Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
БАЛАНЫ АТА-АНА БЕДЕЛІНЕ ҚАРАП ТАҢДАУ ұстаз атына кір келтіреді
04.10.2012 13:11

Әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру – кезек күттірмейтін мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті – ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқару­шы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге­ тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірт­теріне сіңіріп, тер төгеді.

 

Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйт­кені, өмірдің заңы – даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәр­биелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұра­нысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетіл­діреді. Сондықтан, Мағжан Жұ­мабаев «Алты Алаштың басын­ қосса да, ең кәделі орын ұстаз­дікі» деп  айтқанындай, ұстаздың орны кімге  де  болса қастер­лі.

Ұстаз туралы сөз қозғағанда­, мектеп мұғалімі ойымызға орала­ры ақиқат. Жуырда бір таны­сымнан мынадай әңгіме естігенім бар. Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін алғашқы ұстазын таңдамайды екен. Есесіне мұға­лім баланы ата-анасының жағдай­ына, беделіне қарай таңдайтын көрінеді. Және бұл біраздан бері жалғасып келеді екен. Жуырда мектеп табалдырығында тәлім-тәрбие берген ұстазыма жолығып, осы жайында айтқан болатынмын. Сөйт­сек, бұл жағдай ауылдық жерде орын алмайтын болып шықты. Әлгі ұстазымның сол жолы үлкен тәрбиелік мәні бар ой айтқа­ны бар.

- Әрине, ұстаздың ең бірін­ші мақсаты – білім беру. Ал, екінші міндеті біліммен қоса оқушыны тәрбиелеу болып табы­лады. Шынында, ғылым мен технология дамыған заманда оқушыны ата-анасының абыройы мен жағдайына қарап қабылдау өте қате әрекет. Айтып кеткенімдей, ұстаз «сірің­ке» сықылды. Ал, оқушыны балауы­з шырақ деп қарауымыз­ға болады. Есебін тауып, баланың бойында зейінін ашу ар­қылы, шамшырақты тұтатса, ұстаздың басты мақсатының орындал­ғаны. Сондықтан, оқу­шының зейінін ашудан қашып, кез келген­ балаға тең қарамай, әке-шешесінің беделіне ден қойып, балаға ұстаз болу дұрыс емес. Бұл бір жағынан ұстаз атына кір келтірумен пара-пар, - деді Г.Ермаханова апайым.

«Білім инемен құдық қаз­ғандай» деген нақыл тегін айтылмаса керек. Әліпті таяқ деп білмейтін жанды білім нәрімен сусындату оңай шаруа емес, әрине. Ал, бүгінде орын алып жатқан мына жағдай ұстаз атауына­ күйе жағары анық. Сондықтан, келешек ұрпақты са­уатты әрі салауатты етіп тәр­биелеу үшін жаңсақ қадамға бармағанымыз абзал.

Д.АЛАШБЕК

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2012 >
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары