Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
«Заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізгендердің дені алаяқтарға алданып қалған»
18.05.2017 12:23

Берік  Сәрменбаев,

Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

 

Күн жылынды. Тіршілігі қым-қуыт аймақтарда құмырсқа-тірлік басталып та кетті. Дені – баспана қамымен құрылыс жүргізіп жатқандар. Тұрғын үй құрылысы үшін біреулер жерді сатып алса, енді бірі заңсыз жерге іргетас құйып, қақыра болса да бір үй соғып алғанды жөн көреді.

Алайда осы сатып алған жеріңіздің құжаты дұрыс па? Құжатсыз жерге құрылыс жүргізгеніңіз үшін заңсыз жер иеленуші қатарына ілігетініңізді білесіз бе? Мақұл, тілімдей қағазы жоқ жерге үй салдыңыз, араға уақыт салып ол жердің мемлекеттік құжаттарын ретке келтіруге болады ма? Жолдары қандай? Әупірімдеп салған баспанаңыз мемлекет шешімімен бұзылса, шараңыз қандай болады? Осы тектес бүгінгі күннің басты сауалдарына жауап іздеп, Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Сәрменбаевты әңгімеге тарттық.

- Берік Әбдіғаппарұлы, соңғы жылдары­  қала аумағында заңсыз жер иеленуш­ілер қатарының  көптігі анық­талуда. Мұның  себебі  неде?

- Қазіргі уақытта Қызылорда қаласын­дағы мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін өз бетінше иеленіп, заңсыз құрылыс жұмыстарын жүр­гізген тұлғалардың қатары көптеп анықталғаны  рас. Атап айтатын болсақ, 2016 жылы тек Қызылорда қаласында 818 жер учаскесі анықталды. Мұндай заңбұзушылықтың орын алуын­ың басты себебі, заңсыз құры­лыс­ жұмыстарын жүргізген тұлға­лардың дені – алаяқтарға алдану­ фактіл­ері. Нақтырақ айтатын болсақ, қалаға көшіп келген тұлғалар алаяқтардың «жердің құжаттарын әзірлеп, дайындап беремін» деген жалған сөздеріне сеніп, ешбір құжатсыз құрылыс  жұмыстарын  жүргізген. Бұл жағдай­ қолданыстағы заң нормаларының  талаптарына сәйкес мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін өз бетінше иеленіп, заңсыз құрылыс жұмыстарын  жүргізген  деп  таны­лады.

- Халық арасында тиісті заң шеңберінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді ме? Жалпы, құжатсыз жердегі нысан қандай жағдайда бұзылады?

- Қызылорда аумағында заңсыз жер иеленудің алдын алу бағытында 2016 жылдан бастап «Тұрғындар назарына!» тақырыбында күніне 3 рет жиілікпен 15:00, 20:00, 23:00 сағаттарында жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасынан  көрсетілуде.  «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан «Жерді заңсыз иелену бойынша» тақырыбында сюжет берілді. Заңсыз жер иелену бойынша 3 наурыз күні Өңірлік  коммуникациялар  қыз­ме­тінде арнайы брифинг өткізілді. «Қоғам ТВ» телеарнасында «Мезгіл мәселесі» бағдарламасынан заңсыз жер туралы тікелей эфирде сұхбат берілді. «Фейсбук» әлеуметтік желі­сінің «Қала әкімдігі», «Қалалық ішкі саясат» парақшаларынан «Тұрғындар назарына!» атты бейнеролигі жарияланды.  Ақпараттық-насихаттық пост орналастырылды. Сонымен қатар, заңсыз  жолмен жер телімдерін сату фактілерінің  алдын  алу және заңсыз салынған  іргетастарды  бұзу жұмыстары жүргізілетіндігі туралы қала тұрғындарын кеңінен ақпараттан­дыру мақсатында, жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» және «Қоғам ТВ» телеарналарынан тұрақты түрде арнай­ы әзірленген тақырыптық бейнеро­ликтер  көрсетіліп,  облыстық «Сыр бойы» газетіне (2016 жыл­ғы 06 желтоқсандағы №186 саны) мемлекет меншігіндегі жер учаскеле­рін өз бетінше иеленген 818 аза­маттың  тізімдері  толық  жарияланды.  Жер  телімдерін сатып алу немесе құжаттарды рәсімдеу барысында алаяқта­рдың арбауынан сақтандыру бағытында арнайы әзірленген бейнеролик­тер «Фейсбук» және басқа­  да әлеуметтік желілер арқылы халықтың назарына ұсынылды. «Ақмешіт апталы­ғы» газетінен «Жерді заңсыз пайдалануға негіз жоқ» тақырыбында 07.01.2017 жылды­ң №1 санында мақала жарық көрді. Бұл жұмыстар жалғасын  табатын  болады.

Жалпы, тұрғындар тарапынан салын­ған құрылыстың жер учаскесіне­ сәйкестендіру құжаттары, яғни мемлекеттік немесе құқық белгілейтін құжаттар  болмаған жағдайда құрылыс заңсыз  деп танылып, аталған жердегі құрылыс мәжбүрлі түрде бұзылуғ­а  жатады.

- Қазіргі күні жер алу үшін өтініш жазғандард­ың қатары қанша адамды құрап  отыр?

- Бүгінгі күні есепті мерзімде қала аумағынан жеке тұрғын үй құрылы­сына жер учаскесін алу үшін өтініш білдірген азаматтар саны 53 мың 709-ды құрап отыр. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда Қызылорда қаласы бо­йынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне кезекте тұрған азамат­тардың сұранысын қанағат­тандыру бағытында тиісті шаралар қабылдануда. Солардың ішіндегі ең ауқымдысы облыс әкімінің тікелей қолдауымен республика бойынша алғаш болып, жалпы көлемі 980 гектар  болатын жаңа «Бәйтерек» тұрғын ауданынан қала тұрғындарына жер телімдерін  табыстау  жұмыстары бас­талған  болатын.

Бүгінде Қызылорда қаласы бойынша арнайы жер кезектілігінде тұрған азаматтардың ішінен, 2005 жылы арнайы­ жер кезегіне тіркелген қала тұрғындарының өтініштері қанағаттандырылуда.

- Елді мекен шегінде белгілі бір нысан­ салу үшін жер телімін беру қай бөлімнің  құзырына  қарайды?

- ҚР Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес, кәсіпкерлік мақсатындағы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелері сауда-саттық (конкурс, аукцион) арқылы табысталатындығы көрсетілген. Яғни, қала немес­е ауылдық елді мекендердің аумағынан кәсіпкерлік жүргізу үшін немесе  басқа нысандардың құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін заңды немесе жеке тұлғаларға тек сауда-саттық (конкурс, аукцион) арқылы меншік құқықтарына та­бысталады. Бұл бағыттағы жұмыс­тарды жер қатынастарын реттейтін жергілікті уәкілетті орган, яғни қалалық жер қатынастары тарапынан жүргізіледі.

- Мемлекет жерін заңсыз иеленіп, ешқандай құжатсыз үй салып алған азамат­тың кейіннен мүлік құжатын заңдас­тыруға  құқығы  бар ма? Айыппұл салынады  ма? Жолдары  қандай?

- Қызылорда қаласы бойынша заңсыз иеленіп алған және нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай жатқан жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын  жүргізу  мақсатында қала  әкімдігінің, қалалық прокуратураның және басқа да құзырлы орган­дардың  қызметкерлері  бірік­кен арнайы­  жұмысшы тобы құрылды, соным­ен  қатар  жеке тұлғалардың  жер телімдерін заңдастыру жолдар­ын қарастыру және басқа да қажетті шараларды қабылдау мақсатында облыс әкімдігі, сот, прокуратура және құқық қорғау органдарымен келісілген 4 бағыттағы алгоритмі бекітілді. Аталған алгоритм аясында өз бетінше иеленіп, заңсыз құры­лыстарын жүргізгендер заңнамада көрсетілген әкімшілік айыппұлды төлей отырып, заңсыз иеленуші тарапы­нан сот органдары арқылы меншік құқығын тану жұмыстары жүргізіліп, өз бетінше иеленген жер учаскесін заңдастыру жүргізілуде.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы­ ҚР Кодексінің 136-бабына сәйкес, мемлекет меншігіндегі жер учаскесін заңсыз иеленген жеке тұлғаларға 75 айлық есептік көрсет­кіш, яғни 170 175 теңге, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 226 900 теңге­ мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Осы ретте, қолданыстағы заң нормаларының талаптарына сәйкес, мемлекет меншігіндегі жер учаскесін заңсыз­ иеленгені үшін әкімшілік айыппұ­л  төлеу – міндет.

- Жерінің де,  үйінің де құжаттары бар  нысан  қандай жағдайда бұзылады?

- Әр заманда да жер мәселесі аса маңызды мәселе болып табылады. Сонымен қатар, жер мәселесімен бірге  жер  дауы қатар жүретіні белгілі. Осыған байланысты, Сіздің айтып отырған мәселеңіз өте маңызд­ы және бүгінгі  күні көптеген фактілер бар осы  тектес. Сондықтан осы мәселені тарқаты­п айтайын. Жер учаскесіне тиісті сәйкестендіру құжаттары бар бола тұра, алайда өзіне белгіленген жер учаскесіне салма­й басқа тұлғаның  немесе басқа­ аумаққа салған жағдай­да ол бұзылу қажет деп танылады. Себебі, салынған құрылыс бөгде тұлғаның меншігіндегі жер учаскесінде орналасқан. Осы ретте, жоғарыда аталған мәселе­лер ҚР Жер Кодексінің 167-бабына сәйкес Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады.

- Жерді   заңсыз   иеленгендердің    дені – ол жер телімін сатып алған кезде алаяқ­тықтың  құрбаны болғандар. Осы төңірегінде тұрғындар қандай да бір жылжымайтын мүлік сатып аларда құжаттардың  қай түріне  жіті назар аударуы  керек? Сондай-ақ, жұрт арасында  кезексіз,  тамыр-таныс,  ақша  арқы­л­ы жер алу бар деген әңгіме әлі де айтыла­ды.  Бұған  не  дейсіз?

- Жер учаскесін бір тұлғадан сатып­ аларда төмендегі жұмыстарды атқару қажет. Бірінші, құқық белгілейтін құжаттарын (жер учаскесіне құқық берет­ін актісі, қала әкімдігінің қау­лысы, жер учаскесін сатып алу-сату шарты және тағы басқа құжат­тарын) алмай, сонымен қатар алаяқтарға алданбау мақсатында сатып алынатын жер учаскесінің құжат­тарын толық алмайынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды. Екінші, сатып алған жер учаскесінің нақтылы орналасқан орнын анықтауға, яғни қазықтарын қақтыртуға Қызылорда қаласы, Абай даңғылында­ орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бо­йынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментіне өтініш беріп нақтылаған жөн. Ескертетін жағдай, жер учаскесін нақтылау жұмысы­ ақылы негізде жүргізіледі. Сонымен қатар, ҚР Жер Кодексінің 44-1-бабы 8-тармағына сәйкес, «жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдау хаттары) арна­йы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына­ қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандыры­лады»  деп  көрсетілген.

Яғни, заң нормаларының талап­тарына  сәйкес, мемлекет меншігіндегі  жер учаскелерін табыстау тек ар­на­йы жер кезектілігінің тізімінде белгі­ленген  ретімен берілетіндігін, сонымен  қатар тізімге енгізілген  азамат­та­р­дың  құқықтары  тең  деп  танылады.­

- Әлеуметтік желілердегі жарнама агенттіктерінде 2006, 2007 жылғы жер телімдеріне жазылған арыздарды саудалап жүр. Ең арзаны – 300 мың теңге. Мемлекеттен бөлінбеген жердің арызын сатып алу заңдылыққа сай келе ме?

- ҚР Жер Кодексінің 44-1-бабы, 8-тармағына (жоғарыда көрсетілді) сәйкес, жер телімі тек арнайы жер кезегінде тұрған азаматтарға кезектілік ретімен беріледі. Бүгінде 2005 жылы кезекке тұрған азаматтарға жер телім­дерін табыстау жұмыстары жүргі­зілуде. Ал 2006, 2007 жылғы жер телі­мін сұрап жазған арыздарын сату фактісі заң нормаларына сәйкес заңсыз деп танылады және алаяқтарға жолығу қаупі аса жоғары. Сондықтан, 2006, 2007 жылдардағы жазылған арыздарды сатып алу немесе сату қолданыстағы заң нормаларының талаптарына қайшы келетін жағдай.

- Жердің пайдалану мақсаттары жөнінде  бірер  ауыз  сөз... (құрылыс­қа, кәсіпкерлік  мақсатқа, т.т.)

- ҚР Жер Кодексінің талаптарына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері уақытша өтеулі құқығымен (жалдау) табыстала­тындығы көрсетілген. Яғни, жалдау құқығымен берілген жер учаскесін бөгде тұлғаға сату, мұраға қалдыруға немесе басқа мәмілелер жасауға болма­йды. Сол себепті жер учаскесіне тиісті құрылыс жұмыстарын жүр­гізіп, оған техникалық паспорт әзір­леп, оны мемлекеттік органға тіркете­ отырып, жекеменшік құқығыңызға алу қажет. Егер де жалдау мерзімінде игермей, пайдаланбаған жағдайда сот тәртібі арқылы мәжбүрлі түрде мемлекет қорына қайтарылады. Дәл осындай талаптар ауыл шаруашылы­ғы және кәсіпкерлік мақсатындағы табысталған жер учаскелеріне де қойылады.­

- Соңғы рет «Бәйтерек» ауданынан 6600 адамға жер телімі берілді. Бой көтеретін жаңа ауданның инфра­құрылымдық жағдайы жөнінде айт­саңыз. Оған қай жылдары кезекке қойыл­ғандар   қол  жеткізеді?  Енді  тағы жер  телімі  қашан  беріледі?

- Жалпы көлемі 980 гектар болатын  жаңа «Бәйтерек» тұрғын ауданынан қала тұрғындарына жер телім­дерін табыстау жұмыстары бастал­ғандығы  өздеріңізге  белгілі.

Облыс  әкімдігінің 2013  жылғы  27 мамырдағы №148 қаулысымен бекіт­ілген Қызылорда-Жезқазған трассасы бойындағы жалпы көлемі 980 гектар аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Аталмыш жобаны жүзеге асыру мақса­тында, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 980 гектар аумақтың инженерлік-инфра­құрылым желілерінің құры­лысын жүргізуге 10 млрд теңге шамасында қаражат бөлінді. Бүгінде межеленген жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылып, бөлінген қаржы көлемі мерзімінде игеріліп, аталған жаңа аудан ауызсу, электр желісі және газ құбырларымен қамтамасыз етілді. Қала бойынша 2005 жылы арнайы жер кезегіне тіркелген азаматтар жер теліміне қол жеткізе алады.

- Қандай жағдайда жер учаскесі мемлеке­т  меншігіне  қайтарылады?

- ҚР Жер Кодексінің 92-бабы,  2-тармағына сәйкес, егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы­ шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағ­дайда, онда ҚР азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жекем­еншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатад­ы. Қолданыстағы заң норма­ларының талаптарына сәйкес, жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбаса немесе игермесе, мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде қайтар­ылады. Сонымен қатар, Кодекстің 84-бабына сәйкес, жер учас­кесi мемлекет мұқтажы үшiн ерекше жағдайларда, бұл мұқтажды өзге де тәсiлмен қанағаттандыру мүмкiн болмаған және мүлiктi меншік иесі­нің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шы­ғарыл­уы мүмкін. Яғни, табысталған жер  учаскесінің мемлекет мұқта­жы­на­ ала отырып, мемлекетке қайтару жұмыстарына жатқызуға болады.

- Уақыт бөліп, сауалдарымызға жауап­  бергеніңіз үшін алғыс айтамын!

Сұхбаттасқан Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары