Өзекті мәселелер

  • 24.05.18

    «Ауру – астан». Алайда біздегі білім ордаларындағы асханалардың жай-күйі біраз жайттың бетін ашып бергендей. 18 мамырда Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округіндегі №192 орта мектептің асханасынан тамақтанған 25 оқушы уланып қалды. 21 балаға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілсе, 4-еуі аудандық ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылардың айтуынша, эпидемиологиялық ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Онымен күрес барлық уақытта да маңыздылығын жолғалтпаған. Соңғы кезде қанатының кең жайылып кетуінен қауіптенген еліміз оның тамырына балта шабу үшін жаңа стратегиялар қабылдап, үзіліссіз күрес жүргізіп келеді­. Тіпті 2017 жылы Елбасына  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасы» ұсынылған болатын. Онда әлеуметтік зерттеу қорытындыла...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Қашанда таланттыларды  тасада  қалдырмаған  қазақ  тағы бір өнерлі ұлын ұлықта­ды. Сыр елі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған ау­қымды шара ұйым­дастырды.

    Бұл жолғы сән-салтанат пен халық құрметі айрықша есте қалды. Себебі кейбір сарсаңға са­латын «көпсөзді» жиынға  барудан шаршаған жұртшылық  көңілді кон­церт­ке  келіп, рухани демалыс ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Жоғарыда аталған тақырыпқа орай жастар арасында­ сауалнама жүргіздік. Бірі былай тартады, енді біреуі былай тартады. Пікірлер сан алуан. Расымен, сөз байласып жүрген жастардан бұрын, біраз жыл бірге тұрып, ажырасып кететін отбасылар да аз емес. Сенімге селкеу, сыйластыққа сызат түсіп, сүйгеніне берген сертін бұзатын білектілер мен бұрымдылар баршылық. Қос ға...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    КІСІНЕГЕН   КІСІ

    Сықақшы

    Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫНА

    Толығырақ...
Басты бағыт - кәсіпкерлік
06.02.2018 16:09

Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту, жұртшылықты бизнеске баулу, жеке іс бастағандарға мемлекет ұсынған бағдарламаларға сүйене отырып қолдау көрсету қармақшылықтардың басты мақсатына айналып отыр. Бұдан былай «көпшілікке балық ұсынылмайды, қайта балықты аулайтын қармақ берілмек». Мұндай байыпты бастама турасында өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов мәлімдеді. «Біз басты басымдықты кәсіпкерлік саласына беріп отырмыз» деді ол өз сөзінде.

Ауданда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Атап айтқанда, несие алушыларға бизнес-жоспарлар әзірленіп, кәсіпкерлерге консалтингтік және басқа да көмектер көрсетілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан кәсіпкерлерінің несиеге қолжетімділігі артты. Былтыр қаржы ұйымдары тарапынан 330 жобаға 1 миллиард 93 миллион теңге жеңілдетілген несие берілді, - деді аудан әкімі.

Ауыл шаруашылығы саласына келгенде қармақшылық диқандардың еселі еңбегі жайлы айтпау мүмкін емес. Аудан еңбеккерлерінің ала жаздай төккен тері ақталып, күріштің әр гектарынан орта есеппен 59,6 центнерден өнім алынды. Қамбаға 84 543 тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Бұл – еліміз егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы негізінде бірқатар ілкімді істер атқарылуда. Аудан бойынша 14 кооператив құрылып, оның алғашқы 7-еуінің құрамына ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 234 азамат мүше болған. Олар кәсібін дөңгелете түсу үшін «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 601 миллион теңге несие рәсімдеп, ет, сүт бағытындағы мүйізді ірі қара сатып алып, кәсібіне белсене кіріскен.

Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлынан аудандағы қылмыстық ахуалды сұрадық. «Аудан бойынша қылмыстардың ашылу деңгейі қандай?» деген сауалға «Қылмыс деңгейі 2016 жылғы деңгеймен бірдей болды. 269 қылмыс тіркелді. Жалпы, ауыр қылмыстар, көшеде жасалатын қылмыстар төмендеген. Ұрлық қылмысы 19-ға өскен» деді С.Мақашов. Қазіргі таңда Жосалы кентінде 2, Төретам кентінде 1, Ақай ауылдық округінен 1 учаскелік полиция пункттерін сатып алуға облыстық бюджеттен 36 миллион теңге қаржы бөлініп, 4 учаскелік полиция пункттері ашылған. Бұл – құқық қорғау саласында жұмыс істеп жүрген тәртіп сақшыларының жұмысын одан әрі тиімді ете түседі деген сөз.

Әкім халықты әлеуметтік қолдауға көбірек көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.

Ж.Қойшыбекова

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары