Өзекті мәселелер

  • 24.05.18

    «Ауру – астан». Алайда біздегі білім ордаларындағы асханалардың жай-күйі біраз жайттың бетін ашып бергендей. 18 мамырда Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округіндегі №192 орта мектептің асханасынан тамақтанған 25 оқушы уланып қалды. 21 балаға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілсе, 4-еуі аудандық ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылардың айтуынша, эпидемиологиялық ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Онымен күрес барлық уақытта да маңыздылығын жолғалтпаған. Соңғы кезде қанатының кең жайылып кетуінен қауіптенген еліміз оның тамырына балта шабу үшін жаңа стратегиялар қабылдап, үзіліссіз күрес жүргізіп келеді­. Тіпті 2017 жылы Елбасына  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасы» ұсынылған болатын. Онда әлеуметтік зерттеу қорытындыла...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Қашанда таланттыларды  тасада  қалдырмаған  қазақ  тағы бір өнерлі ұлын ұлықта­ды. Сыр елі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған ау­қымды шара ұйым­дастырды.

    Бұл жолғы сән-салтанат пен халық құрметі айрықша есте қалды. Себебі кейбір сарсаңға са­латын «көпсөзді» жиынға  барудан шаршаған жұртшылық  көңілді кон­церт­ке  келіп, рухани демалыс ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Жоғарыда аталған тақырыпқа орай жастар арасында­ сауалнама жүргіздік. Бірі былай тартады, енді біреуі былай тартады. Пікірлер сан алуан. Расымен, сөз байласып жүрген жастардан бұрын, біраз жыл бірге тұрып, ажырасып кететін отбасылар да аз емес. Сенімге селкеу, сыйластыққа сызат түсіп, сүйгеніне берген сертін бұзатын білектілер мен бұрымдылар баршылық. Қос ға...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    КІСІНЕГЕН   КІСІ

    Сықақшы

    Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫНА

    Толығырақ...
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09.02.2018 18:14

Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасындағы: «Есіміме береді бала жасын, құлпытасты шұқыған кей азамат», - деген өлең жолдарынан әліпбиіміздің тарихы тереңде жатқанын аңғаруға болады. Иә, қазақ халқы өзінің таңбалау тарихында бірнеше әліпбиді басынан өткерген болатын: Орта ғасырлық түркі тілі, VI-VII ғасырлардағы «Орхон-Енисей жазулары», Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін 900 жыл бойы қоданылған араб әліпбиі, қазіргі қолданыстағы кирилл жазуы – мұның бәрінде еліміздің жүріп өткен қиын-қыстау жолдары сайрап жатыр. Міне, бүгінгі таңда латын әліпбиіне көшу мәселесін қолға алып жатырмыз, ғарышты бағындырып, Елтаңбасы мен Әнұранын әлемге таныта алған қазағым төл әліпбиін де өзгертуге батыл қадам жасады. Бұл кімге және не үшін керек, халыққа пайдасы бар ма?

Өткенімізді зерделеп, жан-жағымызға байыппен қарап, қоғамдық сананы жаңғыртудың кезі енді келді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім», - деп, бодандықтың белгісіндей болған кириллицадан құтылудың жалғыз жолы – латын әліпбиіне көшу екенін шегелеп берді. Осы беталыспен, осы өзгеріспен халқымыздың тарих сахнасында азат ұрпақтың буыны қалыптасады, өркениет өріне қадам басады десем, артық айтқандық болмас.

«Қазақтар өз тілдерін әлі үйреніп болған жоқ. Латын әліпбиіне көшсе, тілдерін өшіреді», - деген пікірлер ел арасында қылаң беріп қалып жүргені жасырын емес. Бұдан қорқудың еш негізі жоқ, жаңа әліпбиге көшуден ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық. Біз «әрі тарт та бері тарт» болып үркіп жүргенімізде, түркі тілдес мемлекеттердің көпшілігі әлдеқашан-ақ латын жазуына көшіп кеткені белгілі.

Ең бастысы, «Түркі тілдес түгел бол!» деп ұран тастаған қазақтың қыран ұлы Тұрар Рысқұловтың асыл арманы орындалар уақыт жақын қалған сияқты. Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым: «... жалпы түркі халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы – ортақ әліпбиде жүру», - деген сөзі менің пікіріме жан бере түседі.

Екіншіден, латын әліпбиін үйрену үшін бәріміз бір мезетте партаға отырып, бәріміз қайта жаза бастаймыз, сол арқылы төл тілін білмейтін қандастарымызды да қатарға тарта аламыз.

Үшіншіден, латын жазуы – ғаламтор мен ақпарат кеңістігінің тілі, сонымен қатар тіл тазалығы тұрғысынан лингвистикалық мәселелерді шешудің бірден-бір жолы. Белгілі лингвист-ғалым Шерубай Құрманбайұлы: «Ең алдымен, отарсыздану бағытын дұрыс жүргізу үшін бұл жазу ауыстырудың маңызы өте зор... Бұл, әсіресе, тілдегі басы артық дыбыстардың, сөздердің дұрыс жазылуын, қазақша дыбысталуын қамтамасыз ету үшін, тілдің өз табиғаты үшін керек», - деген сөзі тайталаса талас тудырып жүрген талайлардың аузына қақпақ болары анық.

Тізе берсек, дәлелдеріміз көп-ақ. Қорыта айтқанда, Елбасымыздың қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру саясаты – батыл әрі байыпты шешім, оңтайлы да оң қадам деп білемін. Ендігі міндет – бізден бұрын латын әліпбиіне ауысқан көрші елдердің қателіктерінен сабақ ала отырып, асығыс та қауырт шешімдерден аулақ болсақ болғаны. «Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады», - деген сөздерінен Ұлт көшбасшысының кемел де көреген саясат жүргізіп, бұл үдерістің алдағы уақытта кезең-кезеңмен жүзеге асатындығын байқауға болады. Осы ретте, қоғамдағы өзгерістер бұқара халықтың арасында түрлі пікірлер туғызуы заңды құбылыс екенін айта кетпеске болмас, бірақ «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, латын әліпбиінің әлемде кең таралған жазу екенін, Қазақ елінің болашағы тек осы жазуда екенін кириллицамен хат таныған аға буын өкілдеріне түсіндіріп айту біз сияқты жастардың тікелей міндетіне айналуы тиіс. «Көз – қорқақ, қол – батыр», бұл уақытша қиындықты да еңсереміз, «жел қайықша» өтерміз де кетерміз.

Несібелі Әлиева,

Әли Мүсілімұлы атындағы

№101 мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебинеті пәнінің мұғалімі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары