Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Ұрпақты ойласақ, тәрбиені ұстаздан бастайық
20.04.2017 11:18

Пікір. Ұсыныс. Көзқарас

Біз, осы, шынымен де «Мәңгілік елдің» іргесін қалап, ұл-қызымыздың бақытты болғанын жөн көреміз бе? Ұрпағымыздың азбауын тілейміз бе? Ендеше қасаң қағиданы қойып, қатаң талапқа көшуіміз керек. Олай етпесек «Мәңгілік» деген тұжырымымызға дақ түспесіне кім кепіл? Әрине, елдің азып-тозып, қаймағы бұзылмаған қазақтың қасірет шеккенін қаламаймыз. Бірақ қолдан келер қайран­ жоқ. Қолайсыз отбасы, қиын бала қайдан шығады? Сөз жоқ, берекесі кеткен, ер қадірі жоғалған, салты мен дәстүрі ысырылған, ұят пен намысты жерлеген жұрттың арасынан­ шығады. Ал азғындықтың негізгі бастауы Алла сүймейтін ерлі-зайыптылардың ажырасуында жатыр.

«Ажырасқан жұптар психологиялық тұрғыдан қиындық­тар тудырып ғана қоймай, ібілістің көмекшісіне айнал­ып, ел ниетін бұзады» дейді көнекөздер. Яғни ажырасқ­ан әйелге ер адамдардың арам пиғылы үнемі ішінде бұғып жатса, әйелсіз ер адамдар нәпсі жетегіне еріп, жаманаттың кездігін жең ішіне жасырып жүреді. Ал бұл дегеніміз «Мәңгілік елге» жасалып жатқан қастандық, ашық  соғыс емес пе? Сол  соғыстан, өкінішке  орай, қазір біз  жеңіліп келе жатырмыз. Олай демеске лажымыз жоқ. Өйткені  статистикалық мәлімет жаға ұстатарлық. Еліміз­де 2007 жылы 146 379 неке тіркелсе, оның 36 107-сі ажырасқан, 2008 жылы 135 280 шаңырақ көтеріліп, 35 852-сі екіге  айырылған,  ал  2009  жылы 140 386  жұп  бас қосса, 39 257-сі қош айтысқан. Сол сияқты 2010 жылы 146 443 отбасы құрылса, 41 617-сі ойран болған, 2011 жылы  160 494 жас ақ некеге отырса, 44 862-сі некесін бұзған, 2012 жылы 164 681 жасқа неке жүзігі тағылса, 48 513-інен шешілген, 2013 жылы 168 417 жас біріксе, 51 482-сі қош айтысқан, 2014 жылы 159 328 жұп тіл табысса, 52 673 жұп ат құйрығын кесіскен, 2015 жылы 148 769 неке тіркеуге алынған болса, 53 293 ерлі-зайыптының дәм-тұзы жараспапты. Осыдан-ақ  қанша  жалғызбасты  әйел  мен жартылай  жетім  баланың  тағдыры  тоналғанын бажайлай бе­ріңіз.  Жарымжан  көңіл, бейкүнә  бала...

Берекесіз істің құты қашатынын  білеміз, кінә өзіміз­ден екенінен де жақсы хабардармыз. Ал «сен тимесең, мен тимен­, бадырақ көзденіп» отыра берсек, өз-өзімізге көр қазғанмен бірдей. Қайтпек керек? Әрине, ақиқатында ажырасуға жол берілмеу қажет. Бірақ, қалай? Ол үшін, біріншіден, ажырасқан екі жұпқа да мемлекет тарапынан айыппұл салынуы шарт. Сонымен қатар, әр баланың жетімдігі үшін де мемлекетке ақша төленсін. «Жалғыз­басты  ана» деген мәртебе ажырасқ­андарға берілмесін. Яғни  жалғызбасты  ана ретінде  әлеуметтік  көмектерге қол  жеткізе  алмайтын  болсын. Ажырас­қан  жұптар  мемлекеттік  қызметке  қабылданбасын және мемлекеттік қыз­метте жүрсе, жұмыстан шеттетілсін. Әсіресе, ұлттың бет бейнесі, мемлекеттің айнасы мен ар-ожданы саналатын ұстаз қауымы арасында бұл талапты күшейту керек. Өйткені, мектеп – білім беріп қана қоятын жер  емес, ұлт пен ұрпақтың тәрбие ошағы.

Ақтөбеде өткен бір жиында мемлекет және қоғам қайрат­кері Амангелді Айталы ажырасқан ұстаздар жайлы:­ «Маған бір мектептің директоры: «Менің оқушыларымның 45 пайызының әкесі жоқ, ажырасқан отбасынан. Ол баланың психологиясы әке-шешесі бар баланың отбасындай тұрақты емес. Менің мұғалімдерімнің дені – әйелдер.­ Оның 40 пайызы байынан айырылған. Анау да жынды, әкесі жоқ, мынау да жынды, байы жоқ. Сыныпта шарт-шұрт  талас­»  деп айтты. Бұл – шындық», - деген болатын. Ал енді осы сөздің ақырын аңдап қарайық. Осыдан кейін беріл­ген тәрбиеден не үміт, не қайыр? Бұның соңы неге барып соға­тынын білеміз бе? Шынтуайтында, бұл жайт ұстаз қаді­рінің қашуына, бұзақылықтың тұрақтылыққа айналуына, болашақта адам өлтіруге тайынбайтын ұрпақтың қалып­тасуына ықпал етпей қоймайды. Толық отбасы балаларының психологиясының бұзылуына да әкелуі әбден мүм­кін. Ал бұл біздің ұлттық менталитет пен мінезімізге сай құбылыс емес. Ашығында, құптай алмаймыз. Неге олай? «Ажырасқан әйелге биологиялық тұрғыдан қажеттіліктер өтелмеген соң ашушаңдық пайда болады» дейді гинекологтар. Ал  психологтар бұндай жағдайда әйелдердің ер адамдарға, бір әулетке, тіпті бір руға деген жеккөрініштік сезімі туындайтынын айтады. Сонымен қатар жетіспеу­шілік пен ішкі өкініш те мінезді бұзады. Баланың өз руына­ деген өкпесі, реніші пайда болады. Қазақтар болса рудан құралады. Ру – қазақ  деген  шаңыр­ақты көтеріп тұрған  уықтар іспеттес. Егер уықтарымыз біртіндеп шіріп, сына берсе, көп ұзамай «Мәңгілік Қазақстан»  атты шаңырағымыз ортасына түспе­сіне кім кепіл? Мамандардың кеңесін­е қайта оралайық. Әкесіз балалар неге ашушаң? Бұған мамандар: «әкенің мысын көрмеген  және анасындағы ер адамға деген­ жеккөрініштікті сезініп өскен бала ызашыл келеді. Бұндай балалардың мінезінің қиындығымен қоса, сындарлы сәтте әлсіздік көрсетеді», - деп топшылайды.

Ал «Мәңгілік елді» қалыптастырғымыз келетін бізге сол қиын сәтте шыдас беріп, отбасы мен Отанын, діні мен дәстүрін сатпайтын қас батырлар керек. Болмаса М.Шахановтың «Отырар» дастанындағы Қараша күйін кешіп кететі­н бала біз үшін жат. Бірақ, өкініштісі, бала тағдырына­ бейжай қарайтын шаңырақтар жыл сайын артып­ келеді. Сондықтан ақылға сыймаса да қатаң заң қабылдап, ажырас­қыш болып бара жатқан қоғамға қарсы тұрып, ұрпақ тағдырына қалқан болуымыз керек. Алайда ажырасушылардың ішінде әйелі не күйеуі ішімдікке салын­ып, есірткіге әуес болса, ерлердің белсіздігі, әйелдің ұзақ  жылдық бедеулігі, отбасындағы нәзік  жандылар  теріс  жолға түссе, кеші­ріммен­ қаралу  керек  сияқты. Ал қалған жағдайда  түсіністік таныту –  ақылға қонымсыз. Бұл жүйені шаңырақтың шайқал­мауының негізгі себепкері әйелдер көп жұмыс жасайт­ын, білім мен тәрбиенің темірқазығы мектептен бастаған­ымыз абзал­. Сонда ғана «Мәңгілік елдің» тұғырына­ балта шапқан жымысқы­  күштерге  тосқауыл  бола  аламыз.

Сәкен   АЛДАШБАЕВ,

журналист

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2017 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары