Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
ӨМІРДЕГІ БАСТЫ ҚАҒИДАМЫЗ – ЕЛДІ СҮЮ
15.02.2018 10:04

Бауыржан  МҰХАНОВ:

Жақында Украинаның Одесса қаласында киокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Айбек Шаукилов ел намысын қорғап, әлем чемпионы атанды. Бізге жеңімпаз спортшының бапкері Бауыржан Мұхановпен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Бауыржан Ораз­бекұлы, әңгімемізді жақында жүлдемен оралған әлем  чемпионатынан  бас­тасақ...­

– Жарыс Украина мемлекетінің Одесса қаласында өтті. Каратэнің киокушинкай түрі бойынша өткен әлем чемпионаты жастар, жасөсп­ірімдер, ерлер, әйелдер арасында ұйымдастырылды. Әлемнің 21 елі қатысқан чемпионатта Қазақстан ұлттық құрамасынан 21 спортшы бақ сынады. Ел қоржы­нына 12 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль салып­, үлкен олжамен оралдық. Бұл додадағы рекордтық көрсеткіш деп атауға болады.

Сыр бойынан ұлттық құрама сапында Айбек Шаукилов сынға түсті. Ол – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөс­пірімдер мектебінің тәрбиелену­шісі. Айта кететін жайт, бұл Айбекті­ң алғашқы әлем чемпионаты еді. Соған қарамастан алдына­ үлкен мақсат қойып, жүйелі дайындық жасаудың арқасы­нда әлем чемпионы деген атаққа ие болды. Жарыс кезеңінде 16-17 жас аралығында 55 келіге­ дейін салмақ дәрежесінде бақ сына­ды. Өз салмағында 12 қарсыласын төрт айналымда айқын басым­дықпен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Шәкіртім бұған дейін де көптеген республикалық жарыстарда жеңіске жеткен спортшы. 2017 жылдың мамыр айында Францияның Лион қаласында Еуропа чемпионатына қатысты. Спортпен айналысқанына сегіз жылдай уақыт болса да, көптеген биіктерді бағындырды. Ұлттық құрамаға Алматы қаласында өткен Қазақстан  чемпионатынан кейін  іріктеп  алынды.

– Қазақстанда каратэ кең таралғ­анымен,  киокушинкай  турал­ы  түсінік  әлі  шала. Осы спорт түріне  кеңінен  тоқталсаңыз.

– Киокушинкай каратэ алдыме­н бұқаралық спорт түріне жатады­. Негізінен каратэнің көптеген түрлері бар. Каратэ-до, гудзюру секілді түрлерге бөлінеді. Киокушинкайдың да шығу тари­хы­н осы спорт түрлерінен тарату­ға болады. Алайда бұл спорт түрі басқа каратэ түрлеріне қарағанда қатыгездеу, қатаңдау деген түсі­нік бар. Себебі, шынтақ, тіземен соққы жасауға рұқсат етіледі. Масутацу Оямо деген шебер 50-жылдары негізін қалады. Ал, Қазақстанға 90-жылдары тарала бастады. Александр Медведев осы каратэні елде орнықтырды. Киокушинкайдан 1999 жылы Қазақстан алғаш әлем чемпионатына қатысты. Қазір бұл спорт түрінен облыстан бөлек ауыл, аудандарда көптеген үйірмелер  жұмыс  істейді.

– Өзіңіздің  киокушинкай каратэм­ен айналысқаныңызға қанша жыл болды?­ Ұстаздарыңыз  кімдер  еді?

– Менің киокушинкай каратэмен айналысқаныма 20 жылдай болып қалды. Осы уақыт ішінде Қазақстан чемпионы, Орталық Азия республикасының жеңім­пазы атандым. Алғашқы ұстаз­дарымның бірі Ким Александр Борис­ович болды. Біраз уақыт сол кісіден жаттықтым. Сосын Ақмола­ облысында Әлімжан Қайратұлы есімді ұстазымнан тәлім алып, қоңыр  белбеу  қорғадым.

– Сыр  өңіріне  келгеніңізге қанша  жыл  болды?

– Спорттың бұл түрін Сыр өңірінде 2008 жылдан бастап дамытып келеміз. Алғашқы жылдары қаржылай қиындықтар болды. Әрі бұл спорт түрі бастапқыда халы­ққа етене таныс емес еді. 2010 жылдан бастап жаңа тыныс ашылды деуге болады. Заңды түрде сол жылы тіркеліп, жұмысымыз жандана бастады. Қатысуға ниет таныт­қан жастардың саны артты. Соңғы жылдары көптеген тұлғалардан қолдауға ие болдық.біздің осындай жоғары нәтижеге жетуі­мізге көп көмек көрсеткен аға буын өкілдеріне алғыс білдір­гім келеді. Жаттығу орыны табылмай, сенделген шақта осы спорт мектебіне келген едік. Алғашқыда бос орын болмаған себепті біраз абдырадық. Алайда спорт мекте­бінің  директоры өзінің жеке каби­нетін  босатып, сол орынға жаттығу залын жабдықтауды ұсынды. Біздің жеңіске жетуімізге бірден-бір себепші болған, қолдаушы ретін­де спорт мектебінің басшысына шексіз ризамыз. Сонымен бірге Қызылорда облысының дене шынықт­ыру және спорт басқар­масына үлкен алғысымызды біл­діреміз. Осындай қолдаудың ар­қасында жетістікке жетіп келеміз.

– Айбектен  басқа  қандай шәкірт­теріңіз   бар?

– Өзім жаттықтыратын 3 тобым бар. 7 жастан 18 жасқа дейінгі аралықтағы балалардың саны қазір 70-ке жетеді. Ал облыс бойынша киокушинкай бойынша 300-ге жуық жас тәрбиеленуде. Айбектен басқа Жұмабек Нұрбақыт есімді шәкіртім бар, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Серікбай Ислам, Мейрамбек Мадиев, Жалғас Анарбаев есімді Қазақстан чемпионаттарында, халықаралық турнирлерде жүлделі орыннан көрініп жүрген жас спортшыларды да атап өткен жөн. Ал бұрын қатысқан шәкірттерімнен Әсет Оспанов көптеген жарыстарда топ жарған. Қазір ішкі істер саласын­да еңбек етеді. Нұрбол Бекішов­ деген шәкіртім бүгінде ұлттық қауіпсіздік қызметінде істейді. Рауан Мыңбаев – «Хабар 24» арнасының жүргізушісі. Үсен Төлегенов, Гүлнар Ермағанбе­това сынды көптеген шәкірттерім болды. Айта берсек көп.

– Спортшыға дене дайынды­ғынан бөлек психологиялық дайын­дық та керек­ екені белгілі. Осы орайда киокушинкай кара­тэде спортшыға қойылатын ішкі қағидалар, ережелер  бар  ма?

– Әрине, бар. Жарыстарда психологиялық дайындық үшін арнайы айтылатын сөзіміз бар. Ұран іспетті. Жарыстан бөлек өмірде қойылатын басты қағи­дамыз – елді сүю. Содан кейін тәртіпке бағыну, өтірік айтпау. Осы қағидалардың сақталуын баса  назарға  аламыз.

– Алдағы  жоспарыңызбен  бөліс­сеңіз.

– Алға қойған жоспарымыз көп. Соның бірі – маусым айында­ Астана қаласында өтетін Азия чемпионаты. Ұлттық құрама сапын­да Айбек те бақ сынайтын болады. Сол додада жеңіс тұғырынан көрініп, Азия чемпионы атансақ деген мақсатымыз бар. Қазір осы орайда үлкен дайындық үстіндеміз. Сонымен бірге Айбек биыл мектеп бітіреді. Денеш­ынықтыру мамандығын таңдап отыр. Жаттықтырушы болсам деген ойы бар. Мамандық  бойынша  грантқа түссе деген­ тілектеміз. Ал, қалғаны уақыт­тың  еншісінде.

– Сіз  үшін  жеңіске  бастайтын спортшының бойындағы үш қасиет­  қандай?

– Алдымен әр спортшы өзіне-өзі сене білу керек. Бұл – жеңіске бастайтын алғашқы қадам. Содан кейін тек алға ғана ұмтылуы керек. Онсыз жақсы көрсеткіш көрсету мүмкін емес деп ойлаймын. Соңғысы – тұрақты жаттығу. Мұның барлығы – жеңістің кілті. Осы үш қасиет бойында болған адам әрқашан биікте болады. «Чем­пион болу – оңай, ал ол көрсет­кішті  ұстап  тұру – қиын» екенін естен  шығармау  керек.

– Әңгімеңізге  рақмет! Жеңісті  күндеріңіз  көп  болсын!

Сұхбаттасқан

Ерсін   ШАМШАДИН,

Қорқыт  ата  атындағы

ҚМУ-дың  4-курс  студенті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары