Өзекті мәселелер

  • 16.08.18

    2018 жылдың 2 тамызында «Халық» газетінің №30 санында жарияланған «Талдардың күйі тайып­ барады?» тақырыбындағы мақалаға орай Әйтеке би кенті әкімі аппараты төмендегі ақпаратты ұсынды.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі­нің Су ресурстары комитеті Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайының өзгеруіне байланысты­ Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысын...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Топырағымыз құнарсыз, сор болса да, аймағымызда есірткі өсімдігін өсіру өршіп тұр. Қарапайым өсімдікке қолайсыз табиғаттың нашаға келгенде өте қолайлы болғанын қарасаңызшы! Нәтижесінде, жыл сайын есірткі түрлерін егу азаймай келеді. Соған сәйкес бұл бизнеспен айналысатын қаскөйлер де көбейіп барады. Өйткені Қызылорданың топырағында өскен есірткінің күштілігі Шудағы жабайы анашадан ...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жақында ғана Шотландияның Эдинбург қаласында өткен “Фриндж” (“Fringe”) халықаралық өнер фестиваліне қатысып қайтты.­ Аталмыш халықаралық фестиваль 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында ұйымдастырылып келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер сайыстарының бірі. Биылғы өнер иелерінің додасына әлемнің 50 мемлекетінен 50000 ө...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Қайран дүние, көрген түс­тей, сонау балдәурен бала күнімізде еліте тыңдаған әдемі ертегідей өтті де кетті ғой мына өмір. Иә, әлгі ерте­гі демекші, қазіргі таңда қария жасына жетіп, енді немер­елеріміз оқып беріп жүрген ертегілерді естіге­ні­мізде анау ақбоз атқа мініп, бойжеткен қызға келетін ханзадаға кездесуді келешегінен нәзік үміт күткен әрбір ару аңсай арман­дайды  екен-ау. Енді бүгін өтке...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Биыл Елбасының «Әлеуметтік бес бастамасының» арқасы­нда жас түлектерге арнайы қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұл  керемет  жаңалық­қа  бөріктерін  аспанға  лақтыр­ған ата-ана, талапкер қалмаған шығар. Хош, бұл бастаманың нәтижесіне таяу күндері 20 мыңдық грант иелерінің тізімі анықталғанда бір қуанармыз. Десе де, әңгіме басқада... Жалпы, жастардың қатары жұмыссыз жүргендердің ішінде 90 пайызды қ...

    Толығырақ...
АРМАНЫМ – ОТБАСЫМНЫҢ, ЕЛІМНІҢ СЕНІМІН АҚТАУ
28.12.2017 12:36

Айдос  СҰЛТАНҒАЛИ,

грек-рим  күресінің  шебері:

Жақында ғана Польшаның Быдгощ қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ерлер арасындағы Әлем чемпионатында жерлесіміз Айдос Сұлтанғали 59 келі салмақта сынға түсіп, қола жүлдені иеленді. Айтулы жарысқа Қазақстан құрамасынан 8 спортшы қатысса, жалғыз медальді Сыр спортшысы олжалады. Бір қызығы, облыс тарихында 2005 жылы грек-рим күресінен ересектер арасында Ермек Көкетов Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.

Оның жетістігін ізбасары 12 жылдан соң қайталап отыр. Біз хабарласқанда Айдос Петропавл қаласында жаттығу жұмыстарында жүр екен. Қысылтаяң шақ болса да, спортшы әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығып, сұрақтарымызға жауап беруге келісті. Сондай-ақ, ол кеше ғана облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тағайындаған “Жылдың үздік спортшысы” номинациясында 2-орынмен марапатталды.

- Айдос, ең біріншіден, жеңіс құтты болсын! Жалпы, жетістікке жету үшін адам бойында қандай қасиет, қандай мінез  болуы  керек  деп ойлайсыз?

- Менің ойымша, жеңіске жету үшін адам бойында шыдамдылық, қайсарлық болуы қажет. Жалпы, жеке-жеке мынау болуы керек деген қағида жоқ секілді. Мысалы, спортшы өз-өзіне сенімді болмаса, белгілі бір белесті бағындырады деп айта алмай­мын. Сол сияқты  спортшының  жігерлі, намысқой  болғаны жөн. Бұл орайда жауапкершілік те ерекше  рөл  атқармақ.

- Бұлар сіздің бойыңыздан қаншалықты  табылады?

- Аталғандардың барлығы өз бо­йымнан табылады деп ойлаймын. Әрине, кейде еркінсу, босаңсу секілді жайттар болып тұрады. Ондай сәт­терде  өз-өзімді қамшылап, барынша жеңуге   тырысамын. Ал, жарыс барысындағы кем-кетігімізді бап­керлер, командалас жігіттер ескертіп отырады.­

- Туған жеріңіз, өскен ортаңыз турас­ында  сөз  қозғасақ...

- Қызылорда қаласында 1996 жылы дүниеге келдім. Әке-шешем және 3 әпкем бар. Үйдің кенжесімін. 2006 жылы спортқа қадам бастым. Алғашқы бапкерім Ғабиден Райымбек ағайдың қолында 7-сыныпқа дейін тәрбиелендім. Кейін Петропавл қаласындағы спорт интерна­тына  қабылдандым. Ол жақта Серәлі Құсайыновтың тәлім-тәрбиесін көрдім. Қызылордада Виктор Анатольевич бар білгенін үйретіп, жанашырлық танытты. Барлық бапкер­леріме құрметім зор. Бұл кісілерден үйренерім көп.

- Облыстағы  грек-рим  күресінің  әл-ауқаты, даму  қарқыны  қалай?

- Қазіргі кезде Қызылордада грек-рим күресі қарқынды дамуда. Бір ғана мысал, конфедерация жарысында команд­алық есепте 3-орынға қол жеткіздік. Ең бастысы, артымыздан өсіп келе жатқан лайықты ізбасар­ларымыз  бар.

- Спортшы болмағанда кім болар едіңіз?

- Жақсы сұрақ екен. Спортты таңдамағанымда хирург болар ма едім, кім білсін? Өйткені, анам осы салада қызмет еткенімді қалады. Дегенмен, олар маған әрдайым қолдау білдіреді.

- 2017 жыл сіз үшін қаншалықты жеңісті  болды?

- Мен үшін бұл жыл өте табысты болды дей аламын. ҚР чемпиона­тында күміс жүлдеге қол жеткізіп, ұлттық құрамаға қабылдандым. Ашхаба­д қаласында өткен жабық кешенде­гі Азия ойындарының қола жүлдегері атансам, әлем бірінші­лі­гінде де осы жетістігімді қайталадым. Одан өзге де ірілі-ұсақты жарыстарда бағымды сынап, тұғыр биігінен көріне білдім.

- Өмірде, спортта кімді үлгі тұтасыз?

- Өмірде әкемді үлгі тұтамын. Әрдайым ақылын айтып, жол көр­сетіп отырады. Ал, спортта Шәміл Серіков, Нұрбақыт Теңізбаевтарға қарап бой түзеп келемін. Әр спортшының өзіне тән ерекшелігі болады ғой. Бірінің техникасы, екіншісінің еңбекқорлығы дегендей...

- Саяси оқиғалар, шоу-бизнес жаңалы­қтары, ел экономикасы қы­зықтыра­  ма?

- Спортшы да жан-жақты болуы керек. Айналадағы болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар мені де қызықтырады. Уақытымыздың көп бөлігін спортзалда өткізетін болғандықтан, кейбір жаңалықтарды кеш естіп жатамыз.

- Алдағы жылдан не күтесіз? Қандай арманыңыз бар?

- 2018 жылы мені көптеген байрақты бәсекелер күтіп тұр. Солардың барлығында облыстың, еліміздің намысын абыроймен қорғасам деймін. Әсіресе, Азия ойындарында және Әлем біріншілігінде топ жаруды мақсат­ тұтамын. Мен үшін әнұранды шырқатып, көк туды желбіреткеннен асқан бақыт жоқ. Арманым – отбасым­ның, елімнің сенімін ақтау. Сондай-ақ, өмірлік серігімді жолықтырып, өнегелі, иманды ұрпақ тәр­биелегім келеді.

- Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2017 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары