Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
«Сауда үздігі» республикалық байқауы Қызылорда облысында өтеді
13.02.2018 09:41

Қызылордалықтардың кәсіппен айналысуға деген ниеті жоғары. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов облыстық қоғамдық кеңестің алдында жасаған хабарламасында айтты.

«Кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен негізгі басымдықты іспен айналысқысы келетін азаматтарды оқытуға, біліктілігін көтеруге беріп келеді. Жыл өткен сайын аймақта саланы игеруде оқысам, білсем деген азаматтардың қатары еселеп артуда. Бүгінде Палата жанындағы «Бизнес кеңесші» курсына азаматтар жыл бұрын жазылып қоюды да бастады. Мәселен, өткен жылы аталмыш курс аясында оқыған азаматтар саны жоспарлаған межемізден екі есе артып, 1555-ді құрады. Биылғы жылы да облыс бойынша 800 азаматты «Бизнес кеңесшінің» аясында оқытамыз деп отырмыз. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін курсқа жазылушылардың қатары 1121-ді құрап отыр», - деген Ғалымбек Жақсылықов салаға қатысты өзге де жоспарларымен бөлісті.

Өңірдің кәсіпкерлік саласына тың серпін берген – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен қолға алынған «Бастау бизнес» жобасы аясында биыл 7 ауданнан 1600 адамды оқыту көзделуде.

«Сауда үздігі - 2017» республикалық байқауында қызылордалық кәсіпкерлер бірнеше номинациялар бойынша І орынды жеңіп алды.

Атап айтқанда:

- «Үздік бөлшек сауда кәсіпорны» номинациясы бойынша - «Браунис Қазақстан» ЖШС І орын;

- Үздік демалыс аймағы номинациясы бойынша – «Нұр-назар» ЖШС-нің «Арай» спорттық-сауықтыру кешені І орын,

- «Үздік көтерме сауда кәсіпорны» номинациясы бойынша -«Абзал және К» ТС І орынды еншіледі;

- «Жылдың үздік басшысы» номинациясының гран-приі - «Абзал және К» ТС-нің директоры Мұрат Сәрсенбаевқа берілді.

Нәтижесінде қызылордалықтардың байқау қорытындысымен І орынға ие болуына орай, ағымдағы жылы «Сауда үздігі» республикалық байқауы Қызылорда облысында өтетін болды. Байқауды өткізу тамыз айына жоспарланып отыр. Байқауды өткізу барысында жергілікті кәсіпкерлер үшін тиімді барлық шараларды ұйымдастыру қарастырылатын болады. Яғни, сауда айналымын дамыту, жобалар үшін инвесторлар мен серіктестер табу және т.б. бағыттар бойынша жұмыстар атқарылады.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары