Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
“ХАЛАЛ ТОЙ” қадірімізді асыра ма, құтымызды қашыра ма?
11.10.2012 10:42

Біз неге сондаймыз? «Қандаймыз?» деп отырған боларсыздар. «Халал­ той» өткізу жайында айтыла бастаса, “ол тойға сонда бірыңғай­ «сақалдылар» келе ме?” деп үрке қарауға әзірміз. Бұл сөзден «сақалдылар» шарап ішпейді, той қызықсыз болады» деген түсінік қалыптасуы мүмкін, алайда жаңсақ пікір екенін ескеру де қиын емес. Бұл бар болғаны – ішімдіксіз өтетін той. Ұл отау құрып, қыз ұядан ұшып, арда ағайын мерейлі жасқа толып, бала азаматтыққа аяқ басқандығын атап өтсе, тойдың сәніне айналған арақсыз түк бітпейді деп ойлайтындар әлі де аз емес. Бірақ, халал той өткізуші халықтың да көбейгені рас.

Той-томалақсыз түтін түтетпей­тін қазақ халқы үшін арақ атадан қалған ас секілді төрде тұрады. Мұны қанша жерден айтпағанмен, көзге ұрып тұрған шындық екені тағы рас. Ащы суды қоймаса, той өтпей қалатын сияқты көріне ме, әйтеуір есіктен жәшіктеп кіріп, құтының қирандысы болып шығып жатады. Ұрыс-керістің, келіспеу­шіліктің, ұрлық-қарлық, төбелестің түп-төр­кіні – осы арақ екені бесенеден белгілі. Дей тұрғанмен, қонақтан бұрын төрге жайғасып тұратын осы ішімдік атаулыдан арылып, толықта­й “халал той” жасауға  қа­шан   көшер  екен­біз? Бұл арақ асқа тола жайылған берекел­і дастарханның берекесі­н қашырып, ырыс-несі­бен­ің ысырап болуына бір­ден-бір себепкер. Арақ ішу атадан қалған дәстүр еместігі сан мәрте ай­тылса да, оған тыйым болмай тұр.

Негізінде ішімдік­сіз той өткізу тек намаз оқып, дін жолын ұс­танып жүргендерге ғана емес, ол барша мұ­сылманның ортақ міндеті деп білген жөн. «Арақ қоймасам, тойыма адам келмей қалады», «құдалар не ойлайды?» деген жаңсақ пікір­лерден арылу керек секіл­ді. Ата-баба аманатын орындап, абырой­ мен қуанышқа ортақ­тасуға келген ағайынды неге біз ащы су беріп қарсы аламыз? Оның орнына қымыз, шұбат құйып, шалқытып жіберуге болмас па еді? Тіпті бұл турал­ы пайғам­ба­рымыздың өзі (с.а.у.) «Алла тағалаға және ақырет күніне иман келтірген адам ішімдік қойылған дастарханға әсте отырушы болмасын» деп құл­шылық еткен жұмыр басты пенделеріне қатаң ескерту­ жасаған. Асылы, бұл сөзден ұғарымыз да, ұтарымыз да мол. Біріншіден, отбасындағы бақ-береке­ қашады. Екіншіден, дастархан басын­да ішімдік ішіп отырып өскелең­ ұрпаққа берген тәрбие тізгіні ырыққа көнбейді. Үшіншіден, елден бірлік ыдырап, ағайын арасында алауыз­дық туындайды. Әлбетте, «қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса» демекші, той иесіне «арақ қойма!» деп те айтуға болмайды. Ол әркімнің өз еркі, тек жақсылықтың бастау болар тұсын бір-біріне сілтеп отыру – адамдықтың белгісі. Түйсі­гінде ойы бар саналы адамның басын­да Ибн Омар pиуаят еткен Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Алла тағала арақты лағынеттеді, оны ішуші мен құйып берушіні, оны сатуш­ы мен сатып алушыны, оны дайындаушы мен дайындатқанды, оны алып келуші мен алдыртушыны және онымен күн көрушіні әлбетте тозаққа кіргіземіз» деген сөзін ескерген әрбір адам той жасап, молынан сауап алғанымен, талай жанға дәм таттырған арақ арқылы сол сауабын еселеп жеңетін күнәға батып жат­қандығы жанға батады. Бұл дүниенің тамаша мүмкіндігін бағалай алмаған қаншама пенде осы жолдың зардап шегушісіне айналып-ақ жатыр. Әсіресе, қайта айналып соқпайтын ұлы өмірде жас жұбайлардың бас қосып, бақытты болатын ұлық күнде қайтіп бата-тілек айтатынымызды көз алдыңызға бір сәт елестетіп көріңізші. Айтар сөздері аузынан тайып, не өзі, не тойшыл қауым түсінбейді. Жасыратыны жоқ, кей­бірі осы суды ішкен соң қайда, кім­дермен, не үшін отырғанын естен шығарады. Осы кезде «Қолымызға арақ алып: «Я, Алла! Ұл-қызымды бақытты ет» деп сұраймыз. Ұл-қызымыз бақытсыз боп кетсе­ егер, «Саған Құдай не жаздым?» деп жылаймыз. Екі жасты сылтау етіп есіріп, Тост айтатын той жасаймыз бір ай біз. Арақпенен санаң бір күн сарқылып, Түзу жерде тік жүре алмай құлаймыз. «Дастарханға егер арақ қоймасам, Құдам ертең не дейді?» деп шулаймыз. Ағыл-тегіл арақ құйып ақыры, Құдай емес, құдамызға ұнаймыз» деген өлең жолдары еріксіз есіңе түседі. Демек, қолымызға көз арбайтын шайтан суды толтыра құйып, Алладан жалбарынып тілек тілейміз. Аузымыз «Алла» дегенмен, бүкіл денеміздің шайтан сумен шайылып тұрғанын ескермейтініміз өкінішті. Мас болғанмен, ниетім түзу деген қате пікір­ден арылу керек. Себебі Пайғам­барымыздың  (с.а.у.) бір хадисінде: «Әрбір мас қылатын нәрсе харамға жатады» деп анық көрсетілген. Бүкіл зұлымдық атаулының басы, мейірім­сіздік, алауыздық атаулының көзі саналатын арақ ішу қанға сіңген қасиет еместігін ұғыну – харам істерден алшақтаудың тәсілі. Құт қонақты мерекемен қарсы алып, берекемен оттың басынан қайтарудың өзі үлкен ерлік. Әр нәрсені сылтауратып, қуаныш жұғысты болсын деген ниет­пен арақ ішкен адамның айтқаны қабыл болмасын ескерген жөн. Отба­сының шырқын бұзып, елдің іргесін сөгетін барлық құқықбұзушылық оқиғалар да осы арақпен тікелей байла­нысты. Бұл төңірегінде хадистер де, қанатты сөздер де, тәрбиелі әңгі­мелер де жетерлік. Мәселен, Пай­ғамбарымыздың құрметті сахабаларының бірі Осман ибн Аффаның (р.а.) мынадай бір әңгімесі ел арасын­да айтылып та жүр. Ол аз десеңіз­, кітаптарда да сақталған. «Арақтан аулақ болыңдар, ол – қайғы-қасірет атаулының көзі. Сендер­ден бұрынғы заманда бір кісі өткен еді. Ол құлшылық-ғибадатқа беріліп, ұдайы ел-жұрттан оқшау­ланып жүретін. Міне, сол кісіге бір арсыз әйелдің көзі түседі. Оған күңін жіберіп, куәлік етуге шақырады. Сөйтіп әлгі кісі үйге кіргенде, әйел есіктерді іштен мықтап бекіте бастайды. Бөлмеде ұятсыз әйелдің қасында бір бала мен арақ құйылған ыдыс тұр еді. Әйел: «Ант етемін, сені куәлік ету үшін шақыр­ған жоқпын, менімен біpге боласың не мына балан­ы өлтіресің, я болмаса, арақ ішесің деп шақырттым», – деп мәжбүрлі жағдайға душар етеді. Тығыры­ққа тірелген әлгі кісі көп ойланып­, ақыры арақ ішіп қана құтылған­ды жөн көреді. Алайда, арақ ішісімен әлгі әйелмен зина жасап, баланы да қайтіп өлтіргенін байқамай қалады». Осы әңгімеден-ақ залымды­қтың бастауы – арақ екенін ұғыну әсте қиын емес.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген тәмсіл сөз де бекер айтыл­маған. Ең бірінші бесікке дейін құрылатын босағаның келешегін ойлаған дұрыс. «Харам менен халалды ажыратпай, Қай тірлікпен біз бүгін шат­танайық. Бұрынғының ұраны Аллаһу акбар, Бүгінгінің ұраны ап қояйық» деген өлең жолдарынан ұғарымыз көп болса, тал бесіктегі тәрбие түзеліп, шаңырақтағы шаттық та шалқи түсер еді.

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2012 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары