Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
БОЙЫМДА ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕРІМ БАР
25.05.2017 17:00

Тұрсынбай  ҚҰЛАХМЕТ,  боксшы,

IV  Ислам  ынтымақтастық ойындарының  жеңімпазы:

Кеше  ғана  Әзірбайжан  астанасы  Бакуде  IV Ислам ынтымақтастық ойындары өз мәресіне жетті. Айтулы жарыстан  Сыр спортшылары  да  шет  қалмады.  Бокстан  75  келі  салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет жеңімпаз атанып, ел мерейін асқақтатты. Осы орайда, елге оралған жеңімпазды құттықтап, онымен әңгімелесудің сәті түскен еді. Жыл басынан бері үш бірдей халықаралық жарыстың алтынын иеленіп үлгерген ол, бізге мұнымен тоқтап қалмайтынын  айтты.

- Тұрсынбай, жеңіс құтты болсын! Алдымен Бакудегі бокс кешінен алған әсеріңізбен бөліс­сеңіз.

- Рақмет! Баку қаласында өткен IV Ислам ынтымақтастық ойындарының ұйымдастырылу деңгейі жоғары деп айтуға әбден болады. Әлемнің 50-ден астам елінен спортшылар қатысты. Менің ойымша, мұндай әлемдік жарыстарға әр мемлекет өз елінің мықтысын, үкілеп отырған спортшысын әкеледі. Баку төрінде 4 рет шаршы алаңға шықтым. Әуелі ирандық боксшымен, одан соң өзбек өренімен жұдырықтастым. Үшінші кездесуім камерундық былғары қолғап шеберімен өтсе, ақтық сында жарыс қожайыны, әзірбайжандық Камран Шахсуварлымен кездестім. Шыны керек, барлық жекпе-жегім оңай болмады. Десе де, Алла сәтін салып, жеңіске жеткен жайым бар.

- Боксқа келуіңізге кім себепші­ болды және қазіргі бапкеріңіз жайында айта кетсеңі­з?

- Үйдегілердің айтуы бо­йынша, кішкене күнімде аурушаң болыппын. Сонда дәрігерлер спортпен айналысуға нұсқау берген екен. Жалпы, боксқа келуіме әкемнің ықпалы зор болды. Яғни, ал­ғашқы бапкерім – әкем. Қалалық жарыстарда жаймендеп төбе көрсетіп, жеңіске жеткеннен кейін кәсіби бапкер­дің қол астына өттім. Содан бері 10 жылдан аса уақыт өтсе де Жамил Жүнісов деген бапкерімнің тәрбиесіндемін. Ал ұлттық құрамада Нұрғали, Мырзағали секілді бапкерлердің берген ақылымен, жол көрсетуімен жүреміз.

- Биылғы жыл өзіңізге табыс­ты  басталған  сыңайлы...

- Ұлттық құрамада қаңтар айынан бастап дайындық жұмыстарын  бастадым. Содан бері Болгарияның София қаласында өткен «Страндж» турнирінде топ жарып, артынша Финлияндияның Хельсинки қаласындағы халық­аралық турнирде же­ңім­паз  атандым. Енді міне, Ислам ынтымақтастық ойындарында айым оңынан туды. Алда көптеген жарыстардың күтіп тұрғаны белгілі. Әрда­йым дайындық үстіндемін. Бойымда жеңіске деген жігерім бар.

- Жалпы, уақытпен сана­сасыз  ба?

- Әрине, спортшыда бос уақыттың бола бермейтіні анық. Көбіне уақытты үнемді пайдалануға, жақсы іспен шұғылдануға тырысамын. Сондықтан, санасамын  деген жөн  шығар.

- Ал, шаршы  алаңда уақыт­ты­  шамалай  аласыз  ба?

- Адамда ішкі түйсік деген бар емес пе? Сол арқылы сезіп, жобалай аламын. Оның үстіне бапкерлер де айтып, ескертіп отырады. Қаншама жылдан бері спортта жүрген соң, бұл үйреншікті жағдай.

- Жарысқа дайындық жұ­мыстары  қалай  жүргізіледі, қай жерлерде  өтеді?

- Дайындық, оқу-жаттығу жиындары әртүрлі бағытта және әр жерлерде өтеді. Алмат­ы қаласындағы бүкіл­әлемдік бокс мектебінде, сондай-ақ, Астана қаласында да болып тұрады. Тәжірибе алмас­у мақсатында өзге мемлекеттің боксшыларымен оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады.

- Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында тұғырдан түсіп, туымыз жығылғандай күй кештік. Боксшы ретінде мұны немен байланыстырар едіңіз?

- Менің ойымша, Қазақстан ұлттық құрамасы мұнан да жоғары нәтиже көрсете алады. Жігіттердің бағы жанбаған болуы керек. Өйткені бірге дайындалған соң, бабы нашар болды дей алмаймын. Оның үстіне өзбек ағайындар өз жерінде бар жүлдеге иелік етіп қалуға тырысқандай.

- Соңғы жылдары әуесқой бокста әділетсіздіктер кө­бейіп кетті. Бұра тарту, аяқ­тан шалу құрбаны болып көрдіңіз бе?

- Үлкен спортта мұндай жайттар жиі-жиі болып тұрады. Алдағы уақытта да бола береді. Шын мықты өзін мойындатады. Әділет­сіздік құрбанымын деп, тауы шағылу спортшыға тән емес. Осыған ұқсас жағдайлар менің де басымнан бірнеше рет өтті.

- Әлемдік, қазақстандық бокста кімдерді үлгі тұтасыз?

- Серік Сәпиев ағамыздың спорттағы еңбекқорлығы, қайсарлығы, техникасы барлық жағынан ұнайды. Ол сонымен қатар, көп соққы жасай біледі және қай жекпе-жекте болмасын, кіммен жұдырықтасса да соңына дейін табандылық көрсетеді. Қазақ боксшылары арасында мұндай талант­ты боксшылар аз емес. Әлемдік бокста қазақ боксшыларының үлес салмағы, өз орны болғандықтан, шетел­діктерді айту жөн деп ойламаймын.

- Сыр спортының түле­гісіз. Біздегі  бокстың  даму  қарқыны  қалай?

- «Бір күнім жақсы, бір күннен» дегендей, салыстырмалы түрде айтар болсақ, жыл сайын дамып келе­ді. Бір салмақ дәрежесінде бірнеше жас боксшылар қолғап түйістіріп жүр. Яғни, бәсекелестік бар жер дами түседі. Жыл сайын Сыр елі боксшылары  ұлт­тық  құрамаға мүше болуда. Әлі де толыға түседі деп сенемін­.

- Сұхбатыңызға рақмет! Тұғыр  биігінен  көрейік.

Сұхбаттасқан

Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары