Өзекті мәселелер

  • 22.02.18

    Бүгінде заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокуратураға көмек сұрап келетіндер көп. Азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін орган әділеттілікке қол жеткізе алмай жүрген қаншама жанның мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал етеді, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, құқықтық көмек көрсетеді. Мысалы, бір ғана 2017 жылы Қызылорда облыстық прокуратура органдарына жеке және заң...

    Толығырақ...
  • 22.02.18

    Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қазақ-қырғыз шекарас­ына бірігіп жүргізген атышул­ы операциясын аяқтады. Дәлірек айтсақ, контрабандалық тауарларға тосқауыл қоюдың орнына­, керісінше, қомақты сомаға оларды заңсыз өткізіп беріп жүрген шекара қызметкерлерін тұтқындады. Әйтпесе сүліктей соратын жемқорлар, арандай аузын ашқан парақорлар...

    Толығырақ...
  • 22.02.18

    Елдегі инфляциялық дүмпу салдарынан туын­дай­тын баға қымбатшылығы халықтың қалтасына оңай тимесі  анық. «Зейнетақы мен жәрдемақы, айлық өсті» деген хабар елдің құлағына тиер-тиместен нарық тауар­ларының құны шарықтап шыға келетініне көз үйренген.  Сыртқы  сауда  нарығындағы  жағдай да көңіл көншітерлік деңгейге жеткен жоқ. Мәселен, ресми мәлімет бойынша елдегі инфля­ция 2017 жылы 7,1 пайызды қ...

    Толығырақ...
  • 22.02.18

    Бүгінде ой санамыздың төмендеп  бара жатқандығынан ба, әлде масыққан тірлік пе, әйтеуір ішер асымыздың аяқасты болып, жейтін нанымыздың қадірсіз қалып жат­қанын жиі байқаймыз. Дас­тарқанымыздың төрінен түс­пейтін қасиетті асымызды бүгінде қаншалықты  қастерлеп жүрміз? Ал соңғы ғасырдың жаңашыл жастары астың үлкені деп дәріптейтін ұннан жасалған торттың бетіне туған күн кештерінде балауыз шамын ...

    Толығырақ...
  • 22.02.18

    «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» дейді қазақ халқы. Иә, рас. Естігеннің қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін саралап болмайсың. Осы заманда­ адамдарды күре тамырынан байлаған әлеуметтік желі мен теледидар болып тұр. Жатыпішер жалқаулар көбейіп, адамдар кітапқа емес, ұялы телефонға бас қойды. Бұрындары жетімнің басын сипайтын қолы қазір смартфон бетін сипаудан ары аса алмауда.­ Онымен қос...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР СИНГАПУРЛЫҚТАРДЫ TIMSS ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АРТТА ҚАЛДЫРДЫ
09.02.2018 16:50

2015 жылғы соңғы TIMSS қорытындысы бойынша Қызылорда облысының 8-сынып оқушылары еліміздегі үздік жетістіктерге жетіп, әлем рейтингісінде алдыңғы қатарда тұрған Сингапурдан да жоғары көрсеткішке жетіп, басымдық білдірді.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, байқауға Қызылорда облысынан  13 мектептен (7 қазақ тілінде оқытатын және 6 аралас) 857 оқушы қатысты.

Рейтингі бойынша орыс тілінде оқитын Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының 4-сынып оқушылары жалпы рейтингте үздік 5 мемлекеттің  көрсеткіштерімен салыстырмалы және одан да  жоғары нәтижелерді көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық математика және жаратылыстану пәндер бойынша білім беру сапасына халықаралық мониторинг жүргізетін TIMSS (ағылш. TIMSS — Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі Халықаралық  IEA білім беру жетістіктерін бағалау қауымдастығының ұйымдастырған бағдарламасы болып табылады. Бұл зерттеу 4-сынып оқушылары мен 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану тәрбиесінің деңгейін, сапасын әлемнің әртүрлі елдерінде салыстыруға, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Төрт жылда бір жүргізілетін зерттеу циклы осы күнге дейін 6 рет 1995, 1999, 2003, 2007, 2011 және 2015 жылдары ұйымдастырылған.

2007 жылдан бастап қазақстандық оқушылар рейтингке қатысады. TIMSS-2015 жылы Қазақстан 179 мектептен (4710 төртінші сынып оқушылары және 4869 сегізінші сынып оқушыларын) жалпы саны  9 579 оқушыны таныстырды. Математика бойынша төртінші сынып оқушыларының орташа балы 544 ұпай, жаратылыстанудан 550 балл жинаса,8 сынып оқушылары математикадан - 528 балл, жаратылыстану ғылымдарынан – 533 ұпаймен көзге көрінген.
Келесі зертеу 2019 жылы жүргізіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары