Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
“ШАЯННЫҢ СОҚҚЫСЫ”
12.01.2018 12:28

Бразилияда даңқты Рональдиньюдің достары жұлдыздар командасым­ен жолдастық кездесу өткізді. Жұлдыздар 9:6 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздардың қақпашысы Сидао “шаян соққысы­н”  қайталап,  таңдай  қақтырды.

 

Бұл әдіс  қайдан шыққан?

1995 жылдың 7 қыркүйегінде Лондондағы даңқты “Уэмбли” стадионында Англия және Колумбия құрамалары жолдастық кездесу өткізді. Қауіпті сәттер­дің бірінде колумбиялық қақпашы Рене Игита айып алаңының сыртынан Джейми Реднапп тепкен допты екі тізесін бүгіп, ауада қалықтай серпіліп, өкшесімен тамаша қайтарды. Содан кейін бұл әдіс “шаянның  соққысы” аталып кетті.

Аталған әдіс футбол тарихындағы ең үздік әдіс болып танылған соң, Игита бір сұхбатында өз әрекетінің ойда жоқта­ туғанын айтып берді. Атақты қақпашы алғаш рет допты осындай әдіспен алкогольсіз сусындардың  жарнама  роли­гін түсіру кезінде қайтарыпты. Сценарий бойынша, балалар Игита қақпасына доп тепкен. Балақайлардың бірі допты доғаш­а иілдіре бағыттағанда, ол өкшесімен қайтарған. Кейін жаттығу кезінде де осы әрекетін бірнеше рет қайталағанмен, оны ресми матчта пайдала­нып көруге тіпті талпынбапты  да.

Алайда “Уэмблидегі” кездесу барысында Реднапп допты әуелеткен кезде, қапталдағы төреші Реднапп айып алаңына көтермекші деп ойлап, жала­уын желбіретіп үлгерген. Өйт­кені, ағылшындардың бір футбо­лшысының офсайдта тұрғаны анық еді. Бірақ, Реднаптың соққысы бірден қақ­паға ұшқанын көрген соң, төреші жалаушаны дереу түсіре қойған. Игита қапталдағы төрешінің әуелгі әрекетін көзі шалып, қарсыластың ойыннан тыс қалғанына сенімді болған. Бірақ ереже бұзылмағанын, ал доптың өзінен асып қақпаға тура бара жатқанын сезінген соң, амал жоқ, өкшемен қайтаруға  тырысқан.

Бұл шеберлікке жұрт тік тұрып қол соқты. Ал, Игита болса, “шаян соққысын” жасай салып, командаластарынан кешірім сұрады. Мұндай тосын әрекет оны бірнеше жыл бұрын жарға жығып еді. 1990 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Рене өз құрамасы 0:1 есебімен Камеруннан жеңіліп жатқанда айып алаңының сыртына шығып алдаспақ болып, екінші допты жіберіп алған-ды. Алаңның ортасында Роже Милла одан допты тартып алып, бос қақпаға бағыттай салды. Содан кейін Игита “сорақы әрекеттер” жасамайтын болған. “Шаянның соққысынан” кейін кешірім сұрағаны да содан.

Кейін  де  Рене  Игита  ақылға сыймайтын қимыл­дарды бір­неше рет жасады, бірақ ол өз командасының жеңісі күмән тудырмайтын кездерде ғана “цирк” ұйым­дастыратын  еді.

Жұрттың бәрі Ренені футбол­  сайқымазағы  дегенмен, ол өте мықты қақпашы болды. Оны айтасыз, ол пеналь­ти мен айып доптарын шебер соға­тынымен де  есте  қалды.

Футболдағы ғұмырында Игита 44 ресми гол соқты. Оның 37-сі – пенальтиден, 7-еуі – айып соққысынан. Колумб­ия құрамасы сапында 68 кездесу өткізіп, 54 гол жіберді. Өзі  3 гол авторы атанды. Құрама сапындағы соңғы кездесуін даңқты қақпашы 1999 жылдың 7 шілдесінде өткізді.

Қазір Рене Игита Брази­лияның “Атлетико Паранаенсе” командасында қақпашыларды  жаттықтырады.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары