Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 196 |
![]() | Кеше | 2006 |
![]() | Осы аптада | 10985 |
![]() | Өткен аптада | 14901 |
![]() | Осы айда | 31173 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3568193 |
ҮЗДІКСІЗ КӨМІР ТАСЫП, ДӘРМЕН ҚАШЫП ЖҮР |
01.02.2018 10:18 |
«Адал еңбек – ердің досы» дейміз. Өте орынды. Нарық алқымнан алып, қымбатшылық жайлаған бүгінгідей кезеңде еңбек етіп, мал тауып, отбасын асырағанның артық болмасы анық. Десе де, не жайлы айтқымыз келгенін мақаланы оқу барысында көзіңіз жететіні анық, құрметті оқырман! Арықбалық ауылдық округіндегі ауылдық мәдениет үйінің кескін-келбеті, ішкі-сыртқы безендірілуі, аумағының тазалығы, көгалдандыру жайы, ауыл өнерпаздарының жеткен жетістігі өзгелерге үлгі болғандай. Аудандағы елді мекендер арасындағы «халық театры» атағы бар жалғыз ұжым мүшелері алуан түрлі тақырыптағы қойылымдарымен көрермендер көңілінен шығып жүргені де мақтауға лайықты. Алайда «айтпаса, сөздің атасы өледі» деген бар. Түсінікті болуы үшін таратыңқырап жеткізсек. Ауылдық мәдениет үйінде қысқы маусымда екі азамат от жағушы болып жұмыс істейді. «Алатау» аталатын қатты отын, яғни көмірмен жылытылатын шағын қазандыққа тәулігіне белгіленген мөлшерде, күн суытса, онан көп көмір жағылады. Салқын күні екінші қазандық іске қосылады. Ал қысы қытымыр Қазалының ауа райының жаймашуақ бола бермесі көпке жақсы мәлім. Әсіресе соңғы тәуліктердегі қызыл шұнақ аяздан адам тұрмақ төрт түлік малдың да берекесі қашқаны, мектеп, балабақшаларда оқу-тәрбие жұмыстарына, жолаушылар тасымалына біршама қиындықтар туындағанын несіне жасырамыз? Мұндай сәттерде от жағушылардың онсыз да жеңіл саналмайтын жұмыстары тіпті ауырлай түсері белгілі. Сонымен айтар мәселемізге оралсақ. Ауылдық мәдениет үйінің екі от жағушысы күнделікті 12 сағаттан жұмыс істейді. Қалыптасқан жағдай соны қажет етеді. Бұл – таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге дейін қоларбамен қазандыққа көмір тасып, оны жағып, күлді қоларбамен сыртқа шығарып, арнаулы орынға төгіп, күнұзағына үздіксіз бейнеттенген адам түнде ғана тыныстап, таң ата қайтадан кезекшілікке келеді деген сөз. Немесе түнгі кезекшілікте тұрған адамның да басынан осы жағдай өтеді дегенді білдіртеді. Оның үстіне «Жұмыстан соң жуынып-шайынып (ауысым бойына көмір тасып, от жағып, күл шығарған адамның кескін-келбеті қандай болатынын көз алдыңызға елестетіп көріңізші) тазаланатын да орын жоқ» дейді өзім тілдескендер. Кімге де бұлайша еңбек ету оңай емес. Әрине, еңбегінің өтеуіне жалақы алатыны рас. Алайда ауыр жұмыстан соң адам ағзасы демалысты, қайтадан күш жинап, еңбекке деген қабілетті орнына келтіруді қажет етеді. Осы ретте от жағушылардың жұмыс кестесі тым тығыз емес пе деген пікір қылаң береді. Соған орай, от жағушы тәрізді ауыр жұмыста дәл осындай штат бірлігімен екі адамның жұмыс істеуі дұрыс па, әлде қосымша адам беруге мүмкіндік қарастыруға бола ма, Еңбек туралы заңда қалай жазылған, бұған құзырлы орындар не айтар екен деген сауалмен сөзімізді түйіндесек. Жұмабек ТАБЫНБАЕВ, Қазалы ауданы |