойнағы мен қазіргінің қыз­ойнағының арасы жер мен көктей. Сайып келгенде, бұрынғы уақытта бұл жиынды қыздар ата-аналарының рұқсатымен ғана жасаған. Бір қызығы, ауыл ағалары думанның тәр­тіпті  өтуін  жіті  қадағалайтын болған. Тіпті, жиі өткізілуіне де қарсы болған. Кеш барысында түрлі ойындармен қатар, ши тарту, жүн сабау, киіз басу сияқты салт түрлері орындалады. Қыздың ұзатылар алдында ауыл жастарымен қоштасуы бұрын осылайша ұйымдастырылатын.  Ал  қазір  ше?

ТҮЙІН. Әрбір  жүрегі  қазақ  деп  соғатын азамат­  халқының  салтын сақтап, дәстүрін құр­мет­теуі  –  міндет. Алайда бүгінгінің тойынан дәріп­телген дәстүр емес, жөн-жоралғылардың жоғалып бара жатқа­ндығы байқалады. Тойлардағы «қызойнақ» жағаңызды ұстатып, таңдайыңызды қақты­рады. «Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояптының» кебін киюдеміз. Стриптиз билеп жүрген бойжеткендерге «әй дейтін әже, қой дейтін қожаның» болмағаны­ ма? Құдды күнделікті өмірде көріп жүрген көрініс секілді. Дұрысы, көзіміз де үйреніп кеткендей. Кезінде­ хал­қы­мы­з «Атың  шықпаса,  жер өрте» дегенді тура осыған байланысты айтқа­н сияқты. Иә, қызойнақ тура­лы қаншама сөздерді тілге тиек етсек­ те, қаракөз­деріміз құлақ аса қояр ма екен? Сіз қалай ойлайсыз?

Айғаным   ҚҰРМАШЕВА,

ҚМУ-дың  1-курс  студенті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2017 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары