Өзекті мәселелер

  • 15.02.18

    Дария демі ішінде. Ақпан басталғалы Сырдарияның маңына жақын орналасқан жұртшылық арнасынан асқан өзен суынан қауіптенгені белгілі. Алайда дүрлігуге негіз жоқ. Бұл туралы облыс­тық  жұмылдыру дайындығы бас­қармасының басшысы Серік Сермағамбетов өңірлік ком­муни­ка­циялар қызметінде БАҚ  өкіл­деріне мәлімдеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Көпшілік ортада кейбір баланың іс-әрекетіне, қылығына қарап, оның тәрбиесіне баға береміз. Өйткені бала ес білгеннен бастап ата-анасының іс-әрекетін қайталап, айтқан сөздерін жаттап, санасына тоқып алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз осының дәлелі іспеттес. Жасыратыны жоқ, бүгінгі жастарға, балаларға тәрбие жөніне келгенде көңіліміз толмайды. Өйткені, (барлығына бірдей топыр...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Алланың адам баласына берген­ сыйы – жарық дүние. Сол дүние есігін ашқаннан бастап өмірден озғанға дейінгі уақыт ол әр адамның өз еншісінде. Ата-ана үшін өмірдегі ең маңызды сәт – сәби сүйіп, тұлға етіп тәр­биелеп, жетілдіріп, ел қатарына қосу. Бұл – әрбір ата-ана үшін алдыға қойған бірінші мақсат. Мұндай  бақыт  біреуге  бұйырса, біреу  осыған  жете  алмай  жүр.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Әңгіменің төркінін тақырыптан-ақ бажайлаған боларсыз. Иә, мәселе жұдырығын жұмса ашпайтын, ашса шаш­пайтын  нағыз Шықберместердің ізін жалғап, өкшесін басып­  келе жатқан жігіттер жайын­да болмақ. Жомарттық, мәрттік, кеңдік, ол – кісінің алдын­а қысылмай кең құлаш даста­рқанын жайып, қолында барын төге салатын, тіпті қажет болған жағдайда жарты бай­лығын теңдей бөле салатын адам. Сіз бен бізде,...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Қазақ жігіттері ежелден ірі, ержүрек болған. Оны сол уақыттағы саф ауа, табиғи тағам секілді жайттармен байланыстыруға болатын шығар. Белгісіз. Арысы батырлар жырының кейіпкерлерін көз алдымызға елестеттік. «Еліме пайдам тисін, жауыма найзам тисін» деген ұстаныммен ұлтарақтай жері үшін өзгемен егесіп, ат үстінде күнелтті. Қара бастың емес, бар Алаштың қамы үшін қасық қаны қалғаша соғысып, жауды...

    Толығырақ...
Күріштің қауызын да кәдеге жаратуға болады
09.02.2018 14:34

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі мүшелерінің алдында атқарылған жұмыстарға есеп берген Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов агроөнеркәсіптік кешен саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, ұсынысын да жеткізді.

Палата директорының айтуынша, бүгінгі күні облыста ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 7293 субъекті тіркелген, онда 34 144 маман жұмыспен қамтылған.

Соңғы 2 жылдың көлемінде аймақта 3051 заңды және жеке тұлғалардың басын біріктірген 249 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды. Соның ішінде 110-нан астам кооперативтер өңірлік палатаның сүйемелдеу жұмыстарының көмегімен құрылған.

Палатаның жобаларды сүйемелдеуі нәтижесінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалынан 31 кооператив (928 заңды және жеке тұлғалар) 3,2 млрд теңгеге, сонымен қатар «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нен 10 кооператив (211 заңды және жеке тұлғалар) 152,4 млн теңгеге қаржыландырылды.

Ғалымбек Жақсылықов хабарламасы барысында саладағы мәселелерге де тоқталып өтті.

Оның айтуынша, Қызылорда облысында 2017 жылы шамамен 530 мың тонна күріш жиналған. Күріш өңделгеннен кейін 17-20 пайызы қауызы шығатыны белгілі, сонда 90-100 мың тонна қауызы далада өртеледі немесе бос жерлерге қоқыс сияқты тасталып жүр. Сол күріш дақылдарын өңдегеннен кейін қалатын күріш қауыздарында лигнин деген зат болады. Лигнин дегеніміз (лат.lignum-ағаш) - түтікті өсімдіктердің жасушасында кездесетін күрделі полимерлі қосылыс. Күріш қауызының 70 пайызын қоректі заттар, 10 пайызын әртүрлі дәруменді заттар құраса, 20 пайызын осы лигнин құрайды. Лигниннің ең басты зияны малды азық ретінде қолданғанда тітіркендіреді, күн көзіне бұзылмайды және топырақа түскенде шірімейді.

Палата басшысы Ғалымбек Жақсылықов: «Лигниннен құтылудың екі ғана жолы бар: күріш қауызын майдалап турау және  қатты қысыммен қысу арқылы формасын бұзу. Ізденіс нәтижесінде, оңтүстіккореялық компанияда күріш қауызын түрлендіретін қондырғы бар екенін білдік. Бұл қондырғыда лигниннен құтылудың 2 түрі де бар, яғни майдалап турау және қатты қысыммен қысу арқылы күріш қауызының лигниндік байланысын бұзып, күріш қауызының қасиеттерін өзгертуге болады. Нәтижесінде пайда болған күріш қауызы оңай шіриді, мал азығына қоспа ретінде пайдаланғанда мал тітіркенбей жейді және асқазанда жеңіл қорытылады. Бұл қондырғыны оңтүстіккореялық күріш өңдеушілер кеңінен қолданады. Қызылорда облысындағы бірнеше компания осы қондырғыны сатып алуға ниетті, бірақ бағасы қолжетімді емес (100-180 мың евро). Өңіріміздің экологиялық проблемаларының бірі болып табылатын күріш қауызын кәдеге жарату мәселесінің жалғыз шешімі ретінде отандық күріш өңдеушілерге күріш қауызын түрлендіретін DPX-30 қондырғысын ұсынған болар едік. Сонымен қатар, күрішшілерді аталмыш қондырғыны алуға ынталандыру мақсатында, қондырғы құнының 50 пайызын субсидиялау мәселесін көтеру туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсыныс беріп отырмыз», - деді.

Жоғарыда аталған технологиямен күріш қауызын өңдеген жағдайда, күріш компанияларының кірісі өсіп, экологиялық мәселе шешіліп, тиісінше бюджетке салық кірісі еселенеді екен.

Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан қажетті құрал-жабдықты жеткізуші кореялық, қытайлық және германиялық жетекші компаниялармен байланыс орнатып беруге дайын екендіктерін жеткізуде.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары