Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
СЫР ӨҢІРІНДЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕЙТІН ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ МЕН «SMART CITY» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
14.02.2018 14:31

Қызылордада қытайлық инвесторлар күн және су электр стансаларының құрылысын бастап, «Smart city» жобасын жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті жиын кезінде мәлімдеді.

«Қазір біз Қытайдың CNEEC мемлекеттік инженерлік құрылыс компаниясымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Компания әлемнің 70 мемлекетінде жылу, жел және су электр стансаларын, қоқыс өңдейтін зауыттар салған. Біздің өңір – күннің белсенділігі жоғары аймақ, әсіресе жаз мезгілінде, бұл қуаттылығы жоғары күн электр стансасын салуға негіз болады.  Сырдария өзенінде «Ақлақ» су тоспасы бар, сол жаққа қуаттылығы 20-25 мегаваттық су электр стансасын орнатуға болады»,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақта қалдықтарды өртеу және электр энергиясының белгілі мөлшерін шығаруды көздейтін екі міндетке негізделген қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар біз «Smart city" (ақылды қала) жобасын жүзеге асыру үшін әлемге танымал «Huawei» компаниясымен өзара әріптестік туралы меморандум жасастық.  Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізіндегі алғашқы жобаларды биыл іске асырамыз, оның ішінде дарияның сол жағалауындағы жобалар бар. Бұл жобалар біз үшін аса маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстар Елбасының жаңа Жолдауында айқындалды, сондықтан бұл бастамалар оны жүзеге асырудағы нақты шаралар!», - деп атап өтті аймақ басшысы.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары