Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР «ОРДА» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БАСПАНА АЛА АЛАДЫ
14.02.2018 14:28

Қызылорда облысында  бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» әзірленді.Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

«Біз өңір тұрғындарының әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойдық. Сол үшін 2017 жылы 3 жылға есептелген «Орда» тұрғын үй құрылысының «жол картасын» әзірледік.  Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған топтарының барлығына бірдей  қолжетімді еместігін ескеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен  2 млрд.теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылдадық»,- деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, кейін өз атына  өтеу құқығымен алғашқы төлемсіз ай сайынғы жалға алу құны шартымен тұрғын үйді жергілікті атқарушы органдардың  тізіміндегілер, мысалы, көп балалы және толық емес отбасылар,мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1, 2 топ мүгедектері, оралмандар және т.б. ала алады.

«Мысал үшін, осылайша, енді, көпбалалы отбасы екібөлмелі пәтерді ай сайын 42 мың теңге, ал, үшбөлмелі пәтерді 52 мың теңге төлей отырып, ала алады. Нақтылап айтсақ, басқа бағдарламаларда қаралған 30%-дық алғашқы төлемсіз!Айта кету керек, біздің бұл тәжірибеміз басқа облыстарға да іске асыруға ұсынылып отыр»,- деп атап өтті облыс әкімі.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары