Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

    ...
    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
Тасқынға тас түйін дайынбыз
14.02.2018 12:12

Күн жылыса мұз еріп, ернеуінен асатын Сырдария қазірден-ақ мінез көрсетіп жатыр. Қазалылықтардың былтыр тасқынға қарсы қауқарының қандай екендігін байқадық. Аталмыш өңірде 11 учаскелік қауіпті аймақ бар. Мұндағы мұздың қалыңдығы – 70 см. Ал аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «тас түйін дайынбыз» деп сендірді. Осы және өзге де мәселелер жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Ауданда маман тапшылығы жоқ. Алайда М.Нәлхожаұлы сапалы мамандарға зәруміз деп ашық айтты. Аудан басшысының сөзінше, жай ғана дипломы бар мамандардан гөрі, өз саласын жетік меңгерген кадрлардың керектігін жеткізді.

Өткен жылы ауданда өнеркәсіп кәсіпорындары 11 млрд 800 млн теңгенің өнімін өндірген. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 17 жоба іске қосылған. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 100 жоба қаржыландырылған. Десе де, кейбір елді мекендерде шаштараз, монша дегеніңіз атымен жоқ. Өңір басшысы осы олқылықтың орнын толтырамыз дейді. Ал «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автожолы бойынан 5 сервистік қызмет көрсету нысандары тұрғызылмақ. Тіпті, жергілікті тауар өндірушілерге өз өнімдерін қысы-жазы сату үшін арнайы жер телімі бөлініп, көтерме сауда қатарын салу жоспарланған.

Қазалыда «Алтын асық» бағдарламасының орындалу барысы тым баяу. Бұған облыс әкімі Қырымбек Көшебаев та ескерту берген. Есесіне, ауданда асыраушы салаға тартылған инвестиция көлемі – 189 млн теңге. Есепті кезеңде 10 млрд 200 млн теңгенің өнімі өндірілген. Былтыр жергілікті диқандар күріштің әр гектарынан 45 центнерден өнім алған. Сондай-ақ, 14538 тонна бақша өнімдері жиналып, іргелес Арал, Қармақшы аудандарына сатылса, Ресейге 552 тонна қауын-қарбыз экспортталған. Мал шаруашылығын дамыту үшін алдымен қолайлы орта қажет. Ауданда ауылшаруашылық мақсаттағы жер телімінің 30 пайызы ғана игеріліп отыр. Өңір басшысы бұл мақсаттағы жерлерді толық игеруге мүмкіндік мол екендігін айтты. Осы бағытта бірқатар шаралар атқарылып жатқан да көрінеді. Мәселен, өткен жылы облыс қазынасынан бөлінген 153 млн теңгеге аудандағы 89 ішкі шаруашылық каналы, 463 карталық су арықтары, 471 карталық су тастау (сброс) жүйелері құжаттандырылған. Ал ауылшаруашылық мақсаттағы жер телімін пайдаланбаған 28 жеке және заңды тұлғалардан 20 мың гектарға жуық жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.

Алдағы уақытта Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығы қосылмақ. Қазіргі таңда 5 жаңа қоныстану аймағы игерілу үстінде. Былтыр инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген 56 гектар жер телімі 200 адамға табысталған еді. Бүгінде аудан орталығынан 180 және 210 гектар жер учаскелеріне жол салу, электр желілерімен жабдықтау, ауызсумен қамту сынды жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Өздеріңізге мәлім, жақында «Әлсейіт» көпірінің құрылысы басталды. Оның жалпы сметалық құны – 2,7 млрд теңге. Биыл көпір құрылысын жалғастыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 700 млн теңге қаржы қаралған. Ел игілігі үшін іске асып жатқан жоба тамамдалған соң дарияның арғы бетіндегі 15 мыңнан аса тұрғын аудан орталығына тікелей қатынамақ.

Солтүстіктегі ауданда былтыр ана өлімі тіркелмеген. Жаңадан ашылған орталық ауруханаға ангиограф медициналық аппараты алынбақ. Бұл қондырғы жедел әрі сапалы ота жасауға септігін тигізеді. Ал онкологиялық аурулар 39,9 пайызға төмендеген.

Қозы Көрпеш  Жасаралұлы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары