Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже
12.02.2018 11:58

Әр істің басы-қасында өзі жүретін Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне өткізілген брифингке қатыса алмады. Себебі, өздеріңіз білетіндей, ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Су тасқыны біршама жазық жатқан даламен қоса егістік алқабын да басып өткен. Арнайы құрылған бөгетті бес жерден бұзып, қауіп төндірген. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова айтты.

Сырдария ауданының Тереңөзек кенті мен Қалжан Ахун ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қалжан Ахун ауылының «Әсет» учаскесінің бойында «Аласиыр» каналының ұзындығы 1,3 шақырым жеріндегі бөгет бес жерден бұзылып кетті. Қалжан Ахун елді мекеніндегі «БАҚ» шаруа қожалығына қарасты егістік жер мен сол аумақтағы жазық дала суға шайылды. Жалпы, мұз құрсауының салдарынан су алған жердің көлемі – 7300 гектар. Дегенмен су Қалжан Ахун ауылдық округінен 5,5, ал Тереңөзек кентінен 8 шақырым қашықтықта жатыр. Сондықтан елді мекендердегі халыққа төніп тұрған қауіп жоқ. Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіруге байланысты каналдың бойында күні-түні жұмыс жүргізіліп жатыр. Істің басында аудан әкімінің өзі де жүр,- деді Б.Сұлтанбекқызы.

Аудан үшін егістік жерлердің көктемге дейін қалпына келтірілуі маңызды-ақ. Себебі негізгі шаруашылығы ауыл шаруашылығы болып есептелінетін аудан бір ғана 2017 жылдың өзінде 32573 гектар жерге дақылдар еккен. Оның негізгісі – күріш, 20819 гектар. Сонымен қатар өзге ауылдық округтерден кеш қалып, шаруашылығы дамымай келген Айдарлы ауылдық округінде де былтыр қызу тірлік басталып кеткен. Округтегі «Орда» шаруа қожалығы механикаландырылған өндірістік негізінде 100 гектарға «Торпедо» қауын тұқымын егіп, 1950 тонна өнім алған. Тіпті, Ресейге де жіберілген. Қауыннан бөлек 300 гектар жерге жүгері еккен шаруашылық 6000 центнер өнім алып қана қоймай, тұрғындарды еңбекке жұмылдырып, ауылды түлетуге ықпал етті.

2017 жылдың қорытындысымен ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрағанын айтқан Балшекер Өтегенова 2018 жылдың 1 қаңтарының өзінде 918 жаңа жұмыс орны ашылғанын хабарлады. Сонымен қатар ауыл бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту үшін қолға алынған жаппай кәсіпкерлікті дамытуда да бірқатар жұмыстар атқарылған. Нақтырақ айтсақ, 2017 жылы ауданда 2901 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, онда жұмыспен қамтылғандар саны 5780 адамды құраған. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуде үлес қосқандардың қатарында жеке кәсіпкерлер С.Кашириннің «Құс шаруашылығын дамыту», С.Есеналиеваның «Асхана ашу» жобаларымен бірге, Бесарық ауылындағы «Байшұбар» фермер қожалығы да бар. Сондай-ақ ауданда 28 мүмкіндігі шектеулі және бұрын сотты болған 11 азаматтың тұрақты жұмысқа орналасуы – халықтың осал топтарына деген қолдаудың бір көрінісі. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында ауданда қазіргі таңда еңбекке қабілетті азаматтардың тек 157-сі ғана жұмыссыз. Ал бұл көрсеткіш 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілуіне байланысты әлі де азаяды деп сендірді аудан әкімінің орынбасары.

Мұнан бөлек 10 жылдан бері өзекті мәселеге айналған Іңкәрдария елді мекенінің кіреберіс автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтсе, «Жаңадария» каналына көпір салынып, пайдалануға берілді. Ендігі меже – Тереңөзек кентін газдандыруға арналған станцияның құрылысы мен Жетікөл ауылдық округінің таза ауызсумен (қалған ауылдық округтер толық таза ауызсумен қамтамасыз етілген) қамтамасыз етілуі.

Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары