Өзекті мәселелер

  • 23.05.19

    Ерсіннің жұмыссыз жүргеніне  біраз уақыт болды. Қырықтың қыр­қасына шыққан жігіттің  қызметінен кеткеніне үш жыл. Сонан бері үш балан­ың тамағы, киім-кешегі, жұмыссыз күйеудің бабын табу Алуаға оңай емес. Мектепте жұмыс ауыр. Күні бойы тыным көрмейді. Ерінің үйде бос жатысы мұғалім келіншектің жүйкесіне  тиеді.

    - Тым болмаса есік алдынағы бау-бақшаға қара. Малға жем-шөп беріп, өріске шы...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Ағылшын әдебиеті тарихында роман жанрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш романист жазушы, публицист, көрнекті прозаик Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты атақты шығармасын бес жастағы баладан бастап, белі бүгілген қартқа дейін білетіні анық. Тіпті, автордың атынан гөрі Робинзон Крузоның есімі әлемге әйгілі болған көркем образ екендігі де даусыз. Бұл – әрине, автордың ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Қазақ елі діни татулықт­ың үлгісі екені жаһанға мәлім. Бірлігінің бекемдігі де көп ұлттың басын біріктіріп тұрған шаңыр­ағының тыныштығынан көрі­ніп тұр. Елбасының сарабдал саясаты мен мемлекет үшін құндылығы  жоғары, саяси маңызы зор стратегияларының нәтижесінде біз осындай мәртебеге иеміз.

    ...
    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Несібелі   МУСЛИМОВА:

    Тағдыр – жазмыш. Жазмышты жолынан жаңылдырып, пешенесін­  өзі  жазған пенде жоқ. Бір сәт күліп отырып көңіл босату,­ жылап отырып  жігерлі  кейіпке ену, шарасыздықтан  шаршап  немесе­ амалдың   жоқтығынан  жанар­ын  солдыру – бір  тағдыр иесіне­  ауырлық­. Сынақ  өзінің жеңім­пазын  таңдайды. Және сол жолда­ күресу үшін  кейіпкеріне  күш-жігер ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    (Соңы. Басы газеттің 14 наурыздағы  №10, 18 сәуірдегі №15 сандарында)

    Менде тек ғана жұмыс тауып, жан бағатын тіршілік жасаудан басқа жол қалмады. Ал бала ше? Уақытша балалар үйіне өткізсем бе деген ой келді. Бірақ мен қайтып аламын дегенше, біреу асырап алса қайтемін деген күдік тағы бар. Осындай ой шырмауында жүргенімде ұялы телефон...

    Толығырақ...
«САНДЫРАҚ» СИНДРОМЫ
25.01.2018 11:47

Теріскейлік «туысқанның» «табағындағы» сыбаға Қырғызстанның үлесінен 22, Белоруссияға бұйыр­ғанынан 26 есеге көп. Яғни ортақ одақтағы межелік шарт пен өнімнің үлесі «мал – баққандікі» дегенге тура кеп тұр. Шыны керек, Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеген­іне үшінші жыл болса да, табыс­қа тұншығып отырғандары шамал­ы. Ағайын алдында жинаған бедел секілді әлемдік экономикалық терезеде тек «Бестік одақ» деген ғана атағы  танауын  көкке  көтеріп  тұр.

Халықаралық интеграцияда ең сенімді әрі ірі сауда серіктесіміз санала­тын Ресей елінің экономи­касы үшін балтырымыздың тартылып, сүйегіміздің сырқырап отырғаны рас. Өйткені біздің елдегі демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі «алдымен эко­номика, содан соң саясат» деген қағидамен ілгерілеп келеді. Ал әккі­лігі  арқылы ішкі саяси тұрақтылықты­ сақтап, «саудада достық жоқ» екенін айқын дәлелдеп отырған «аю патшалығындағы» қағида экономиканы саясатп­ен матап отыр. Оған дәлел ретінде 15 599,2 млн долларды құраған  Қазақстан мен ЕАЭО арасындағы сауда көлемінің үлесін айтуға болады. Бір келінің ішінде тарыдай түйіліп жатқан бес елдің экспорт көлемі 4600,3 млн, импорт 10998,9 млн долларды құрап отыр. Ал Қазақстанның одақ елдерімен сыртқы сауд­а айналымының көлеміндегі Ресейд­ің үлесі 92,3 пайыз болса, Қырғызстан 4,2, Белоруссия 3,5 па­йызды еншілеген. Сондай-ақ, жыл қорытындысында шеңбер ішіндегі үш елде тұтыну бағаларының өсу қарқы­ны төмендеген. Еуразиялық экономикалық комиссиясы баспа­сөз қызметінің мәліметінше, одақ елдері арасындағы ең жоғары инфляци­я деңгейі Қазақстанды шарлап жүр. Ресейде 2,5, Арменияда 2,6, Қырғызстанда 3,7, Белоруссияда 4,6 пайыз болса, біздің елде 7,1 пайыз. Экономиканың күретамыры саналатын инфляция «айдынында» «аққу ұшып, қаз қонатын» жағдай жоқтың қасы. Мұндай көр­сеткішпен бөркіңді аспанға атпақ түгілі, аяқжолыңдағы жерге қарауға да  ұяласың.

Батыстың Ресейге «балтырын» «шымшып» салған санкциясы еш­қандай сес көрсетпеген сияқты. Санк­цияның салмағын сезініп отырға­н олар жоқ. Экономикалық көрсет­кіштері өзге елдерге қарағанда «бес» болып тұр. Ұпайы түгел, есебі дұрыс. Мойындамасқа амал жоқ, бірақ  біздегі  саясат “сандырақ” синдромынан ада емес. Ортақ одаққа мүше мемлекеттер ішінде көш бастап тұрған елдің есебі шимақ күй кешу­ден таза. Әрбір аттап басқан интегра­циялық қадамына «тұсау» салып­ тастаған Батыстың бұл әре­кетіне біздің шошынғанымыз рас. Ішкі жалпы өнімнің, тұрақтылық пен тауар сатылымы үдесінің үрейін ұшырған саяси теріс құжаттың сал­қындығы тонымызбен қоса тоңдыратындай кейіпке ендік. Ал көршіміз «апанынан» шықпаған «аю» секілді міз баққан жоқ. Дегенмен теріскей­лік көрші өзінің сыртқы саясатындағы «ойыншысын» іштей нақтылап отыр. Әйтпесе Путиннің позициясы үнсіз қалуға итермелемейді. Саяси-экономикалық одақ шеңберінде тығыз әріптестік танытып отырған елдердің бір қақпанға түсуіне жол бермейтініне сенімділік бар, бірақ сақтық жоқ. Бір таңғаларлығы, аяғы­на тұсау салынса да, экономика­лық көрсеткіштерінің әзірге қалыпты дейгейде тұрғандығы. Бүгінгі күннің өзінде Ресеймен бірлесіп жұмыс жасай­тын 6 мыңнан астам кәсіпорын бар. Мұнай химиясы, тау-кен металлургиясы кешені сияқ­т­ы бірқатар салада екіжақты инвест­ициялық жобалар жүзеге асуда­. Ресей кәсіпкерлері 9 млрд доллар капиталын Қазақстанда ұстап  отыр. Өткен жылы тағы 56 келіс­імге қол қойылып, болашақта 3 млрд долларды құрайтын сауда-саттық жасалынбақ. Бұл шаруалардың барлығы да ЕАЭО аясында атқары­лып жатыр. Осы ретте Ресей экономикасының сыртқы күшке де, тосын соққыға да төтеп беретін қау­қарының барын мойындауға тура келед­і. Интеграциялық деңгейдегі ауыр соққы көршімізге ұстараның жүзіндей де әсер еткен жоқ. Оның қасында Қазақстанның инфляциялық ахуалы мен одақтағы табыс мөлшері әлдеқайда әлсіз. Сол себептен экономикалық саладағы басты серіктесімізге салынған санкцияның салқыны елімізді айналып өтеді деу де қисынсыз. Одақтың ортақ шарттарына негізделген сауда-саттықтағы валюта мәселесі де бір шешімін тапқан жоқ. Импорт, экспортта өзге елдің ақшасын тұтынуымыз өз еркі­міздің жоқтығын дәлелдейді. Дегенмен іргелес елдермен достығымыз мәңгі болмаса да, көршілігіміз сол қалпында сақталады. Ал біздегі экономи­калық байланыс пен инте­грациялық үрдістерде Ресейдің үстемдігі байқалады. Оның зияны қандай, пайдасы  қайсы  екенін уақыт  еншісіне  қалдырайық.

СЕМСЕР

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары