Өзекті мәселелер

  • 16.08.18

    2018 жылдың 2 тамызында «Халық» газетінің №30 санында жарияланған «Талдардың күйі тайып­ барады?» тақырыбындағы мақалаға орай Әйтеке би кенті әкімі аппараты төмендегі ақпаратты ұсынды.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі­нің Су ресурстары комитеті Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайының өзгеруіне байланысты­ Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысын...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Топырағымыз құнарсыз, сор болса да, аймағымызда есірткі өсімдігін өсіру өршіп тұр. Қарапайым өсімдікке қолайсыз табиғаттың нашаға келгенде өте қолайлы болғанын қарасаңызшы! Нәтижесінде, жыл сайын есірткі түрлерін егу азаймай келеді. Соған сәйкес бұл бизнеспен айналысатын қаскөйлер де көбейіп барады. Өйткені Қызылорданың топырағында өскен есірткінің күштілігі Шудағы жабайы анашадан ...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жақында ғана Шотландияның Эдинбург қаласында өткен “Фриндж” (“Fringe”) халықаралық өнер фестиваліне қатысып қайтты.­ Аталмыш халықаралық фестиваль 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында ұйымдастырылып келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер сайыстарының бірі. Биылғы өнер иелерінің додасына әлемнің 50 мемлекетінен 50000 ө...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Қайран дүние, көрген түс­тей, сонау балдәурен бала күнімізде еліте тыңдаған әдемі ертегідей өтті де кетті ғой мына өмір. Иә, әлгі ерте­гі демекші, қазіргі таңда қария жасына жетіп, енді немер­елеріміз оқып беріп жүрген ертегілерді естіге­ні­мізде анау ақбоз атқа мініп, бойжеткен қызға келетін ханзадаға кездесуді келешегінен нәзік үміт күткен әрбір ару аңсай арман­дайды  екен-ау. Енді бүгін өтке...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Биыл Елбасының «Әлеуметтік бес бастамасының» арқасы­нда жас түлектерге арнайы қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұл  керемет  жаңалық­қа  бөріктерін  аспанға  лақтыр­ған ата-ана, талапкер қалмаған шығар. Хош, бұл бастаманың нәтижесіне таяу күндері 20 мыңдық грант иелерінің тізімі анықталғанда бір қуанармыз. Десе де, әңгіме басқада... Жалпы, жастардың қатары жұмыссыз жүргендердің ішінде 90 пайызды қ...

    Толығырақ...
ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
01.11.2012 10:33

Адамзат баласы ауасыз өмір сүре алмайды. Таза ауа адамның денсау­лығын, іске қабілеттілігін нығайта отырып, оның ұзақ өмір сүруіне көмектеседі. Бұдан 40 жылдай бұрын Сырдария өзені қысы-жазы толқынданып, кемерінен асып, көлдердің суы тасып, қаз-үйрек қонып, балықтары тулап, өзен жағасы сыңсыған тоғай, қырға­уыл құстың әсем дауысы, жиденің мұрын жаратын иісі көңіліңді көтеріп, көкірегің ашылып, беймарал күйге түсіретін. Ал, қазіргі уақытта сол Сырдария өзенінен жаз айларында әрлі-бері жаяу өтетін жағдайға жеттік.

Бірнеше ондаған көлдер жойылып кетті. Арал теңізінің табанынан күн сайын көте­рілетін тұздар, облысымыздағы мұнай, газ, уран өндірісі орындарынан ұшып жатқан газдар, күкіртті қосындылар, Байқоңыр айлағынан зымырандардың ұшуы, ядролық сынақтардың болуы, жан-жаққа таралып жат­қан радиация сәулелері, мыңдаған үйлер ауласындағы бықсып жанған күл-қоқыстардың, жанған резина шиналардың түтіні, шаң-тозаң ауа райының күрт өзгеруіне, жаздың күні ыстықтың 45-50 градусқа көтерілуіне әкеп соқтыр­ды. Бұл көрсеткіш Орта Азия, Ресейде жоқ, Қазақстанда тек Қызылор­да облысына тән.

Шіліңгір шілденің ми қайнатар ыстығында, тамыздың теріңді тамшылатып, таңдайынды кептіретін аптабында әр үйдің ауласындағы өртенген шөптердің, балонның, бықсыған қоқыс жәшіктерінен шыққан көк түтіннің иісіне жас-кәрі, бала-шаға, екіқабат келіншектер де тұншығып, көкірегі қыжылдап, өкпесі сырылдап, жүрегі соғып, дем алысы нашарлап, үйде немесе көшеде құлап, жедел жәрдем көмегіне жүгінуде. Жедел жәрдем келгенше о дү­ниелік болған қарияларымыз, ұйқысынан тұр­май қалған жастарымыз қаншама? Жедел жәрдем стансасы мамандарының мәліметінше, осы жылдың 8 айында 436 адам бақилық болған, 420 адам жедел жәрдем келгенше үйінде, 16 адам жедел жәрдем келгенде қайтыс болыпты. Оның 164-ін әйелдер, 272-сін ерлер құрайды.

Күнде таңертең, кеш­кілік көшені жаяу аралап шығамын, сонда бір кө­шенің қоңсы көрші­лердің екеуара әңгімесін естігенім бар. «Қорадағы шөбіңді, жәшіктегі күл-қоқысты жағасың, есік-терезеңді жабасың, көр­шілеріңді түтінге тұн­шықтырып, өзің үйіңнен қашасың, күл-қоқыстың түтіні қолқаны қабып, өкпеге сіңіп, ауру болдық. Үйімізді тастап, біз де қашатын болдық. Қураған шөп, күл-қоқысты жақпауға сенің санаң жетпейді, күн қапырық, бізге ауа жетпейді, үйіңде екі көлігің бар, қоқысты қапқа  салып,  қаладан тыс жерге  апарып  төк­сейші», - деп бір-біріне жалынған көршіні көр­дім. Қала көшелерінде әр жерде қоқыс салынған қап, пакет, қораптардың үйіліп жатқанын күнде көз көреді, иттер ашып-шашып кеткен, иістеніп, шыбын-шіркей үймелеген қоқыстардан көз аша алмайсың, дер кезінде тасылмайды, тиісті мекеме басшыларының бей­қам­дығына қарның ашады.

Қайсыбір күні жергі­лікті «Қайсар» мен «Жетісу» командаларының футбол ойынын тамашалауға орталық стадионға барып көргенімді айта­йын. Жастар, арагідік үлкендер бар, шемішке шағып, темекі шегіп, сағыз­ шайнап, қақырынып, түкірініп, қоғамдық орынды ластап отырғанын көріп, ішкі істер қызметкерінің біріне айтып­ едім, «көке, менің оларда жұмысым жоқ» деді. Сонда отырған орындарын ластап, тәр­тіпсіздік жасағандарға «әй дейтін әже, қой дей­тін қожа» болмағаны ма? Көшеде келе жатқан жүргіншілер де осындай әдепсіздікке жиі бой алдыр­ады. Осыларды тәртіпке шақырмасақ, қаламызда тазалық бола ма? Астанада өткен алқалы жиында Елбасы қала, аудан елді мекендерінің тазалығына кең көлемде назар аударып, «тазалық қоқыстан арылған жерде, қоқыс тасталмаған жерде болады, бұл барлық қа­зақстандықтардың күн­делікті тіршілік қағидасына айналуы керек» деп қатаң ескертті емес пе?

Облыс көлемінде экологиялық ахуалдың тым нашарлап кетуінен түрлі аурулардың көбейіп бара жатқанына алаңдайтын ешкім жоқ. Әрбір адам басты құндылық - өзінің денсаулығы екенін түсіне алмай жүрген сияқты. Адам баласы жарық дү­ниеге келген күннен бастап табиғаттың саналуан байлықтарын пайдаланудың арқасында өмір сүріп келед­і. «Табиғат – біздің анамыз» деп дә­ріптейік, аялы алақанмен көздің қарашығындай сақтап, қамқорлыққа алу керек­тігіне түсініс­тікпен қа­райық. Енді ауаның ластануынан адам ағзасына тигізетін кері әсеріне тоқталайын. Адам ағзасына түскен көмір сутегі тотығы, күкіртті газ, кү­кірт сутегі, газ тәрізді қосындылардың бәрі дем алуды қиындатып, оны қолайсыз иістермен был­ғайды, сөйтіп нерв жүйесіне, адам ағзасына кері әсер етіп, адамның дене еңбегі мен ақыл-ой қабілетін кемітеді. Ауаны ласта­й­тын қосындының неғұрлым көбірек бөлігі – ауа тозаңы, бұл көбіне тұрғындар жаққан отын заттарынан, күлден, түтіннен, күйеден, қарамайлы заттардан пайда болады. Шаң-тозаң – адамның жауы, тозаң құрамында кремнийдың ұшып жүрген тотығы бар, адам мұндай тозаңмен ұзақ уақыт дем алатын болса, силикоз ауруына шалдығады.

Дүние жүзінде ғылыми-техникалық прогрес­тің дамып, адамзат кемелденген кезінде жыл өткен сайын қоршаған ортаның өте қатты лас­тануы белең алып, ты­ныстап отырған ауамыз бен ішіп отырған суымыз, жеп отырған тамағымыз әртүрлі химикаттармен ластанған, оған қоса халқымызды қор, жерімізді сор етіп жат­қан уран кенінен тараған ради­ация сәулелердің зардаптарынан екіқабат аналар уақытысына жетпей түсік тастап, шала туып, немесе өлі баланы дүниеге әкеліп жатыр. Айтпақшы, күнделікті тұрмыста қолданып жүр­ген кір жуатын синети­калық әртүрлі ұнтақтар іш киім арқылы денеге сіңіп, аллергия ауруына шалдыққандар да анықталды. Жас қыздарымыз, мектеп оқушыларынан бастап шаш бояйтын болғ­ан, бірақ ол бояудың миға кері әсері бары дәлелденгенін (Ұлыбританияда) бойжеткендер біле бермейді.

Сондай-ақ, егіс алқаптарында, бақшаларда қолданылып жатқан пептицид, нитраттармен өсі­рі­ліп жатқан қияр, қызанақ, қауын, қарбыздардың мезгілінен бұрын оңтүстік облыс пен көрші елден әкелініп, одан талай адамның уланып жат­қ­аны рас. Жедел жәр­дем стансасы мамандарының мәліметіне сүйенсек, 2012 жылдың 8 айында тамақтан, жеміс-жидектен,  бақша дақылдарынан (қауын, қарбыз) улан­ғандардың саны 112 (ересектер – 36, балалар – 76) адамды құраса, оның 66-сы ауруханада жатып ем алған.

Ауаның шаң-тозаңмен, түтінмен, уран ра­диация сәулелерімен лас­тануы салдарынан об­лысымызда  туабітті  жамбас сүйегінің шығуы, қисық мойын, маймақ аяқ, шұңқыр кеуде, құс кеуде, қабырғасы төс сүйегіне жетпей, екі бұғана сүйегінің жоқ болып туылуы, мылқау, соқыр, аяқ-қолдары жоқ, омырт­қа бағанасы қисайған сәбилер өмір бойы мүгедек болып отыр. Осы мүгедек балаларды, үл­кен-кішісі бар, диагностикалық орталықтан тексе­руден өткізіп, емдеу орындарына, ота жасайтын орталықтарға жібе­ріп отырамыз.

Мемлекет басшысы «Қазақстанның әлеумет­тік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоға­мына қарай жиырма қадам» атты мақаласында «Тәуелсіздіктің барлық жылдарында халық ден­саулығына ерекше көңіл бөліп келемін» дей келіп, «Қазақстандағы орташа өмір сүру деңгейі Еуропадағыдай болуын қаласақ, онда өзіміздің денсаулығымыз туралы ойланайық» деп қадап айтты. Сондықтан біздер кейін­гі ұрпағымыздың болашағына немқұрайлы қарамай, ауру-сырқау етпей, дені сау азамат етіп өсіру үшін табиғатты аялап, ауаны ластамай, таза қалпында ұстап отырайық, сонда ғана  біздер  ұрпағы­мызбен  мың  жасаймыз.

«Жібекті түте алмаған жүн етеді» дегендей, қаламыздың таза болуы, ең алдымен, тұрғындардың өзіне байланысты. Тазалық – имандылықтың жартысы, қаламызды, ортақ үйімізді түрлі өсім­діктермен, хош иісті гүл­дермен көмкеріп, ағаш отырғызып, бау-бақша өсіріп, жасыл желекке айналдырайық. Халық қастерлеген табиғат байлығының бірі – су, су бар жерде өмір бар, бірақ қала көшелерінде аяқсу ба­ра­тын арық жоқ, ағаш егіп көгерте алмаймыз, жаяу жүргіншілердің жолы (тротуар) да жоқ, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаймыз, себебі қала көшелерінің архитектуралық құрылысы көпшіліктің көңілінен шықпайды. Қоғамдық әжетхана да жоқ. Келешекте арық қазылып, тротуар, әжетхана салынуы керек. Қала көшеле­рінің тазалығы үшін облы­стық бюджеттен 493,2 млн. теңге қарал­ған. Бұл қаржының «ұс­тағанның қолында, тіс­те­геннің аузында кетпе­сі» үшін, қаланың қаржы, прокуратура, экология өкілдері ұдайы тексеріп, қадағалап отырса, құба-құп болар еді.

Көше аралап жүріп кейбір тұрғындармен өртенген шөптің, күл-қоқыстың зияндылығы туралы сөйлескенімде, түсіністікпен қарайтындар болды. Ал кейбір байлықтың буына мас­танып, жан-жағына елере қарап, «не деп тұрсың?» дегендей менсінбейтіндер мен ессіздерді мақаланы оқығаннан кейін ойланар деген сенімде­мін. Адам өміріне қауіп төндіретін түтін­мен тұншықтырған тұрғын­дардың жағымсыз әрекеттерін, сырттан әсер ететін жайттарды жайып салдым, бұл – шындық, ақиқат. Енді өзіміз қолдан жасап жатқан жағымсыз істерді ертеңге ысыра­ салмай, адам денсаулығы үшін, арымыз таза болсын десек, жедел түрде тоқтатуымыз  керек. Тағы бір айта кететін жайт, сенбілікке шыққан әрбір ұжым мүшелері, көше тұрғындары күл-қоқысты жинап, оны өртемей, көлікке тиеп, арнайы поли­гонға апаруы керек. Болашақ ұрпақ қамына жаны ашитын, ниеті, ойы түзу ардагерлер, қала әкімшілігінің кеңесші тобы, санитарлық дәрі­герлер, қалалық ішкі істер, прокуратура, экология қызметкерлері, облыс­тық, қалалық мәс­лихат депутаттары осы мақа­ланы сарапқа салып, қала тұрғындарының жағы­мсыз іс-әрекеттерін заңдастырып, 50-150 мың теңге көлемінде айып­пұл салып тоқтатуға болады. Осы орайда Елбас­ы өз мақаласында тәртіп пен жауапкерші­лікке ерекше назар аударып, денсаулық сақтау саласында  көптеген заңдарды жетілдіруді тап­сырған  болатын.

Мақаланы шығыс ойшы­лы Конфуцийдің «Адамзатқа шапағат жасау­ – мейірімділік пен батырлықтың шыңы» деген­ сөзімен аяқтаймын. Бұл философиялық тұжырым, әрине, өз ісіне адал, ержүрек, қажырлы жандарға айтылса керек.

Төлебай ЖҮНІСҚҰЛОВ,

тыл және еңбек ардагері,

денсаулық сақтау саласының үздігі,

ОКБДО дәрігері

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2012 >
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары