Өзекті мәселелер

  • 10.01.19

    Өткен жылы облыс про­куроры Х.Дәуешов бірқатар БАҚ өкілдерінің басын қосып, галстуксыз кездесу өткізген болатын. Қашанда қара халықтың қамы үшін тер төгетін тілшілер қауымын шақыра отырып, ел-жұрттың көкейіндегі маңызды деген мәселелерді ортаға салуымызды сұраған-ды. Басқасы басқа, білдей қадағалау органы басшысының бұқараның жайын ойлағаны, әрине, қуантқан болатын. Бар білгенімізді «мынадай мә...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тоқсаныншы  жылдары балалардың ермегі еміс-еміс есімізде қа­лыпты. Шыбықты ат қып міндік, сымнан машина жасадық, асық ойнадық. Асылында, қаланың қайнаған тірлігінен алыс жатқан ауыл балалары алдан­ыштарын ойдан тауы­п жататын. «Ғұлы-ғұлы» дегеніңіз есіңізде шығар? Ләңгі ше? Сол жылдары ата-аналар қара сирақ жүгірмектерін үйге шақыра алмай әлек болатын.

    ...
    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Ділмұхамед  АБЫЗОВ,

    «Dalatex»  ЖШС-нің  директоры:

    ТМД  елдерінің ішінде жеңіл өнеркәсібі артта қалған ел болса, ол – Қазақстан. Себебі бізде отандық өнімдер аз. Бар болған күннің өзінде бағасы қымбат. Оның басты себебі барлық шикізатымызды сыртқа экспорттап, қайта қымбат бағамен сатып...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысы жерлесіміз Ермекбек Пазлиевті ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтады. Батыр ұл Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы  №2 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі  болып  жұмыс  істейді. Қызыл жалынға қарсы күресіп, адам  ...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    “Қыз пен жігіттің арасында достық бола ма?” деген сауал ортаға тасталған ретте, “болады” деп бой бермей, мыңдап мысал келтіруге бар достарыңыз табылатын шығар. Расында, дәл осы сауал түрлі отырыс­тарда даулы мәселеге айналып, көптеген адамдарды мазалағаны­ анық. Сіздің ойыңызша, сөйлесу кезінде бір-біріне көңілі ауып, сезімі пайда бола бастаған адамдар дос болуы мүмкін бе? Немесе махабб...

    Толығырақ...
БИЫЛ СЫРДАРИЯНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МӨЛТЕК АУДАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
14.02.2018 14:29

Жыл соңына дейін Сырдарияның сол жағалауындағы алғашқы мөлтек аудан ашылады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.

«Қазіргі кезде мұнда 320 орындық балабақша, «Болашақ» университетінің кампусы мен жастар ресурстық орталығының құрылысы жүріп жатыр, неке қию сарайы салынады. Ең бастысы, 2017 жылы алғашқы 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастадық. Сол жағалаудағы бірінші мөлтек ауданды биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз»,- деп мәлімдеді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, қазір жаңа қалада Рухани жаңғыру орталығының құрылысы жүріп жатыр. Нысан 1925 жылы ұлтымызға қазақ атауы берілген тарихи шешім қабылданған Қазақ атқару комитеті ғимаратының сызбасы негізінде бой көтереді.

Бүгін, 2018 жылдың 14 ақпанында Н. Бекежанов атындағы театрда Қырымбек Көшербаевтың халықпен есепті кездесуі өтіп жатыр. Аймақ басшысының есепті жиынына ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілі Н. Тлешов, Премьер-Министр кеңсесінің өкілі С. Кизат, Ішкі істер министрі Қ. Қасымов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғ.Абдрахимов, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, өңірдегі 264 елді мекен тұрғындары, саяси  партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес, еңбек ұжымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

Есепті кездесудің тікелей трансляциясы «Facebook» және «Youtube» желілеріндегі «Қызылорда облысының әкімдігі» ресми парақшалары арқылы көрсетіліп жатыр.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары