Өзекті мәселелер

  • 15.02.18

    Дария демі ішінде. Ақпан басталғалы Сырдарияның маңына жақын орналасқан жұртшылық арнасынан асқан өзен суынан қауіптенгені белгілі. Алайда дүрлігуге негіз жоқ. Бұл туралы облыс­тық  жұмылдыру дайындығы бас­қармасының басшысы Серік Сермағамбетов өңірлік ком­муни­ка­циялар қызметінде БАҚ  өкіл­деріне мәлімдеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Көпшілік ортада кейбір баланың іс-әрекетіне, қылығына қарап, оның тәрбиесіне баға береміз. Өйткені бала ес білгеннен бастап ата-анасының іс-әрекетін қайталап, айтқан сөздерін жаттап, санасына тоқып алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз осының дәлелі іспеттес. Жасыратыны жоқ, бүгінгі жастарға, балаларға тәрбие жөніне келгенде көңіліміз толмайды. Өйткені, (барлығына бірдей топыр...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Алланың адам баласына берген­ сыйы – жарық дүние. Сол дүние есігін ашқаннан бастап өмірден озғанға дейінгі уақыт ол әр адамның өз еншісінде. Ата-ана үшін өмірдегі ең маңызды сәт – сәби сүйіп, тұлға етіп тәр­биелеп, жетілдіріп, ел қатарына қосу. Бұл – әрбір ата-ана үшін алдыға қойған бірінші мақсат. Мұндай  бақыт  біреуге  бұйырса, біреу  осыған  жете  алмай  жүр.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Әңгіменің төркінін тақырыптан-ақ бажайлаған боларсыз. Иә, мәселе жұдырығын жұмса ашпайтын, ашса шаш­пайтын  нағыз Шықберместердің ізін жалғап, өкшесін басып­  келе жатқан жігіттер жайын­да болмақ. Жомарттық, мәрттік, кеңдік, ол – кісінің алдын­а қысылмай кең құлаш даста­рқанын жайып, қолында барын төге салатын, тіпті қажет болған жағдайда жарты бай­лығын теңдей бөле салатын адам. Сіз бен бізде,...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Қазақ жігіттері ежелден ірі, ержүрек болған. Оны сол уақыттағы саф ауа, табиғи тағам секілді жайттармен байланыстыруға болатын шығар. Белгісіз. Арысы батырлар жырының кейіпкерлерін көз алдымызға елестеттік. «Еліме пайдам тисін, жауыма найзам тисін» деген ұстаныммен ұлтарақтай жері үшін өзгемен егесіп, ат үстінде күнелтті. Қара бастың емес, бар Алаштың қамы үшін қасық қаны қалғаша соғысып, жауды...

    Толығырақ...
АРЗАН АТАҚ, ДАҚПЫРТ ДАҢҚ
21.12.2017 12:18

Ұзаған  жыл  соңына  қарай орден-медалі  бар, басқа­сы  бар – марапат қарша борады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында да көп адамның кеудесі жарқыраған еді. Оларды жұрт әлеуметтік желілерде қиюын келтіре әспеттеді. Пәленше-Түгеншені құттықтаған  жазбалар қаптап кетті. «Медаль алмаған адам қалмаған-ау» деген қаңғалақтаған ой келді сонда­.  «Байдың  асын  байғұс қызғанады» дей көрмеңіз, Құдай үшін! Тек кейінгі уақытта атақ-даңқтың осынша арзандап кеткені ерсілеу көрінеді екен. Төсбелгіні шүлен  таратқандай  тегін үлестір­гесін  оған кімнің лайық, кімнің лайық емесін біле  алмадық.

 

«ҚАЙРАТКЕРЛІКТЕ»  ҚАЙРАТ  ҚАЛМАДЫ

 

Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының атағы аспанд­ап кетуінен КСРО тұсындағы басшылар қорықса керек, көзі тірісінде оған Кеңес Одағының Ба­тыры­ атағын қимады. Тек 1990 жылдың  соңында жоғарғы марапат иесін тапты. Қазақ вальсінің королі Шәм­ші Қалдаяқов Қазақстанның халық артисі атағымен өмірінің соңғы сәттерінде ғана қауышты. Мұқағалиды марапат өлгесін өзі іздеп тапты. Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000  жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. «Нағыз ақын – қара өлең ғой, оған атақ-даңқтың керегі жоқ» деп, көзі тірісінде ақын соны керек қылмаған да көрінеді. Батыр Бауыржанның, сыршыл сазгер Шәмшінің, мұзбалақ ақын Мұқағалидың тірі­сінде қадірін білмеу қандай өкі­нішті?!

Осы күні марапаттың жеті атасын көріп-естіп жүрміз. Мемлекеттік наград­алардан бөлек, «Пәленше сыйлығы», «Түгенше төсбелгісі» – мәлім де беймәлім марапат жетіп арты­лады. Сахна самсаған «жұлдыз­ға», қоғам қаптаған «қайраткерге» толы. «Аузы жыбырлағаннның бәрі әнші» деп, көрінгеннің аты-жөніне «Қазақстанның жарық жұлдызы» тіркесін жалғауға құмарланып алдық. «Сахнаның киесі болады» деуші еді. Соның қадірі қалмай бара жатқан сияқты. Көктегіден гөрі жердегі жұлдыздардың санынан шатасасың осы күні. «Қайраткерліктің» де қайраты қайта бастағандай. Өзін «қоғам қайраткері», «өнер қайраткері», «мәдениет  қайраткері» санайтындардың  санынан саусағың жаңылысады (оған қаншалықты еңбек сіңір­генін бір Құдай біледі). Кейбіреу аты-жөніне ұзын-сонар атағын тіркеп жазғ­анды жақсы көреді. Оны танымайтының, өміріңде естіп көрмеге­нің үшін өзіңнен-өзің ұялып кетесің. Осы күні аты дардай атақты әркім бір қымсынбастан қосарлап алатынына ғалым Қазыбай Құдайбергенов те қапалы.

- «Қоғам қайраткері» деп кеңестік қоғамның ақыры қайырлы бол­майтынын сезіп, «Заман-ай» деген өлең шығарып, отаршы өкіметке қарсы шыққаны үшін атылып кеткен ақын-діндар Мұхамеджан Қара­молданы, туған халқының азаттығын ғана емес, исі түркі әлемінің қамын жеген қайран ер Мұстафа Шоқайды, күрделі уақыттың адал перзенті, артынд­а өшпес із қалдырған Дін­мұхамед Қонаевты атар ем, - дейді Қазыбай  аға.

Әлихан, Міржақып, Ахметтердей Алаш арыстарына теліген теңеу қазір кім көрінгенге «қызмет етіп» жүр. «Қоғам қайраткері» тіркесіне википедияда «қоғамның қажеттілігіне қарай  саяси, мәдени, кәсіби қыз­метпен ерікті түрде айналысатын адам» деген мағынада анықтама берілг­ен. Ал мемлекеттік биліктің саяси  тұлғасы  «мемлекет  қайраткері»  болады. Уинстон Черчиль: «Сая­саткер алдағы сайлауды, мем­лекет қайраткері келесі ұрпақтың қамын ойлайды», - деп ара-жігін ажыра­тады. Бізге де осылай қаптаған қайраткердің ішінен ақ-қарасын іріктеп алатын кез жеткен сияқты.

 

АҚЫСЫН  БЕРСЕҢ – АКАДЕМИКСІҢ

 

«Арсыз  болмай атақ жоқ, Алдамшы  болмай  бақ қайда?» дейді хакім Абай. Атақтың құны түсіп, даңқтың дімкәс тарту тенденциясы қазақ ғылымында да анық байқалады. Ақшасын төлесең – академиксің, пұлын  берсең – профессорсың.

Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов бір сұхбатында «академик» деген атақты есіміне қосып айтуға ұялатын жағдайға жеткенін айтыпты. «Менің атыма поштамен «Америка биографиялық ұйымы» атты ұйымнан 2011 жылы «ХХІ ғасырдың ғұламасы», «Ғылым үздігі-2011» деген атақтардың тағайындалғаны туралы хабар­лама түсті. «Бұл не деген батпан құй­рық?!» деп қарасам, соңғы жағына медалі, сертификаты, тағы сондай қосымшаларымен бірге қосып есептегендегі бір атақтың құны мың доллардай болатыны туралы прейску­рантты қосып жолдапты. Жолсапар, қонақжай, орден-медаль мен диплом шығынын өзің көтерсең, батыстың жалған  «атақсымағының»  иегері  боп шыға келесің», – деп көңілі қалу себеб­ін  ашып  көрсетеді  ғалым. Құд­ды бір ғылыми жаңалықтар емес, ғылыми  атақтар  жарысы  дерсіз.

- Ғылыми дәреже мен атақтың айырмашылығы барын көп жұрт аңғара бермейді. Ғылыми дәреже – магистрден бастап PhD, ғылым кандидаты, докторы. Ал ғылыми атақ – доцент (қауымдық профессор), профессор, академик. 2011 жылдан бастап еліміз ғылыми дәреже берудің екі сатылы (магистрлік, докторлық PhD) жүйесіне көшті. Қазір ғылыми дәреже­лерде бедел қалмады. Оның себебі – плагиаттықтың өршіп тұруы. Диплом жұмысынан бастап диссертацияларға дейін ашықтан-ашық сау­даланады. «Диссертациясын өз бетінш­е жазғандардың өзі ғылыми жетекшісі мен диссертациялық кеңес­тің төрағасына пара бермесе, қорғау мүмкін емес» дегенді ізденушілер жасырып жүрген жоқ, - дейді халықаралық журналист Қуандық Шамахайұлы.

Атақтың ақшамен өлшенетінін академик Асқар Жұмаділдаев та айтып­ жүр ылғи. «Кейбір қулар қазақтарға бір жапырақ мақтау қаға­зын беріп, «сен мықтысың, керемет­сің, бәленсің, түгенсің» деп мақтап, өзінің шотына пәленбай долларды аудартып алады. Ғылыми атақты «на всякий случай» деп алғандар көп. «Алда-жалда жұ­мыс­тан қуылып кеткенде, бір жерге барып­, кафедра меңгерушісі боламын» деп ойлайды. Оның басқа шарасы­ жоқ. Әрі-беріден соң оның ғылымды дамытуға шамасы­ да келмейді», - дейді атақты математик бір сұхбатында. Қазақ ғылымының неге кенже қалып келе жатқанын бұдан артық түсіндіре де алмаспыз. Кандидаттықты, профессорлықты «сәтті қорғағанмен» ғылымның көсегесі көгермейтіні шындық. Сонда қашан­ға дейін «қойшы көп болса, қой арам өледінің» кебін киіп жүре бермекпіз?!

Н.ШАМАУ

 

P.S. Құрмет-қошемет, атақ-даңқ, мақтау-марапаттың көп жағдайда «ставкасы» болатыны – ащы шындық. Мақтансүйгіштігіміз түбінде сорымызғ­а  айналмаса  дейсің. Әйтпесе,  сала-құлаш  атақ  абыройдың  көрінісі дегенге  келісе  алмайсың...

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2017 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары