Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Немере несімен тәтті?
04.05.2017 15:07

Алпыстағы әжеммен ас ішуге қала мейрамханаларының біріне беттедік. Уақытты жоғалтпас үшін жақын маңай­дағы мейрамханаға кірдік. Мұнда көзім кіреберісте ілулі тұрған «ішкен дәміңіз үшін немереңіз төлей­ді» деген бір парақ қағазға түсті. Таңданысымды жасыра алмай, даяшыдан неліктен бұлай жазылғанын сұрағанымда «үлкенге құрмет көрсетуді ұмыт қалдырып  барамыз, кішкене де болса кішілігіміз бен кісілігімізді сақтайық деген ниет қой біздікі» деп қысқа қайыр­ды. Дереу жанымдағы жүзін әжім торлаған, бойы еңкіш тартқан, мұңлы жанарында талай жылдардың табы жатқан әжеме қарадым. Расында,­ бүгінгі жас буын үйіндегі қариясын қаншалықты бағалай алып жүр? Сәй­кесінше, самайы ағарған ақ шаштылар ұрпағының санасына титімдей тәр­биесін сіңіре алды ма?

 

Хош. «Атасы немересіне үмітпен қараса, немересі атасына күдікпен қарайды» деген сөз бар. Себебі немере­ мен атаның арасы алты айлық жол. «Қазақта елу жылда ел жаңа» дейді. Сол елу жыл ата мен немеренің арасын­дағы қашықтық сыңайлы. Жаңаның­  басында – немере, ескінің соңында – ата тұр. Ықылым заман­дардан ұлтымыз мұрагер мәселесіне өте терең мән берген. «Ұл өссе – ұрпақ, қыз өссе – өріс» деген. Баласы есейіп, ес білгеннен шаңырақ көтеріп, келін түсіруді әрбір ата-ана мақсат еткен­. Себебі тіршілік пен жастық бала­ға деген махаббатын жас күнінде байқатпайды. Ал қартайып, шашына ақ түскеннен кейін, бір шақалақты қолына алып, бауырына басуды қалаған олар баласын үйлендіріп, немерелі болуды асыға күткен. Негізі ата-әжесі тұңғыш немересін өз бауырына басу – бұрыннан бар үрдіс. Ал бүгінде жатырынан шыққан баласын қызғанып, жас келіндер қарттарға немерелерін жуытпай, тіпті көрсетпеуді шығар­ған. Мұндайда қариялар өзектері өртеніп, немересінің маңдайынан иіскей алмай зар болады. Тіпті кей қарт баласы мен келінін ойлап, көп жағдайда бас болуға, ақыл айтуға да қауқарсыз. Келінінің дегенімен жүріп, немересін апталап көрмегенге де көн­діккен. Десек те бес саусақ бірдей емес. Келіннің кесірі деп сөккенімізбен, қазіргі кей қарияның самайдағы ағарған шашынан басқа, сүйсіне қарайтын қарттығы қалмаған. Немересіндей қызбен көңіл жарастырып жүрген шал-шауқанның барын да жасы­ра алмаймыз. Неліктен? Осын­дайда­ жас күнінде тоймаған қыз-қырқынға қартайғанда қырғидай тигені несі деп те таңдай қағасың. Әжелер де келінімен жаға жыртысқанына мәз, екі оттың ортасында қалған немересі мен баласын ойламайтын да болған. Бұл – бүгінгі қоғамның келбеті. Не десек те, немере бәрібір ыстық. Екі әулетті бітістіріп, құдаларды мың жылдыққа туыстыратын да – осы немер­е. Қазақ құда мың жылдық деген­де, сірә, немеренің екі шаңы­рақты жақындастырар алтын көпір екендігін біліп айтқан болар, бәлкім. Не десек те бүгінде арамызда немере-шөберелерінің ортасында бақытты әже,  бақытты  ата атанғандар жетер­лік. Солардың көзқарасымен, солардың  ықыласымен немере ұғымын тағы бір таразылап көрелік.

Люба Ким, зейнеткер, 26 немере, 21 шөберенің әже­сі:

– Құдайға шү­кір, немерелерім бар. Немере деген балаға­ қарағанда ыстық деп жатады. Онысы рас. Менің түсінігімде немеренің ыстық болуы, өзегіңнен өсіп-өніп, енді алыстап, суысып бара жатқан балаңа деген сағыныш па деймін. Ойлансақ, немеренің ыстық болуы балаңның саған, сенің оған деген сағыныштардың түйісуі емес пе екен? Егер немерең саған жат болып тәрбиеленсе, онда бауыр етің балаң­ның  безбүйректігі  болуы  мүмкін.

Негізі ата-аналар күйбің тірлік, жұмысбастылықпен жүріп отбасына, бала-шағасына қарауды көп жағдайда ұмыт қалдырады. Өз балаларының қалай өскенін, сабақты қалай оқып, қалай ер жеткенінен де бейхабар болады. Қым-қуыт  тірлік өз балаларының тәттілігін аңғартпай тез өте шығады. Ал қартайып, зейнетке шыққаннан кейін кез келген адам өз ұрпағынан немере сүйіп, сәби иісін иіскегісі келеді, сағынады. Немерелі болып, көзқуанышын еселей түскісі келеді. «Балам – балым, баламның  баласы – жаным» деген қарапайым­ тіркес  те  соны  ұқтырады емес пе? Дәл  сол ұғым бүкіл  қазаққа  таныс әрі түсінікті. Менің  бүгінде 26 немерем, 21 шөберем бар. Бірін артық, бірін кем көрмеймін. Бәрі өз ұрпағым, өз қаным деп  жақсы көремін.

 

Мәдина Бейсенова, Шиелі ауданы, Қосүйеңкі ауылы, 5 немеренің әжесі:

– 18 жасымда тұрмысқа шығып, отбасылық өмірге ерте араластым. Алғаш­қы баламды 19 жасымда дүниеге әкелдім. Қазір 6 баланың анасы, 5 немеренің әжесімін. Жасымыз егде тартқан­ шақта сәби иісін сезіну үлкен бақыт деп білемін. Сол бақытымды бағалап, немерелерімді еркелетуден шаршаған емеспін. Қалай шаршайын?! Әр қылықтары мен айтқан сөздері өте тәтті, әрі  сондай қызық. Отбасымызда солардың қылығына қарап, бір ыдыстан су ішкен балапандай шүпірлей жинала қаламыз. Кейде олар атасы екеумізге арқа сүйеп, өз әке-шешелерін тыңдамай кетеді. Ол кезде іштей соларға сүйсінесің. Бізге сенгені, бізді ерекше жақсы көретіні қуантады. «Немере не сұраса соны бер, балалық шағың есіне түседі», - деген бар емес пе, сол сияқты біз де соларға қарап балалық, жастық кезеңдерімізді көңіл сүзгісінен өткізе­міз. Оларды қанша еркелетіп, ылғи жанымызға алып жүрсек те бір жалықтырмайды. Мүмкін тәттілігі өзіне тартатын шығар?! Келінім де құрақ ұшып, алды­мыздан кесе өтпейді. Немерелерімді  көре алмай  қаламын, құшақтай алмай қаламын деген ой болған емес  менде. Аллаға  шүкір!

 

Шанжархан Бекмағанбетов, фило­лог­ия ғылымдарының кандидаты, доцент:­

– Немере  тәтті, әрине. Өйткені ол – ең әуелі сенің  ұрпағыңның жал­ғасы ғой. Аллаға шүкіршілік етесің. Солар­ға қарап әулеттің ертеңін бажайлайсың. Екіншіден, олардың сәби күлкілері, риясыз қылықтары жаныңды баурайды. Таза періште көңілмен айтқан әр сөзі қызық, ал әңгімелесе бастасаң шетіне шыға алмайсың. Немереден періште тазалықты көріп, жалпы жараты­лыстың  құдіретіне өзгеше көзбен қарап, таңырқағандай сезімдерге бөленесің. Менің де бірнеше немерем бар, алды есейіп қалды, тіл-көзден аман болсы­н деп шүкіршілік жасап жүрген жайымыз бар. Ал кішкенелері – Нариман, Мақатай, Нұрислам, Айзере, Айару­лар балабақшаға барады. Әрқайсысының өзінше бөлек мінезі, қылығы қызық. Енді осылардың жаманшылығын көрсетпей, дұрыс тәрбие беріп, азамат қатарына жеткізсек деген ата тілекпен келеміз.

Түйін. Немере, расында, несімен тәтті? Тәтті-тәтті деп тәлпіш етіп жібермейміз бе? Қалғанын өзіңіз бажайлаңыз, оқырман!

Маржан  ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,

ҚМУ-дың  студенті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары