Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
“Барымтаның” қарымтасы
25.05.2017 16:20

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының  ХІІІ  кезеңінде жергілікті “Қайсар” Қара­ғандының “Шахтерін” қабылдады. 2000-ға  жуық  көрермен­ді жинаға­н ойын Ғ.Мұратбаев атындағы  стадионның қосал­қы алаңын­да өтті. Өз жерінде сауат­ты ойын өрнегін көрсететін Младено­в  шәкірттері бұл жолы да әдетінен жаңылмады.

Кездесудің 24-минутында қонақтар сапынан Стояно­вичтың алыстан шірене тепкен добы қақпа торында тулады. Желдің ың­ғайына­  ойнаса да, “дала қас­қырлары” ойынның бірінші  бөлігінде есепке өзге­ріс енгізе алмады. Үзілістен соң,  кем-кетігін түзеп, ес жиып шыққан  қайсарлықтар  қарқынына  қарқын  қос­ты. Осы  орайда, бапкердің кө­регендігін де айта  кету  керек. Себебі, алаңға шығарған  ойыншылары  Стойчо бапкердің сенімін ақтап, екі гол  соқты. Әуелі  ойынның 53-минутында Елжас Алтынбеков таразы басын­ теңестірді. Ал ойының аяғына қарай капитанның орнын­ басқан Валерий Коробкин “Қайсарды” есепте алға шығарды. Сондай-ақ, Мулдаровтың орнына кірген Сақалбаевты да нашар ойнады дей алмаймыз. Демек бапкер сырт­тай бақылап, оң нәтижеге иек артатын ойыншыларды шы­ғарып отыр. Айтпақшы, кездесудің бірінші бөлігінде алаңға шабуылшысыз шықтық. Бір жағынан қарасаңыз, ұрысқа қарусыз шыққанмен бірдей сияқты...

Қос команда арасындағы ойыннан соң “Қайсардың” бас бапкері, болгар маманы Стойчо Младенов “бұл жеңісімізді әкімге арнаймыз, бүгін оның туған күні” деп жадырап сала берді.  Иә, “Қайсардың” жеңісі – әкімнің де қуанышы.

“Қайсар“ – “Шахтер” арасындағы кездесулердің тарихы:

20.05.2017 Қайсар-Шахтер 2:1

18.03.2017 Шахтер-Қайсар 0:1

24.10.2015 Қайсар-Шахтер 0:1

19.09.2015 Шахтер-Қайсар 1:1

29.05.2015 Қайсар-Шахтер 2:0

21.03.2015 Шахтер-Қайсар 1:2

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 10 маусым күні Алматының Орталық стадио­нында  2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі­ аясында Дания құрамасын қабылдайды. Осыған орай, бас бапкер Александр Бородюк  бастаған жаттық­тырушылар штабы Даниямен өтетін ойынға бірқатар фут­болшыларды оқу-жаттығу жиыны­на  шақырды.  Ол  тізім­ге “Қайсардың” қос бірдей ойын­шысы ілігіпті. Біріншісі жас та болса қауіпті соққы­ларды қайтарып, жеңіске өз үлесін қосып жүрген Марсель Исламқұлов болса, екіншісі – команда капитаны, Сыр фут­болының түлегі Мақсат Бай­жанов.

Айта кетейік, “Қайсардың” келесі кездесуі 28 мамыр күні 18:00-де Ғ.Мұратбаев стадионының қосалқы алаңында өтеді. Ол ойында жерлестері­міз Алматының “Қайратын” қабылдайды.

Р.СӘРСЕНҰЛЫ

 

P.S. Осындайда айтайын деп, айтпайсың. Бірақ “Қайсар-Шахтер”­ арасындағы ойынға кіруге, оны жазуға оншалықты құлқымыз­ болмады. Өйткені БАҚ өкілдерінің ақпараттық қол­даулары  еш керексіз  секілді. “Қайсар” футбол клубы басшы­лы­ғының  берген бейджінің өзі жарамсыз екен. “Стадион – менікі” деп кеуде қаққан көкеміз бізді есіктен кіргізбейтінін айтты. Айтуынша, орын  санаулы, билеттер сатылып кеткен. Бірақ... Балаларға арнал­ған 150 теңгенің  билеті  үлкен  кісілердің  қолында  жүр. Тиісінше  бір  орынның  билеті  бірнеше  адамға сатылған…

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары