Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
ТЕҢІЗБЕН ТАҒДЫРЛАС ТАЛАНТ
05.02.2018 18:44

Апта басында сыршыл ақын Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада тағылымды шара өтті. Руханият саласына бар ғұмырын сарп еткен эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тағдырым теңізбен тағдырлас» атты жазушымен кездесу кешіне замандастары, студент-жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының құттықтауын жеткізген орынбасары Руслан Рүстемов жазушының өмір жолына, шығармашылығына тоқталды.

- Қай ғасырда болмасын, қай заманда болмасын, әрбір ұлттың өркениет деңгейін, руханиятын қаламгерлерімен, жазушылық ортасымен бағалағаны белгілі. Бұл ретте біздегі руханият ортасы бай. Қазақтың даласы мұхит болса, соның бір шетіндегі теңіздің атын қазақтың өзі Арал деп қойған екен. Сол теңіздің жағасында Сайлаубай ағамыз дүниеге келіпті. Мінеки, бүгін жетпістің мерейлі шағында отыр. Қаламыңыз мұқалмасын, жазарыңыз көбейсін! – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жазушы тұңғыш рет 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен, «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған «Боз айғыр» әңгімесімен көрінді. Сондай-ақ, 50-ге жуық көркем фильм мен аудармаларды дүниеге әкелген жазушы небәрі 21 жасында әдебиет әлемінде жарқ етіп, өзіндік ерекшелігімен таныла бастады. Былтырғы жылы «Абыржы» атты трилогиясы қалың оқырманға жол тартқан болатын. «Арал тағдыры – адам тағдыры» дейтіндер кітаптың салмағын, көтерген жүгін де соншалықты ұғынатындай. Арал теңізінің экологиялық мәселесін жазуға 50 жылын сарп еткен қаламгер соңғы шыққан кітабын жазуға 17 жылын арнаған. Сондықтан болар, кездесу кешінде жазушының замандастары көбіне осы шығарма турасында сөйледі. Оның ішінде «Абыржыны» мемлекеттік немесе халықаралық сыйлыққа ұсыну керек!» дегендер де болды.

Кеш барысында «Табиғат тамыршысына айналған талант» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалса, «Кел, теңіз, сырласайық» атты Сайлаубай Жұбатырұлының монологын кітапхана оқырманы Еркебұлан Тынымбайұлы оқыды. Айтпақшы, биылғы жылдың маусым-шілде айларында жазушының жетпіс жасы туған жері Арал ауданында, Қызылорда қаласында кеңінен тойланбақ.

Замандастар пікірі

Қайырбай ЗӘКІРОВ, суретші:

- Сайлаубайдың қаламынан туған туындылар өміршең келеді. Оның «Абыржымен» тоқтап қалмасына да сенемін. Трилогиясын оқып отырып, кейбір сөйлемдердің мән-мағынасына терең үңіліп, аса шеберлікпен жазылғанын байқадым.

Хұсейін ӘМІР-ТЕМІР, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі:

- «Абыржыны» қолыма алып, оқи бастадым. 57-бетіне дейін 3 күн оқыдым, қиынға соққандай. Ал, одан кейінгі 2 күнде барлығын тауысып, соңынан бір-ақ шықтым. Кітап оқырманды еріксіз баурап алады. Сірә, жазушының мықтылығы осы болса керек...

Айжарық СӘДІБЕКҰЛЫ, жазушы:

- 1971 жылы жастарға арналған шығармалардың жабық бәйгесінде «Алыстағы аралдар» повесімен Сайлаубай Жұбатырұлы екінші орынды жеңіп алса, Тынымбай Нұрмағамбетов бірінші орынға ие болды. Екі қызылордалық та сол кезде әдебиетке үлкен дүмпу болып келді.

Шанжархан БЕКМАҒАМБЕТОВ, филология ғылымдарының кандидаты:

- Біз бүгін сырбойылық жазушының ғана емес, қазақ жазушысының кешіне келіп отырмыз. Мен жазушы шығармашылығындағы «Абыржы» трилогиясының жаңартылған нұсқасын түсінбедім деген адамды түсінбеймін.

Рыскелді  ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары