Өзекті мәселелер

  • 24.05.18

    «Ауру – астан». Алайда біздегі білім ордаларындағы асханалардың жай-күйі біраз жайттың бетін ашып бергендей. 18 мамырда Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округіндегі №192 орта мектептің асханасынан тамақтанған 25 оқушы уланып қалды. 21 балаға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілсе, 4-еуі аудандық ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылардың айтуынша, эпидемиологиялық ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Онымен күрес барлық уақытта да маңыздылығын жолғалтпаған. Соңғы кезде қанатының кең жайылып кетуінен қауіптенген еліміз оның тамырына балта шабу үшін жаңа стратегиялар қабылдап, үзіліссіз күрес жүргізіп келеді­. Тіпті 2017 жылы Елбасына  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасы» ұсынылған болатын. Онда әлеуметтік зерттеу қорытындыла...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Қашанда таланттыларды  тасада  қалдырмаған  қазақ  тағы бір өнерлі ұлын ұлықта­ды. Сыр елі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған ау­қымды шара ұйым­дастырды.

    Бұл жолғы сән-салтанат пен халық құрметі айрықша есте қалды. Себебі кейбір сарсаңға са­латын «көпсөзді» жиынға  барудан шаршаған жұртшылық  көңілді кон­церт­ке  келіп, рухани демалыс ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Жоғарыда аталған тақырыпқа орай жастар арасында­ сауалнама жүргіздік. Бірі былай тартады, енді біреуі былай тартады. Пікірлер сан алуан. Расымен, сөз байласып жүрген жастардан бұрын, біраз жыл бірге тұрып, ажырасып кететін отбасылар да аз емес. Сенімге селкеу, сыйластыққа сызат түсіп, сүйгеніне берген сертін бұзатын білектілер мен бұрымдылар баршылық. Қос ға...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    КІСІНЕГЕН   КІСІ

    Сықақшы

    Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫНА

    Толығырақ...
Еркектер неге ез болып барады?
21.09.2017 10:41

Бұлай бастағанымыз кейбір еркексымақ­тардың  қытығына тиіп, жалған намысын жани түсетіні анық. Десе де, көздеген нысанадан сұр жебені шеткері көздеп, далаға дарытуға ниетті емеспіз. Көзбен көргенді, құлақпен естігенді айтамыз, яки жазамыз. Жақында қоғамдық көліктердің  бірінде  болған  жағдай  бұл. Сабақ­қа асығып, аядай “газельде” қысылып, қымты­рылып­ тұрғанмын. Ойыма тіркесі тастай сөздер келіп, оны жазып алуға үлгермек болып ұялымды қалтамнан әрең алған сәтім еді. Кенет екі кісі арасындағы әңгіме ойымды бөліп, жазатынымды ұмыттырып жіберді. Тіл ұшында “еркектер неге ез болып барады?” деген дайын тақырыптағы мақала жазылуға сұранып тұрғандай еді.

- Маған төлеп кетші.

- Өзің төле!

Бұл – қоғамдық көлік ішіндегі ерлі-зайыпты екеудің арасында болған диалог. Бұларға мән бере бақылап тұрған мен ғана. Жарына жолақы төлеші деген өтінішіне мардымды жауап ала алмаға­н отағасы амалсыз жанарын төмен салды. Қырықтың о жақ, бұ жағындағы азаматтың шарас­ыз  кейпіне қарап не ойларымды білмедім. Үнсіз ғана басын қаси берді. Бірдеңені бүлдірген баладай жан-жағына алақ-жұлақ етіп қояды. Тақтайдай тиелген тұрғындардың маршруттағы көрінісі адам шошырлық. Оған манағы ағамыздың аузынан мүңкіген ішімдіктің иісін қосыңыз. Төксе ит екеш ит те ішпейтін арам судың арқасында ағамыздың бұл сиқы таңдап алған келіншегіне ғана емес, көлік ішіндегілерге де ұнамай тұрған сыңайлы. Әрине, жауапкершілігі бар кез келген адам таңғы таза ауамен жүріп, сергек барғы­сы келмей ме жұмысына?!

Бір уақта барып әлгі апамыз күйеуіне:

- Келесі  «остановкадан»  түсемін, бүгін тағы да  кешігіп  келме  үйге!, - деп дүңк еткізді.

Үнсіздік. Қоғамдық көліктегі дүйім жұрттың көзінше осылай «сыйласатын» келіншектің үйдегі әрекеті...

Әйел бастаған көш қашан оңып еді тегі. Қаз дауысты  Қазыбек  атамыздың  өзі  «сегіз  деге­нім – серкесіз бастаған қой жаман» демеуші ме еді? Қырықтың қырқасына шыққан соқталдай азаматтың абыройы әйеліне тоқсан теңге төлетуге жетпеді. Неткен аянышты! Ерін қадірлеген ел емес пе едік?! Ащы судың арқасы ма әлде бұл...

Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2017 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары