Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
ТАҒДЫР АДАСТЫРҒАН АДАМ
18.10.2012 11:23

Әр адамның тағдыры әртүрлі. Бұл – заңды құбылыс. Біреулер сезім сергелдеңіне түсіп, гүлденген өмірін күлге айналдырып жатса, кей­бірі құлқынын бітеудің орнына адамдықтан безініп, өзгеше тағдыр иесіне айналады. Қаталдық пен жақсылық қатар жүрген өмірде біреулер тұрмысы түзелмей жатқанымен, өзінше бақытты­ болса, енді бірі қолында мансап пен қауқары бола тұра арманына жетпей, басына бақыт құсын қондыра алмайды. Мүмкін тағдырлардың әр­қилы болуы да дұрыс шығар. Тағдырдың тәлкегі­не куә болғандарға бұл сабақ болар. Бірақ, біреу­дің қателігі біреуге сабақ болып жатқаны шамалы. Себебі, әрбір адамның тағдыры әр қилы...

 

...Арман төсегінен күн арқан бойы көтерілгенде тұрды. Терезеден түскен шапақ мұның бойын қара терге малған. Әрине, бұл тек күннің ғана әсері емес. Кеше түнімен ішкен арақтың да салдары бар. Басы мең-зең күйде үстел үстіндегі шәугім толы суды қотара берді, қотара берді. Ішін қайнатқан 40 градустың табы басылар емес. Басы сынып барады. Өз-өзінен күбірлеп, сөйле­сіп жүр. Темекі шеккісі келгенмен, қалтасындағы шылымның қорабын көріп, дүдәмал күйде қалды. Ісінген бет-аузын есік алдындағы арыққа жуды да, ауылдағы жалғыз дүкенге жол тартты. Мақсаты – шашыраған шыныдай бол­ғалы тұрған «басын» түзеу.

Ауылдағылар Арман ішті дегенше оған жо­ламауға тырысады. Жұрт оған «қылқи» деп ат қойып алған. Кездескеннің қалтасын қағып, бір шыныға түсіретін әдетінен тапқан атақ – бұл. Жұрттың мұны көрсе қашатыны содан. Тіпті, Арманның бөтелкелес достары да бірер күн ішкіліктен кейін бойын аулақ салуға тырысады. Жүрген жері – ұрлық, одан қалды, төбелес. Жасы қырықтың қырқасына шықса да көше кезген­дермен ілінісе кетуге бейім. Ауылдың учаскелік полице­йі талай қалаға зытырып, сауықтыру ортал­ығына жөнелткенмен, еш нәтиже шықпағасын, Арманның әрекетіне көз жұма қарайды. Қалтасында тиыны болмағасын кімге керек? Және ол үлкен қылмыстар жасамайды. Біреудің ауласында жатқан темір-терсекті, өзге де майда-шүйде заттарды қолды қылып, бір жартыға өткізіп кетеді. Бұл – ауылдағы қара металл қабылдайтындарға оңай олжа. «Арманның тағды­рының бұлай болуына не себеп?» деген сауал­ кімнің болмасын, көкейінде тұратыны сөзсіз. Жұрт көріп  жүргендей жан емес еді бұрын. Ақ құба келген жігіттің кіршіксіз көңілі бұлайша был­ғанғаны - өткеніне жабысқанында жатыр. Ке­шіре алмады, кешпеді. Адамды емес, тағдырын.­

Жарасымды жас отбасы кешқұрым жолға шықты. Сәбиімен Жаннұр су жаңа темір тұл­пардың ішіне еніп, күйеуін күтіп отыр. Олар Жаннұрдың інісінің тойына бармақшы. Қуанышы қойнына сыймай отырған жас келіншектің тұрмысқа шыққалы төркініне бірінші баруы. Онда да інісінің тойына ғана. Арман да бүгін көңілді. Балдызының тойына жаңа көлік мініп бара жатқанына қуанышты. Күн ұясына батпай көрші ауылға жетіп алмақ. Ауыл сыртындағы тас жолға шығысымен көлігін жүйткіте жөнелді. Машин­а іші құйқылжыған әуенге толы. Арман көлігінің жылдамдығын қайын жұртының ауылына жақындағанда тіптен арттырды. «Абайлаш­ы, алдыңнан сиыр шығып қалмасын. Кеш болса жол үстіне шығып, шыбындайтын әдеті ғой», - деген Жаннұрдың сөзін құлаққа да ілмеді. Жүйткітіп келеді.

Шыны керек, Жаннұрдың сөзінің жаны бар. Жол бойын қаулай өскен қамыстан шыға келген төрт түліктің кесірінен ауылындағы Жалын мертігіп жатыр. Түнделетіп түлен түрткендей жолдың шаңын шығара көлігін жүйткіткен Жалын­ алдынан үйірлі жылқы шыққанда, тежегі­шті басып үлгермей, төрт-бесеуін соғып өткен екен. Сонан жіліншігі сынып, үш айдан бері балдақпе­н жүрген болатын.

Жүйткіген көлік жүрісінен танар емес. Жол бойындағы сексеуіл мен қамысты лебімен жапыра­ желеді. Бұрылысты жолға тап болғанда, алдынан табын сиырдың шыға келмесі бар ма? Желісінен танбаған көлік шорт бұрылды да, жолдан­ тайқып шыға келді. Барша жүрісімен ытқып барып, қалың қамысты қопара, аударылып барады. Үш-төрт аунаған көліктің сау-тамтығы қалмаған. Анда-санда ыңыранған дыбыстар шығады. Арман есін жиғанда көліктен мұны біреу шығарып жатқанын аңғарды. «Жаннұрым» деген үніне ешкім құлақ асар емес. Қолынан, аяғынан ұстағандар мұны жол жиегіне шығарып, дабырласады. Одан кейінгісі есінде жоқ.

Қанша жатқаны белгісіз, көзін ашқанда аппақ бөлмеде жалғыз жатыр екен. Керуеттің жанынд­ағы аппарат шыңылдап мазасын алып барады­. Тұрайын десе, әл-дәрмен жоқ. Әрең дегенде­ басын көтеріп еді, көзі қарауытып кетті. Есінен тағы танды. Арада бірнеше апта өтіп, Арман жансақтау бөлімінен шықты. Бірақ, келіп-кетіп жүрген ағайындары баласы мен әйелінің қайда екендігін айтпады. Сұрағанда ауылда аман-есен екендігін жеткізеді. Ауруханадан толықтай жазылмаса да, ауыл дәрігерінің қарауына тапсырылып, шығарылды. Қуаныштан алып-ұшып жеткенде естігені – Жаннұры мен жасқа толмаған сәбиінің апаттан қайтыс болуы. Өмірге деген көзқарасы өзгеріп, тағдырын басқа арнаға бұру осы сәттен басталды. Алғашында өзімен-өзі сөйлесіп, ауыл сыртындағы қорымда жатқан ет жақындарының басында отыратынды шығарды. Арада біршама уақыттар өткен соң ішкілікке салынып, осы  бүгінге дейін арақсыз күні өткен емес. Болашағы да сол арақпен араласы­п  өтпек...

С.ЕРМАХАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2012 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары