Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
Жеті турдан соң жеткен жеңіс
12.05.2017 09:57

Өткен сенбіде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының XI кезеңі ая­сында жергілікті «Қайсар» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады. Кездесу Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңында өтті. Себебі осыған дейін Қызылордадағы қос стадионның (Орталық стадион, Локомотив) сапасының сын көтермейтіндігі белгілі болған-ды. Ал қо­салқы алаң небәрі 1300 адам­ға лайықтап салын­ғанымен, естуімізше са­пасы ҚФФ-ның барлық талап­тарына сай екен. Соны­мен, су жаңа алаңда алдына жан салмауды мақсат тұтқан Младенов шә­кірттері алғашқы минуттардан-ақ жеңіске деген құлшыныстарын байқатты. Оның үстіне бас бапкердің батыстық ұжымнан ұпай еншілей алмаса, жағдайы қиын еді...

Ойынның 16-минутында Аржанов мергендігімен танылып, «қасқырларды» есепте алға шығарды. Кездесудің бірінші бөлігінің аяқталуына 4 минут қал­ғанда Евстигнеевтің дер кезін­де  жеткізген  пасынан тағы да Аржанов нәтиже шығарды. Есеп 2:0. Бұл кезде мерейіміз үстем боп, шат-шадыман күй кешіп отырған біз ойынның одан әрі қалай өрбитінінен бейхабар едік. Десек те есептегі басым­дықты еселеудің, есептегі басымд­ықты сақтап қалудың маңызды екенін біліп отырдық.

Алайда бәрі біз ойлағандай болмады. Қарсыластарымыз қарымта қайтарғанда сан соғып қала бердік. Алдымен Жуниор Оливейра жойқын соққысымен Исламқұловты қапы қалдырса, көп ұзамай Игорь Зенькович есепті теңестіріп кетті. Осыдан кейін абдырап қалған Стойчо Младенов ойынға тың  ойыншыларды  шығару­ға  бекінді. Дәлірек айтқанда, Руслан Сақалбаев, Жамбыл Көкеев, Елжас Алтын­бековтерге  сенім артты­. Кездесудің аяқ­талуына са­наулы минуттар қалғанда «Ақтөбенің» айып алаңында қақтығыс болып, Жамбыл Көкеевке қарсы ойын ережесі бұзылғанын байқадық. Көп ұзамай төре­ші «Ақтөбе» қақпасына он бір метрлік айып соққысын белгілеп, Папа Гуйеге қызыл қағаз көрсетті. Өз кезегінде «Қайсардың» капитаны Мақсат Байжанов допты қақпа торында тулатты. Бұл төреші қосқан 4 минуттың ішінде  орын алған жағдай еді. Қорытынды  есеп 3:2.

Жеті кезең бойына жеңіс дәмін татпай келе жатқан ұжым осылайша 3 ұпайға ие болды. Бұл «Қайсардың» турнир кестесіндегі орнына да әсер етті. Ес жиып, еңсе тіктеген Сыр аяқдопшылары 15 ұпаймен 6-орынға тұрақтап отыр.

«Қайсар» – «Ақтөбе» 3:2

Ескертулер: Ламанж 81, Чуреев 86, Камара 87 – Айт­баев 32. Ойынның 90-минутында Папа Гуйе алаңнан  қуылды.

«Қайсар»: Исламқұлов, Граф, Камара, Ламанж, Евстиг­неев, Чуреев, Нәр­зілдаев (Сақалбаев 68), Байжанов, Курьор, Ар­жанов (Алтынбеков 88), Нико­лич (Көкеев 68).

«Ақтөбе»: Сидельников, Морейра (Зенькович 46), Джуниор (Тотай 62), Оливейра, Воловик, Гуйе, Алмейда, Айтбаев, Байтана, Кәкімов, Шурыгин (Аслан 62).

Төрешілер: Тевяшов, Дерцапф (екеуі де – Орал), Ходин (Атырау). Қызыл­орда қаласы. Орталық стадионның  қосалқы  алаңы.

Айта кетейік, «Қайсардың» келесі кездесуі 14 мамыр күні, Тараз қаласында «Тараз» футбол клубына қарсы өтеді.

 


 

 

Алғашқы  айналым:

ДЕРЕК  пен  ДӘЙЕК

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының алғашқ­ы айналымы аяқ­талды. Дегенмен, ел чемпионатының бірінші айнал­ымында күнтізбедегі барлық ойындар өткен жоқ. Себебі көк­темде кейбір  клубтарымыздың стадиондары дайын болма­й, кездесулер кейінге шеге­рілді. Жалпы есептегенде  бірінші айналымда  65 ойын өтіп, 155 доп соғыл­ды. Алғашқы айналымның қорытындысы ретінде назар­ла­рыңызға статистиканы ұсынып отырмыз. Клубтардың өте жақсы ойыны мен әлсіз тұстарынан хабар­  беретін ақпаратқа «Қайсар» футбол клубының атауы енбепті. Бұл қызылордалық команданың ортаңқол клуб екендігінен хабар берсе  керек-ті.

Ең көп доп соққан командалар: «Қайрат» (23 доп – 12 ойында), «Астана» (22 доп – 11 ойында);

Ең аз доп соқан команда: «Тараз»­  (7 доп);

Өз қақпасына ең аз доп жіберген команда: «Тобыл» (7 доп –           12  ойында);

Өз қақпасына ең көп доп жіберген­ командалар: «Шахтер» (17 доп – 10 ойында), «Тараз» және «Ақжайық» (17 доптан –   11  ойында);

Доп айырмасы үздік команда: «Астана» («+14», 22-8);

Доп айырмасы төмен команда: «Тараз» («–10, 7-17);

Жеңілісі аз командалар: «Ас­тана»­  және  «Қайрат»  (1 жеңіліс);

Жеңілісі көп командалар: «Шахтер»­ және «Тараз» (6 жеңі­ліс);

Жеңісі көп командалар: «Ас­тана» және «Ордабасы» (7 жеңіс);

Жеңісі аз командалар: «Ақ­тө­бе», «Шахтер», «Тараз» (1 жеңіс);

Тең ойыны көп команда: «Қайрат» (7 тең ойын);

Алаңға аз ойыншы шығарған команда: «Астана» (17 футболшы);

Алаңға көп ойыншы шығарған командалар: «Ордабасы», «Қайрат», «Атырау», «Шахтер», «Ақ­жайық» (23 футболшыдан).

Рыскелдi  СӘРСЕНҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары