Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
14.02.2018 20:00

Бүгін, 2018 жылдың 14 ақпан күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі болып өтті.

Аймақ басшысы тек 2017 жылы ғана емес, сонымен бірге, соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, 2018 жылға жоспарлар туралы айтты.

Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілі Н.Тілешов, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілі С.Қизат, ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов және «Нұр Отан» партиясының хатшысы Г.Әбдірахымов, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аймақтағы 264 елді мекен тұрғындарының өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес, сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, сондай-ақ, бейне мәжіліс байланысы арқылы облыстың барлық 7 ауданы қосылды.

Аймақ басшысы кездесудің ашылуында: «Бүгін біз 2017 жылы атқарылған жұмысқа баға береміз. Бұл - менің аймақтың басшысы ретінде өткізіп отырған бесінші есеп беру кездесуім. Біз жыл сайын атқарылған жұмыстарды талқылаймыз. Облыс әкімінің жұмыс жоспарын бұқаралық ақпарат құралдары бетінде жариялаймыз. 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарының негізгі басымдықтары мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту және халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық орнату және әлеуметтік қорғау, адами әлеуеттің дамуы, бағалардың алып-сатарлық жолмен өсуін болдырмау, экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелері болды»,- деді.

Облыс әкімінің айтуынша, 2013 жылдан бастап аймақта индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыру басталған, бұл тапсырманы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қойған болатын.

«Біз үшін бұл әрі қарай дамудың бірден-бір жолы, себебі, өнеркәсіп өндірісінің 70 пайызға жуық бөлігін мұнай мен уран өндірісі алып отырса, ал, жеке мұнай ұңғымаларының бүгінде 98 пайызы суланып кеткен. Аймақ экономикасындағы құрылымдық өзгерістердің арқасында ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты көлем индексі бойынша 100 пайыздық деңгейге сенімді шығатын боламыз. Сондықтан бес жылда атқарылған жұмыстар нәтижесінде мұнай және уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық деп айта аламыз",- деді Қырымбек Көшербаев.

Сонымен бірге, өңірлік экономиканы қалыптастырудың басымдығы – жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Осыған байланысты әкімдік мәслихатпен бірлесе отырып, «Нұр Отан» партиясы филиалымен және Қоғамдық кеңестің қатысуымен 2018 жылы жаппай кәсіпкерлік жылын жариялау туралы шешім қабылдады.

Агробизнес саласында 5 жыл ішінде инвестициялар 23 есеге дейін өсті, бұл ауыл шаруашылығында өндірістің өсуіне оң әсерін тигізді, мысалы, 2017 жылы 4,1%. Бұдан басқа, өткен жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 37 пайызға, оның ішінде күріш экспорты 39 пайызға, көкөніс 3,5 есеге, көкөністер 2 есе артты.

Аймақта 2020 жылға дейінгі Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Агрокартасы әзірленді. Олар 2 негізгі міндетті шешуге бағытталған: ішкі нарықты толықтыру үшін жылдам дамуды қажет ететін агроөнеркәсіптік кешенінің секторларын дамыту және де экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту мен 2020 жылға дейін Иран арқылы Парсы шығанағына, Орталық Азия және Еуропа елдеріне экспортқа шығарылатын өнімдерді шығаруды кеңейту, ауылшаруашлығы өнімінің жалпы көлемін 2,4 есеге, ал, оның экспортын 5 еседен астамға ұлғайту жоспарлануда.

Соңғы 5 жылда облыста 2 млн. шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Егер 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, қазір бұл көрсеткіш 600 мың шаршы метрден асады. Мысалы, соңғы жылдары облыс орталығында 14 жаңа шағын аудан бой көтерді. Сонымен қатар, 2017 жылы апатты тұрғын үй мәселесі толығымен шешілді. 2017 жылы апатты жағдайдағы тұрғын үйдің 309 отбасысы жаңа баспанаға ие болды.

Облыстың әлеуметтік осал топтарына қолжетімді баспананы қамтамасыз ету мақсатында «Орда» тұрғын үй құрылысы бойынша Жол картасы әзірленді.

Соңғы 5 жылда облыста 200 әлеуметтік нысан іске қосылды, 2013 жылы басталған 34 ірі әлеуметтік нысанның ұзақ мерзімді құрылысы аяқталды.

Білім саласында соңғы 5 жылда 45 жаңа мектеп салынды, оның 37-і апатты жағдайдағы нысандар.

Жалағаш ауданындағы жер асты суларының деңгейінің артуына байланысты апатты деп танылған № 34 мектептен өзге, облыста апатты жағдайдағы білім нысандарының мәселелері шешілген. Әкімдік ағымдағы жылы осы объектінің проблемасын шешетін болады.

Аймақ басшысы 2017 жылғы мектеп бітірушілердің 97%-ы жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарына түсіп, республикада ең жоғары көрсеткіш көрсеткенімізді және бұның діни экстремистер және қылмыстық топтардың жетегінде кететін маргинал жастардың санының азаюына септігін тигізетінін атап өтті.

Денсаулық сақтау саласында 5 жылда 57 нысан салынды, оның 49-ы апатты жағдайда болатын. Қалған 8-ін алдағы екі жылда аяқтау жоспарлануда. 2017 жылы шалғайдағы ауылдарда 11 медициналық пункт іске қосылса, ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласы нысандарымен жабдықтауды 90 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 2015 жылы бұл көрсеткіш 43% көрсетсе, 2017 жылы 76,5%-ға жетті.

Соңғы 5 жылда мәдениет саласының бюджеті 2 есеге артты. 2013 жылы облыста мәдени мұра бойынша ғылыми-әдістемелік кеңес құрылды. Кеңестің 2017 жылы атқарған жұмыстарының ішінде маңыздысы - ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне Қорқыт Ата мәдени мұрасының және облыстың 9 мәдени-тарихи ескерткіштерінің қосылуы.

Байқоңырды дамыту мақсатында Қазақстан мен Ресейдің арасында қаланы ұзақ мерзімді дамытудың бірлескен бағдарламасы жасалды, оның шеңберінде қаланың тіршілік ету орталықтарының жай-күйін жақсарту және тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары басталды. Одан бөлек, келіссөздердің нәтижесінде 2017 жылы Ресей Федерациясының жалдауынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 11,6 мың гектар жер қайтарылып алынды. Қазір Ресей тарапымен жалдаудан 3,4 мың гектар жерді алуға келіссөздер жүргізудеміз.

Байқоңыр қаласын газдандыру, 5 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы, ауыз сумен жабдықтау және жалпы су жүйесін жаңғырту жұмыстары басталды.

Сөз соңында Қырымбек Көшербаев, «Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында барлық салаларда озық ақпараттық-технологияларды қарқынды түрде енгізу міндетін қойған болатын»,- деп атап өтті.

«Бүгінде мемлекеттің де, бизнестің де барлық ресурстары дамудың стратегиялық мақсаттарына жетелеуі қажет. Қызылорда облысы «Қазақстанның ауқымды дамуына», өзінің барлық табиғи және адами ресурстарымен елдің экономикалық дамуы мен халықтың өмір сапасының артуына да атсалысуы керек», - деді облыс әкімі.

Кездесуге қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарға жауап алып, әртүрлі сала бойынша ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар, сауалдарын облыс әкіміне онлайн режимде жолдап, тиісті жауап алды.

Айтқандай, облыс әкіміне сұрақтарды ресімдеу 400-100 және www.400-100.kz сайттарында да жүргізілді, сонымен бірге, сұрақтар аймақтағы барлық елді мекендерде қойылған арнайы ұйымдастырлыған жәшіктер арқылы жинақталды.

Есеп беру кездесуі тікелей эфир арқылы «Қызылорда облысының әкімдігі» мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында және «facebook», «www.youtube.com» әлеуметтік желілері арқылы жүзеге асырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары