Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
“ҚАЙСАРДЫҢ” АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ
25.01.2018 11:07

Түркия елінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жолдастық кездесу “Қайсардың” жеңісімен аяқталды. Қарсыласымыз Румынияның жоғарғы дивизионында өнер көрсететін “Сепси” командасы болатын. Он бір метрлік айып добын сәтті орындаған қарсыластарға “қасқырлардың” қайтарар қарымтасы да бар екен. Араға көп уақыт салмай легионеріміз Франк Джедже есепті теңестірсе, ойынның екінші бөлігінде Матиас Курьордың голы “Қайсарды” есепте алға шығарды. Қорытынды есеп: 2:1.

Қалған уақытта екі команда да есепті өзгертуге тырысқанымен, таблодағы сандар өзгермеді. Айта кетейік, Анталия қаласындағы күн райының қолайсыздығы салдарынан “Қайсар” футбол клубы қызметкерлері ойынды тікелей эфирден көрсету мүмкіндігінен айырылды. Жауған жаңбыр ойынға біраз кедергі келтірді.

Келесі жолдастық кездесу бүгін болгариялық “Дунав Русе” командасына қарсы өтеді. Сыр футболшылары бұл матчта да жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз.

 

Ойын  жайында

Иван  ГРАФ, “Қайсар”  футбол  клубының  қорғаушысы:

- Жаңа жылдағы ең бірінші ойын сәтті өтті. Рас, күн райы көп кедергі келтірді. Дегенмен, алаң өте жұмсақ болды. Ең бастысы, ойынды ешқандай жарақатсыз әрі жеңіспен аяқтадық. Қарсылас та оңай шағылар жаңғақ емес, өйткені, олардың чемпионаттары 10 күннен кейін басталады. Сондықтан, қарсыластар маусымға сақадай сай. Ал, біз дайындықты енді ғана бастадық. Бірінші жиында физикалық жаттығуға жоғары деңгейде мән беріп жатырмыз. Ары қарай да осылай жұмыс істей бермекпіз.


Александр ГРИГОРЕНКО,

“Қайсар” футбол  клубының  қақпашысы:

- Жаңбырдың астында ойнадық. Әрине, алаңда тартысқа толы ойын болды. Қарсыластар көбіне қарымта шабуылмен ойнады, себебі күн райының қолайсыздығы кедергі еді. Біз қорғаныста қысқа пастар арқылы ойнап, қарсыластың допты жоғалтқан кезін сәтті пайдаландық. Мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алғанымызға  қуаныштымын!

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары