Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС (әңгіме)
04.10.2012 13:13

Айқай-сүрен, аламан шабыс, ызы-қиқу, жан алып, жан беріскен қан­ды қырғын, ақ шаңдақ, ала құйынның арасында біреуді біреу біліп болмастай топалаң мен аласапыранда қарсыласына кіжіне сілтенген ауыр алдаспандардың бір-біріне соғылған шаңқылы, шошына шыңғырған тұлпарлармен ақыра ұмтылған апайтөс, алып батырлардың ашулы айқайы, бәрі-бәрі қосылып, осынау маң жазықтағы майдан даласын ың-жыңға толтыра, сырттан қараған ақыл-ой иесіне үрей туғызып, жанын шошындырғандай еді.

 

Қидаласқан қырғын ұрыс сиыр сәскеде бас­талып, зауал ауып, аптап қайтып, қоңыр салқын түскен шақта да бір толастамай, қызған үстіне қыза түсті. Ер-тоқымы бос, үстіндегі егесінен айырылған тұлпарлар қанды қырғын, ың-жыңның ішінен одағайлай шауып, елсіз далаға қа­рай оқырына кісінеп, безіп барады. Ат тұяғына жаншылған жаралы сарбаздардың жаны қи­нала, ышқына айқай­лағанда төбе құйқаңды шымырлатады...

... 1710 жылы Кіші жүздің «Құлжұмыр-Қасқатөбесіндегі» бірінші құрылтайы болып өт­кеннен кейін, әр Арыс өз ұлыстарына қарай бет түзеген еді. Алайда қазақ жеріне дендей енген жоңғар жасақтары Ұлы жүз, Орта жүздің жерлері арқылы Кіші жүздің де шекарасынан асып, әр жерден бой көрсетіп, шеткері, шағын ауылдарын шауып­ кетіп жүрді.

Осы кезде Орта жүз шекарасы арқылы енген қалмақтың үлкен қолымен Кіші жүздің батыр­лары тама Есет, табын Бөкенбай  бастаған  қазақ сарбаздары күтпеген жерден «Құл­жұмыр-Қасқатөбенің»  солтүстік күншығыс бетіндегі «Мұзбел» төбесінің кең жазығында кездесіп қалды.

Осыдан бір жыл бұрынғы құрылтайда Тәуке хан мен үш жүздің игі жақсыларының алдында «жоңғарларға жерімізді беріп, Қап тауы арқылы Естек жеріне ауайық» - деген төрелер мен кейбір бай-манаптардың сөзіне ызаланып, долданған Бөкенбай  батыр:

- Бұдан былай әрі ырғалып, бері ырғалып отыратын уақыт жоқ. Қап тауына жеткенше, «е-е, сендер келе жатыр екенсің­дер ғой, үстімізден баса көктеп өте қойыңдар» деп қоғадай иіліп, қамыстай жапырылып, құлдық ұра қоятын көршілерді сендер көріп отырмысыңдар, мен көріп отырғаным жоқ. Көк сүңгілерін көкіректеріңе тіреп тұрып алар әлі. Өз жерлерін жауға алдырып жаурап келе жатқан жалаң иық қазақтарға жып-жылы баспанасын оп-оңай бере салып, баш­құрттардың басына ат тепті ғой деп пе едіңдер?! Ормандай орыспен осы күнге дейін тайталасып келе жатқанда, борбайлап босып келе жатқан бозөкпе қазаққа жүрегі шыдамай, оларға не көрініпті. Қашып бара жатып төгетін қанды біз неге осы ата мекенім­ізде ақтық деміміз тау­сылғ­анша шайқасып жүріп төк­пейміз? Қыршын боздақ­тары­мыздың төгілген қаны мен ата-бабаның әзіз моласын аттай қаш­қан­да ол жаққа барып көсегелеріңнің көгере қоятынын қайдан біліп отырсыңдар?! Өз басым осы ата қонысымда мола болып қаламын. Бірақ, тірлігімде күншығыстан босып­ келе жатқан қазақты көрсем де, мейманасы тасып келе жатқан жоңғарды көрсем де, қанжарым сынғанша қармап, найзам сынғанша шаншып бағамын! - деген батыр­дың алдында, мінеки, мейманасы тасыған қалың қалмақ тұр. Сол ұлы құрылтайда айтқан сөзі ойына оралған Бөкенбай батыр қасындағы Есетке қарап:

- А-а-ал, мына Доржы батыры бастаған ойраттардың мейманасы тасып, барлық қазақ даласын басып­ өтіп, біздің елге дендеп кіруі, менің кәрі жынымды қоз­дырғаны сондай, мына ноянына өзім шығамын жекпе-жекке, - деді.

Ашудан шара табақтай беті долы­рып, қарақошқылданып кеткен ол атын тебініп, ілгерілей берді. Есет батыр енді қайнағасы Бөкенбайды тоқтататын ешбір күштің жоқ екенін сезді де:

- Е-е, Бөке, жолыңды Алла оңдасын! Әруақтар қолдасын! - деп бетін сипады.

Екі жақтың қара құрымдай қалың қолының ортасындағы кең, ашық алаңға қалмақ нояны астындағы есік пен төрдей шұбар айғырын ойнатып шыға берді.

Бөкенбай батыр алыстан қарсыласының қолындағы ауыр найзасын көрді де, өзінің қарағай сапты қара найзасын ат үстінде ас­панға бір-екі атып жіберіп, қайта қағып алып келе жатты.

- Жекпе-жек! Жекпе-жек! - деген қазақ батырының күндей күр­кіреген зор дауысы жапан даланы жаңғыртады. Алқымына ашу тығылып, долданған, екі көзі қанталаған­ батырдың сұсы тым айбатты еді. Дене бітімі қарайлас екі батыр найза­ салысар жерге келіп, тұлпарларының ауыздығын тартқанда, екі ат та аспанға найзаша шаншылып, артқы екі аяқтарымен қақшия қалды. Бір-біріне өңіменінен өтер жанармен қараған қос батыр сәл уақыт кірпік қақпай қарай қалысты да, аттарының басын бұрып алып әудем жерге барып қайта салды. Алып кеуделерін қалқанмен жапқан олар ауыр сапты найзаларымен бір-бірін қағысып өтті де, аттарының басын қайта бұрды.

Екі батырдың артында тұрған қарақұрым көп әскердің өз батырын қолдап, ұрандаған дауысы осынау кең даладағы жүгірген аң, ұшқан құс атаулыны өз мекенінен бездіргені қашан. Бөкенбай батырдың астындағы ақтаңгер айғыр иесінің әр тізгін қағысын қапы жібермей, адамша түсінетін. Онысының бәрі жастайынан жаттықтырудың әсері еді. Жұлдыздай аққан қос тұлпардың үстіндегі батырлар осы жекпе-жекте екеуінің бірінің тағдыры шешілетін ақырғы айқас екенін анық сезіп келеді. Найза бойы жетер-жетпестей жерге келіп қалғанда егесінің сол жақ тізгінді елеусіздеу қақ­қанын қапысыз сезген ақтаңгер кенет сол жағына жалт берді де, қайта түзелді. Осы жалтарып барып­ түзелу жекпе-жек тағдырын толық шешті. Қалмақ батырының қарсыласына ұмсына сілтеген ауыр найзасы ауаны қармады да, сол екпінмен жанай өте бергенде Бөкенбай қарсыласының оң жақ қапталынан өтiп барып найзасын оның ашық өндіршек тұсына бойлата сұғып үлгерді. Ақтаңгер де шырқ айналып, атынан ауа берген қалмақты қапталдай шауып келеді. Қазақ батыры найзасын қайта суырғанда жоңғар ноянының ауыр денесі жусанды қатқыл жерге төңкеріле құлады. Сол-ақ екен, екі жақтың қалың қолы бір-біріне лап қойды да, ғаламат қырғын басталды да кетті.

***

Зауал ауып, аптап ыстық қайт­қанмен, ұлы шайқастың толастар түрі жоқ. Жалпақ алдаспанының жүзінен қызыл қан тамшылаған Бөкенбай батыр ту тігілген төбеге екпіндей шауып келді де, қаһарлы дауыспен:

- Әй, Шора! Қайда әлгілер, хабар жетпеді ме? - деді тұлпары­мен шырқ айналып жүріп.

- Хабар кетті, батыр, - дегенше болған жоқ, майдан даласының солтүстік жағындағы «Жаршағыл» құмын көктей өтіп, бес-алты жүздей қазақ сарбаздары ұрандап, түйдектеле шауып келе жатты. Бұл жасақ Орта жүзден Төлек батыр бастаған қол еді. Соғыс басталардан бұрын әлде қандай күн болады деп бұларды бой тасалатып қойған болатын.

«Тосыннан шапқан жау жаман» дегендей, тұтқиылдан тиген тың күш майдан тағдырын тез шешті. Бұзып-жарып ұмтыл­ған серпінді қол күні бойы қырқысып әлсіреп, титықтаған жау шебіне өрттей тиді. Жау әскері жанталаса шайқасып, қаша ұрыс­қа көшті. Кешке салым андыз­дай қашқан, тоз-тозы шыққан жоңғар әскерінің қалдығы шығысты бетке алып, бас сауғалап бара жатты.

***

Осы шайқастан кейін көп ұзамай кіші жүздің ханы Әбіл­қайыр, батырлары Бөкенбай, Есет, Кіші жүздің басқа да нар­қасқа батырлары мен Бүкірек батыр, Сартай бастаған «Мың бала» қолы Ырғыздың «Құрдым» деген жерінде мыңғырған қалың қолымен жеткен жоңғар қоңтайшысымен аласапыран айқасқа түскен еді. «Мың бала» қолы осы ұрыста айрықша көзге түсіп, ұрыс тағдырын шешіп берді...

Қарақұм құрылтайынан ке­йінгі бұл жеңіс қазақ даласындағы халқымыздың алғашқы жеңісі еді.

Сайлау  БОТАБАЕВ,

медицина ардагері

Аралқұм ауылы

Арал ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2012 >
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары