Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
ЖЕҢІЛІС ЖАЙЛЫ “ЖЫР”
01.06.2017 11:09

Футболдан Қазақстан Премьер-ли­гасының ХІV айналымында жергілікті “Қайсар” өз алаңында Алма­тының “Қайратын” қабылдады. Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның қо­салқы алаңы лық толы болды. Ал алаңның бар бол­ғаны 1300 кө­рерменге ла­йықталғанын ескерсек,  ол әу бастан-ақ түсі­нікті жайт еді. Сонымен кө­рермендер сыртта сыймай, ұлардай шулап қалды. Көпшілігі босып­ жүр. Ойын­ды жазуға барған журналистердің жа­йын айтпағанда, таспаға тү­сіруге барған қалалық телеарнаның жігіт­теріне түсініс­тік танытқан адам болмады. Ойынның барысы туралы рет-ретімен баянда­ғанды  жөн  көрдік.

Осыдан бір ай бұ­рын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сол кездегі облы­стық денешынықтыру және спорт бас­қармасының  басшысы, облыстық футбол фе­дерациясының президенті Садық Шоңмұрынұлы: “Облыс әкімі қосалқы алаңдағы орындықтардың  жетіс­пеу мәселесін шешу үшін 60 млн теңге қаражат бөлуге тапсырма берді. Бұл қаржы алаңның оңтүстік, шығыс жақ бөлігіне орын­дықтар орнатуға жұм­салмақ. Демек, сыйымдылығы 2000-2500 адамды қамтитын бо­лады. Қазір құжаттар дайындалуда. Егер бір айдың көлемінде қар­жы  аударылса, жауапты  мекемелер бір айдан аса уақытта бітіреміз деп  отыр”, - деген бола­тын. Әне-міне дегенше межелі мерзім өте шықты. Жақын арада ол жұмыстар басталады деп сенеміз. Бірақ, айт­пағымыз бұл емес. Сол жиында қала орталығынан шалғай жат­қан тұрғындардың көруі үшін және алаңдағы орындықтардың санаулы болуына байланысты “Қазақстан-Қызылорда” арнасымен келісімшарт жасалып, тікелей эфирден қалың көпшілікке жол тартатыны жайлы да айтылған-ды. Әуелгі­сінде “Қайсар” мен “Ақтөбе” арасындағы кездесу тікелей көрсетілгенімен, ізінше сап ты­йылды. Әлде облыстық арна “ПФЛК” арнасының көрермендерін тартып алады деді ме екен? Жылт етіп, көзден ғайып болғанын түсінбей қал­дық, ешкім түсіндірмеді де.

Енді тартысты өткен кездесуге тоқталсақ. Алға­ш 9-минутта есебін тауып, есеп ашқан Сыр аяқдопшылары көрермендердің көңілін бір көтеріп тастады. Қақпашыдан да, қорғаушылардан да айласын асырған Матиас Курьор еді. Бірақ бұл есеп ойынның екін­ші  бөлігіне дейін сақ­талмады. 32-минутта “Қайрат” капитаны Ба­уыржан Исламхан “Қайсар” қақпасына белгіленген он бір метрліктен мүлт кетпеді. Ізінше бей­не­қайталаудан көр­гені­міздей, бұл әділ шешім болмады. Яғни, төреші Мулдаровтың беліне тиген­ допты қолымен шатастырып  алса  керек. Көп ұзамай қонақтар айып соққысын да сәтті орындады. Әуелеп ұш­қан доптың бағытын Гоу өзгертіп голға айналдырды. Мұнан кейін қос команда  ойыншыларына да доп соғатын оңтайлы сәттер болды. Бірақ, есепке ешқандай өзгеріс енбеді.  Қорытынды  есеп: 1:2.

Ойын  соңынан  ке­йін­гі  баспасөз мәслихатында Стойчо Младенов қонақтарды жеңісімен құттықтап, кездесу туралы пікір білдірді.

- Стандартты жағ­дайдан қателікке бой алдыр­дық. Бізге тағы да құрамды күшейту керек. Шәкірттерім бүгін жақсы ойын өрнегін көрсетті.

Рас, “қасқырлар” барынша тырысып-ақ ойнады. Азуын айға білеген алматылық ұжымға тісін батыра алды. Естеріңізде болса, қос команда арасындағы Алматы қаласында өткен алғашқы ойын­да  тең тарқасқан еді. Турнирлік кестеде қы­зыл­ордалық ұжым              18 ұпаймен 6-орында келед­і. Көш  басында – 33 ұпай жинаған елордалық клуб. Ал соңғы орын­ға небәрі 9 ұпайы бар Қарағандының “Шахтері” жайғасты. “Қайсар” келесі кездесуін “Тобылға” қарсы өткі­зеді. Ойын 3 маусым күні Қостанай қаласында өтеді.

 

“Қайсар” – “Қайрат” 1:2

Голдар: Курьор, 9 (1:0). Исламхан, 32 (1:1). Гоу, 36 (1:2).

Ескертулер: Алтын­беков, 6. Мулдаров, 31. Коробкин, 52.

«Қайсар»: Ислам­құлов, Евстигнеев, Граф, Мулдаров, Жақаев, Коробк­ин (Нәрзіл­даев, 70), Камара, Аржанов (Сақалбаев, 83), Байжанов (к), Курьор, Алтынбеков (Нтибазонкиза, 57).

Қосалқы құрам: Цирин­, Григоренко, Ламанж, Горячий, Рүс­темов, Төлегенұлы.

«Қайрат»: Покатилов, Вороговский, Ахметов, Элек, Сүйім­баев, Қуат, Жуков (Бақаев, 46), Исламхан (к), Исаэль, Аршавин (Тұ­рысбек, 86), Гоу (Анене Чума, 72).

Қосалқы құрам: Плотников, Рудосельский, Қуантаев

Төрешілер: Вишниченко (Қостанай), Виноградов (Петропавл), Попов (Павлодар).

28 мамыр. Қызыл­орда, Ғ.Мұратбаев атындағы стадион (қо­салқы алаң) 2500 кө­рермен.

Рыскелді   ЖАХМАН

 

P.S. Айтпақшы, “Қайсар”, “Қайсар” дейміз, бірақ... Премьер-лигадағы қызылордалықтардың ойыны – осы. Әзірге бірінші лигада­ғы “Байқоңырдың” ойыны көңіл көн­шітеді. Ал екінші лига­дағылардың ойыны ше? Бас ойыннан екі күн бұрын, яғни 26 мамыр күні “Қайсар U-21” футбол клубы алматылықтармен кездескен болатын. Есепті айтайын ба? Өзіңіз де іштей сезініп, кез келген есепке дайын болғаныңыз жөн. Бір емес, екі емес бақандай 0-9. Осыдан кейін бізге екінші лига командасы керек деп ойлайсыз ба? Жауапсыз 9 допқа жанкүйер ретінде көз жұма қарар ма едіңіз? Иә, түсіністік  танытқымыз-ақ келеді. “Қайрат” футбол клубының техни­калық базасы мықты, бюджеті де біздікінен осал емес шығар. Жаттықтырушылары тағы мықты дерсің. Бір қы­зығы, “Қайсар U-21”-дің негізгі қызметі – “Қайсар” футбол клубына сапалы аяқдоп­шылар дайындау. Ащы жеңіліске еттері үйреніп қалғандар бас команданың тасын өрге домалатады дегенге сену қиындау емес пе? Қалай десек те, алаңда  футболшылар мен қойшылар кездескен жоқ. Екі команда да кәсіпқой аяқдопшылардан жасақталған. Сосын бұл кіші футбол емес, тым ірі есеп тіркелетіндей. Жігіттер  бозда емес, алаңда ойнап жүргендерін ұмытпасын! Жеке намыстары да садаға­, облыс абыройынан. Осыны біз болып, сіз болып бір ескерсек, ескертсек қайтеді, ә!?

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2017 >
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары