Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 333 |
![]() | Кеше | 2056 |
![]() | Осы аптада | 7035 |
![]() | Өткен аптада | 15302 |
![]() | Осы айда | 42525 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3579545 |
ҰСТАЗДЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫ немесе мәртебелі мамандыққа неге мұрын шүйіріп қараймыз? |
04.10.2012 13:08 |
ХХ ғасырдың басында ұлт көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынов «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген. Расында ғалымды да, шахтерді де бас игізген ұстаздық - ұлы мамандық. Бірақ соңғы уақыттары мәртебелі мамандықтың беделі төмендеп бара жатқандығы көп айтылып жүр. Қазан айының алғашқы жексенбісі - ұлы мамандық иелерін ұлықтайтын күн. Төл мереке қарсаңында төрге оздыра алмай отырған мамандықтың мәселелері жөнінде сөз қозғап көрейік.
ШӘКІРТСІЗ - ҰСТАЗ ТҰЛ Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Шәкірттерді инемен құдық қазғандай білім нәрімен сусындату - ұстаздардың міндеті. Жалпы, ұстаз - білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. «Шәкіртсіз - ұстаз тұл» дейді дана халқымыз. Шәкірт тәрбиелегенде өзге түгілі өзінен озатындай ұрпақ тәрбиелей алған ұстазды жұлдызы жанған жан деуге болады. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең - есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң - үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сондықтан технология дамыған уақытта теория мен тәжірибені тоғыстыра білу керек. Сондай-ақ сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Ал оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Осындай озық тәжірибелерді пайдаланған ұстаздың еңбегі зая кетпейтіні сөзсіз. Алтын ұя мектептің жаны да, ары да – мұғалім. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Себебі, ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болмақ. КӨРСЕТКІШ КӨҢІЛДЕГІДЕЙ Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түрлі реформалаудан осы білім саласы да өтті. Жүзеге асырылған бағдарламалар да аз емес. Соның бастысы ретінде «Болашақ» бағдарламасын айтуға болады. Осындай игі жұмыстардың нәтижесінде ЮНЕСКО-ның деректеріне сәйкес, біз білім беруді дамыту индексі бойынша әлемдегі 129 елдің ішінде 4-орындамыз. Ал сауаттылық деңгейі бойынша 177 мемлекеттің арасында 14-орынды иеленіп отырмыз. TIMSS оқу жетістіктерінің халықаралық салыстырмалы зерттеулерінде 36 елдің арасында біздің оқушылар математика бойынша - 5-ші, ал жаратылыстанудан 11-ші орында. Соңғы 10 жылда білім беру жүйесін қаржыландыру 7,5 есеге артыпты. Өткен жылы елімізде білім беруді дамытудың жаңа кезеңі басталды. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылған. 2015 жылдан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарына түсу кезінде талапкердің педагогикалық қызметке икемділігін анықтауға арналған шығармашылық емтихан енгізілмек. Егер шығармашылық емтихан тек педагогикалық мамандықтарға енгізілсе, онда педагогикалық мамандыққа келетін талапкерлер саны күрт азаятыны анық. Сондықтан әр талапкердің мамандыққа икемділігін анықтауға арналған шығармашылық емтиханы барлық мамандықтарға енгізілсе, нұр үстіне нұр болар еді. ҰСТАЗДЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫ ҚАЙДА? Бұрындары мұғалім дегеніміз елдiң зиялысы болып есептелетін. Бір сөзбен айтқанда, қалың жұрттың қаймақтары саналатын. Ұстаздарды әркім сыйлайтын, құрмет тұтатын. Әрбір оқушы мектеп партасында отырып, болашақта мұғалім болуды армандайтын. Ал, қазір ше? Ұстаздар қауымы бұрынғы атақ-абыройларынан айырылып қалды деуге болады. Тәуелсіздік алғалы мұғалімдер мәртебесі төмендеп, тіпті кейде өзге түгілі өз оқушылары да мұғалімдерін жүре тыңдап, масқарасы сол, бетінен алудан тайынбайтын болып барады. Бұрындары мұғалімді сонадайдан көргеннен көшені айналып қашатынбыз. Сабақтан тыс уақыт болғанына қарамастан. Сондағы бұл жүрісіміз үшін ұрыс естіп қалмайық деген ниет. Ал қазіргі оқушылар сабақ уақытында да селтеңдеп жүретін болған. Әрине, барлығы емес. Енді осы мұғалім мәртебесі турасындағы мәселелерге тоқталсақ. Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойды. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Биылғы оқу жылының және алдағы онжылдықтың басты міндеті – оқытудың түбегейлі жаңа сапасына қол жеткізу екендігіне назар аударып, бұл жұмыс ең алдымен мұғалімдерге қатысты екенін, олар оқыту бойынша басты тұлға болып есептелетінін алға тартып, сондықтан да мұғалім кәсібі қоғамда ең беделді, құрметті мамандыққа айналуы тиіс деп атап өтті. Бұл - мамандықтың мәртебесін арттыруға байланысты қолға алынған шаралар. Жоғарыда айтқанымыздай, қазіргі таңда мәртебелі мамандыққа мұрын шүйіріп қараймыз. Соңғы уақыттары педагог мамандығына көп мән беріле бермейтіндігі жиі айтылып жүр. Зерттеулер нәтижесінде тоғызыншы сынып бітірушілердің қала мектептерінде – 3-6 пайызы, ауыл мектептерінде 10 пайызы ғана мұғалім мамандығын таңдайды екен. Осыдан келіп, педагогикалық мамандықтарға академиялық дайындығы жеткіліксіз жастар келетіні анықталды. Мұндай кездейсоқ келгендерден мықты мұғалім шығады дегенге сену қиын. Тағы бір ойланатын жайт, бүгінгі күні мұғалімдердің 82 пайызы – әйел қауымы. Ал келешек жас ұрпаққа білім беруде ер мұғалімнің алар орны айрықша. Сондықтан мұғалімдердің беделін көтеру, оларды әлеуметтік жағынан қолдау, қорғау кезек күттірмейтін мәселе ретінде қарастырылу керек секілді. Мұғалімдік мамандықтың беделі мен мәртебесін көтеруге қатысты Білім және ғылым министрлігі ауқымды шараларды іске асыруда. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жаңа редакциясында педагогтың дәрежесін көтеруге ерекше көңіл бөлінген. Бастысы - мұғалімдерді лайықты жалақымен қамтамасыз ету. Бұл бастама биыл қолға алынды. Алдағы жылдары да жалақыны көбейту жалғасып, 2015 жылға қарай педагогтардың орташа еңбекақысы жекеменшік саладағы деңгейге жақындайды. Негізі көпшілігі мұғалімдер мәртебесінің төмендеуіне нарықтық экономикаға көшуіміз себеп болғандығын айтады. Қазіргі жастар айлығы жоғары кәсіптерге ұмтылады, сондықтан, бұрынғы замандағыдай мұғалім болуды армандайтын адамдар аз қазір. Мұғалім жалақысының төмен болуы оның бедел-бағасының да төмендеп кетуіне себеп болып отыр. Жасыратыны жоқ, мұғалімдерді міндеттеріне кірмейтін қоғамдық жұмыстарға тарту белең алғаны қашан. Бұған қоса оқушылар мен олардың ата-аналарына ақша жинатуға мәжбүр болу әрекеттері де ұстаздарға абырой әпермей тұр. Шығыс халқы ежелден ұстаздық мамандыққа ерекше көзқарас қалыптастырып, оны қоғамдағы ең құрметті адам деп санаған. Француздың ағартушы педагогы Жан Жак Руссоның «Ұстаздық уақыт ұту емес. Өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» дегені бар. Сондықтан уақытпен санаспайтын ұлы ұстаздарға ұлық көрсете білейік. Т.ӘЛЖАНОВ |