Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
5 ЖЫЛДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 200 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН БОЙ КӨТЕРДІ
14.02.2018 14:31

Сонымен қатар 2013 жылға дейін «сақалды құрылыс» саналған 34 ірі әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.

«Соңғы 5 жылда әлеуметтік саланың 200 нысаны пайдалануға берілді, бұл денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет нысандары. Біз 2013 жылдың басына дейін күрмеуі шешілмеген проблема саналған миллиардтаған қаржының сақалды құрылысын, 34 әлеуметтік нысанды салып бітірдік», - деп мәлімдеді аймақ басшысы.

Сонымен қатар аймақта үш ауысымды білім беру мәселесі мерзімінен бұрын орындалды, апатты мектептер проблемасы шешілді. Жуырда жерасты суының көтерілуіне байланысты № 34 мектеп те апатты деп танылды. Әкімдік жаңа мектеп ғимаратының құрылысын жыл соңына дейін салуды жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, аймақта 5 жыл ішінде 45 мектеп, оның 37-сі апатты нысандардың орнына салынды.

«2015 жылы біз 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтып, республикада алғаш болып «Балапан» бағдарламасын толық жүзеге асырдық. Аймақтағы балабақшалардың 71% мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жұмыс істейді. 5 жылда олардың қатары 2 есеге артты», - деп хабарлады облыс әкімі Қ. Көшербаев.

Айта кетейік, қазіргі таңда аймақта мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында кәсіптік-техникалық білім беру, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымы, дарияның сол жағалауын игеру салалары бойынша 60 жоба жүзеге асып жатыр.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары