Өзекті мәселелер

  • 15.02.18

    Дария демі ішінде. Ақпан басталғалы Сырдарияның маңына жақын орналасқан жұртшылық арнасынан асқан өзен суынан қауіптенгені белгілі. Алайда дүрлігуге негіз жоқ. Бұл туралы облыс­тық  жұмылдыру дайындығы бас­қармасының басшысы Серік Сермағамбетов өңірлік ком­муни­ка­циялар қызметінде БАҚ  өкіл­деріне мәлімдеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Көпшілік ортада кейбір баланың іс-әрекетіне, қылығына қарап, оның тәрбиесіне баға береміз. Өйткені бала ес білгеннен бастап ата-анасының іс-әрекетін қайталап, айтқан сөздерін жаттап, санасына тоқып алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз осының дәлелі іспеттес. Жасыратыны жоқ, бүгінгі жастарға, балаларға тәрбие жөніне келгенде көңіліміз толмайды. Өйткені, (барлығына бірдей топыр...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Алланың адам баласына берген­ сыйы – жарық дүние. Сол дүние есігін ашқаннан бастап өмірден озғанға дейінгі уақыт ол әр адамның өз еншісінде. Ата-ана үшін өмірдегі ең маңызды сәт – сәби сүйіп, тұлға етіп тәр­биелеп, жетілдіріп, ел қатарына қосу. Бұл – әрбір ата-ана үшін алдыға қойған бірінші мақсат. Мұндай  бақыт  біреуге  бұйырса, біреу  осыған  жете  алмай  жүр.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Әңгіменің төркінін тақырыптан-ақ бажайлаған боларсыз. Иә, мәселе жұдырығын жұмса ашпайтын, ашса шаш­пайтын  нағыз Шықберместердің ізін жалғап, өкшесін басып­  келе жатқан жігіттер жайын­да болмақ. Жомарттық, мәрттік, кеңдік, ол – кісінің алдын­а қысылмай кең құлаш даста­рқанын жайып, қолында барын төге салатын, тіпті қажет болған жағдайда жарты бай­лығын теңдей бөле салатын адам. Сіз бен бізде,...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Қазақ жігіттері ежелден ірі, ержүрек болған. Оны сол уақыттағы саф ауа, табиғи тағам секілді жайттармен байланыстыруға болатын шығар. Белгісіз. Арысы батырлар жырының кейіпкерлерін көз алдымызға елестеттік. «Еліме пайдам тисін, жауыма найзам тисін» деген ұстаныммен ұлтарақтай жері үшін өзгемен егесіп, ат үстінде күнелтті. Қара бастың емес, бар Алаштың қамы үшін қасық қаны қалғаша соғысып, жауды...

    Толығырақ...
«ӘДЕПТІҢ» ӘДЕБІ
28.12.2017 14:21

Ұлт  Жоспарының  12-қадамына сәйкес мемлекет басшысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары белгіленген «Әдеп» кодексі қабыл­данған болатын. Аталмыш Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары­ мәдениетін қа­лыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға  бағытталған. Бұдан бөлек Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгі­зілді.

Ол өз қызметінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының  сақтал­уын бақылайды, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консуль­тациялық көмек береді, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру  бойынша шаралар қабылдауды жүргізеді. 2017 жылғы 1 маусымдағы енгізілген өзгерістерге сәйкес орталық мемлекеттік органдарда және облыс, республикалық маңызы бар қала, Астана әкімдерінің аппараттарында Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымы ретінде бекітілсе, министрліктер мен ведомстволардың аумақтық депар­таменттерінде және об­лыстық маңызы бар қалалар, аудандар әкімдерінің аппараттарында  әдеп жөніндегі уәкіл­дің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметші­леріне  жүктеледі.

2017 жылғы 21 қарашада Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына Бақытжан Ідірісов тағайындалып, қызметіне кіріс­ті. Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, аты-жөні, фото­суреті, кабинет және телефон нөмірлері, қабылдау кестесі Қызылорда облысы әкімдігінің ресми  интернет-ресурсында орна­ла­стырылған. Әр аптаның сәр­сенбі күні сағат 09:00-17:00 аралығы  Әдеп жөніндегі уәкілдің азамат­тарды және мемлекеттік қызметшілерді қабылдау күні болып­ белгіленді. Сондай-ақ, уәкілдің фейсбук әлеуметтік желісін­де де парақшасы ашылды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департ­аментімен Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру бағытында Әдеп жөніндегі кеңес қаралатын тәртіптік істер бойынша тиісті мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкілін қатыстыру тәжірибесі қолданылуда. Бұл, бір жағынан, Әдеп жөніндегі уәкілдердің мемлекеттік органның қызмет­шілерінің тәртіптік теріс қылықтарымен танысып, мекеменің моральдық-әдептілік ахуалын  бағамдауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, мемлекеттік қызмет­ші теріс қылық әрекетке жол бермеген жағдайда оның құқығын  қорғай алады.

Қызылорда  облысындағы  Әдеп жөніндегі кеңесімен 2017 жылы 12  отырыс  өткізіліп, онда  46 мәселе  қаралды. Онда қарал­ған барлығы 46 мәселенің 22-сі (2016 жылы 33) тәртіптік істер болса­, 10 (2016 жылы 4) мәселемен мемлекеттік органдар басшыларының, аудан әкімдерінің мемлекет­тік қызмет және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы заңна­малары бұзушылықтарының профилактикасы бойынша атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы  есептері тыңдалып, 2 мәселемен Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің нәтижелері, 2 мәселемен сыбайлас жемқорлық тәуекел­деріне сыртқы талдау қорытын­дысы, 3 мәселемен мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиясы қызметінің нәтижесі, 7 өзге де мәселелер  қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңесімен мемлек­еттік органдардың мем­лекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл турал­ы заңна­малары  бұзушы­лықтарының алдын алу, яғни профи­лактика мәселесіне  басымдық  беріліп, бұл бағыттағы мемлекеттік орган басшыларының, аудан әкімдерінің есептері 2,5 есеге артса, тәртіптік істер саны өткен жылмен салыс­тырғанда 33 па­йызға төмен­деген.

Дегенмен  мемлекеттік  сатып алу заңнамасын бұзу, мемлекеттік лауазым иелерінің қызметтік өкілетілігін асыра пайдалану  фактілері әлі де көп орын алуда. Мәселен, қаралған тәр­тіптік істердің 6-ауы мемлекет­тік сатып алу заңнамасын, 3-еуі ауылшаруашылық субсидия­ларын беру тәртібін, 2-еуі жер заңнамасын, 1-еуі мемлекеттік қызметтерді көрсету заңнамасын, 1-еуі қызметтік әдеп норма­ларының бұзылуына жол берсе, 5-еуі қызметтік өкілетілігін асыра­ пайдаланған. Тәртіптік істерді қарау нәтижелерімен Әдеп жөніндегі кеңестің ше­шімімен 18 қызметші әртүрлі тәртіптік  жазаға  тартылса, оның ішінде 6-ауына Әдеп кодексі  талаптарын  бұзғаны  үшін, яғни 2-еуіне «ескерту», 2-еуіне «сөгіс», 1-еуіне  «қатаң  сөгіс», 1-еуіне  «қызметіне  толық сәйкес  еместігі  туралы  ескерту», 12-сіне мемлекеттік қыз­метке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «қызметіне толық сәйкес емес­тігі туралы ескерту» түрін­дегі тәртіптік жазалар қолданылды.

Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

ҚР  Мемлекеттік  қызмет істері  және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл

агенттігінің  Қызылорда облысы  бойынша

департаменті  басшысының орынбасары,

Әдеп  жөніндегі  кеңес

хатшылығының   меңгерушісі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2017 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары