Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
АҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЯҚАЛЫС
08.02.2018 10:00

Дәл бүгін Пхенчхандағы қыс­қы  Олимпиада ойындары бас­талады. Жарыстың ресми сайты хабарлағандай, Оңтүстік Корея жеріндегі  ақ қар мен көк мұздағы аламанға  әлемнің  92  елінен  2925 спортшы қатысады. Бұл осыған дейінгі Олимпиада ойындары қатысушылары санынан асып түскен рекордтық көрсеткіш болы­п отыр. Төртжылдықты түйіндейтін бәсірелі бәсекеге қатысатын құрамалардағы спортшылар саны бойынша АҚШ құрамасы алда тұр. Бұл елден барлық спорт түрі бойынша 242 спортшы қатысады. Канада – екінші орында­. Үйеңкі жапырақты елі 226 спортшысын үкілеп қосады. Сондай-ақ, қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысайын деп жатқан елдер де бар.

Эквадор. Оңтүстік Американың солтүстік-батысында орна­ласқан  мемлекеттің спортшы­лары жазғы Олимпиада ойындарына қатысып жүрсе де, қысқы Олимпиадада төбе көрсетпеген. Оңтүстік Корея жерінде алғаш болып­  бұл елдің атынан туы көтерілмек. 38 жастағы шаңғышы Клаус­ Юнгблут Родригес жүлде үшін  таласып көреді.

Эритрея. Африканың  солтүс­тік-шығысындағы елдің қысқы Олимпиада ойындарына қатыспағанына күмәнмен қараудың қажеті жоқ. Себебі, бұл ел – жер бетіндегі  ыстық аймақтардың  бірі. Пхенчхандағы додаға тау шаңғы спортынан Шеннон Огбани­-Абед өнер көрсетеді. Ол – Канадада­ тұратын эритериялық спортшы.

Косово. 2008 жылы Сербиядан тәуелсіздік алғанын жариялаған шағын ел дүниежүзілік саясатта дау тудырған. Бір елдер Косовоның тәуелсіз ел болғанын қолдаса­, біраз елдер қарсы шыққан. Бүгінде 2 миллионға жуық халқы бар елдің спортшылары өз туымен халық­аралық жарыстарға қатысып жүр. Пхенчханда Косовоның намысын тау шаңғы спортынан Албин Тахир­и қорғайды. Спортшы, негізін­ен, Словенияның тумасы.

Малайзия. Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі саналатын елдің спортшылары бірде-бір рет қысқы Олимпиадаға қатыспаған. Оңтүстік Корея  жеріндегі  жа­рыс­та  бұл елден екі спортшы бақ сынай­ды. Бірі – Джеффри Уэбб (тау шаңғы спорты), екіншісі – Юлиан Йи (мәнерлеп сырғанау).

Нигериялық спортшылардың да қысқы Олимпиада ойындарына қатыспай келгенін табиғи климат­ымен байланыстыруға болады­. Пхенчханда бұл елдің атынан АҚШ-та өскен бобслей­шілер  бақ  сынайды.

Сингапур. Әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі болып сана­латын Сингапур елі Олимпиада ойындар­ынан жүлде алған спортшыларына қомақты сый береді. Әйтсе де, осыған дейін аталмыш ел қысқы Олимпиада ойын­да­рында бой көрсетпепті. Оңтүстік Корея­да 18 жастағы шорт-трекші Шайенн Го Сингапурдың на­мы­сы­н қорғамақ. Ол негізінен Канадада  жаттығады.

Айтпақшы, танымал «Gra­ce­note» статистикалық агенттігі ХХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына болжамын ұсынды. Олардың сараптауы бойынша Қазақстан құрамасы аталмыш жарысты тек 1 қола медальмен аяқтайды­ екен. Сонымен қатар, статистикалық агенттік Оңтүстік Корея же­рінде Германия құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алады деп болжауда. Агенттік сара­пшылары неміс спортшылары­ 15 алтын, 10 күміс, 14 қола медаль еншілейді деп топшылап отыр. Екінші орынға норвег спортшыларын қойған. Скандинавия түбе­гінің өкілдері 13 алтын, 14 күміс, 13 қола медаль жеңіп алуға қауқарлы-мыс. Үздік үштікті АҚШ құрамасы (11 алтын, 6 кү­міс, 12 қола) түйіндейді деп болжанып  отыр.

«Gracenote» Қазақстан құрамасының қоржынына түсетін жүлдені могулшы Дмитрий Рейхерд иеленеді деп болжам жасаған. Олар мұндай болжамдарды спортшылардың соңғы халық­аралық  жарыстардағы жетістіктері мен физикалық дайындық­тарына сүйеніп айтады. Осыған дейін агенттік қазақстандық спортшылар жүлдегерлер қата­рынан көрінбейді деп жазып келген­  еді.

Сондай-ақ, олимпиада ойындарында жүлде алған отандас­тарымызға берілетін сыйақы көлемі  өзгерген  жоқ. Бұрын­ғыдай  жеңімпаз  атанған  спортшы  мен   жаттықтырушысына 250 мың АҚШ доллары беріледі. Екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға 75 мың доллардың сер­тификаты табысталады. Алтыншы орынға дейін  сыйақы  қа­рас­тырылған.

Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңд­е Қазақстан 6 рет қысқы Олимпиада ойындарына қатысса, небәрі 4 спортшымыз ғана жүлде алған. Олар: Владимир Смирнов (1994, 1998), Людмила Прока­шева (1998), Елена Хрусталева (2010) және Денис Тен (2014).

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары